Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и о повышении базовых ставок земельного налога района Тереңкөл Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 шешіміне 1-қосымша 1 елді мекеннің жерлері 2 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері (жайылымдар, шабындықтар, егістік) 3 ерекше қорғалатын табиғи аумағының жерлері
Басқа 6
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 шешіміне 2-қосымша Жердің орналасу аймақтары Арттыру пайызы Тереңкөл ауылдық округі 1 50% Байқоныс ауылдық округі 1 50% Песчан ауылдық округі 1 50% Береговое ауылдық округі 1 50% Жаңабет ауылдық округі 1 50% Октябрь ауылдық округі 1 40% Ивановка ауылдық округі 1 40% Калиновка ауылдық округі 1 40% Томарлы ауылдық округі 1 40% Алтай ауылдық округі 1 40% Әулиеағаш ауылдық округі 1 30% Жаңақұрылыс ауылдық округі 1 30%