Об утверждении Положения о районной комиссии по оказанию социальной помощи, оказываемой в денежном или натуральном выражении за счет средств бюджета района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бюджеті қаражатының есебінен заттай түрдегі немесе ақшалай берілетін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия туралы Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 17.09.2004 № 107 қаулысымен. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан қаражаты есебінен заттай түрдегі немесе ақшалай берілетін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Комиссия құрамы мен атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия турасындағы Ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 1 қарашадағы № 260 Жітіқара ауданы әкімінің шешімі күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Аудан қаражаты есебінен заттай түрдегі немесе ақшалай берілетін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімиятының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша Аудан қаражаты есебінен заттай түрдегі немесе ақшалай берілетін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже аудан қаражаты есебінен заттай түрдегі немесе ақшалай берілетін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия жұмысының ұйымдастыру және іске асыру ережелерiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi аудандық комиссия (әрi қарай комиссия) әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi азаматтардың өтiнiштерiн нақтырақ қарауға, атаулылығын арттыруға, қаржының ең қажеттi адамдарға бағытталуына көмек көрсетуiне жәрдемдеседi.
Тармақ 2
2. Комиссия құрамы аудандық мәслихат шешiмiмен бекiтiледi. Комиссия құрамына әкiм аппаратының, аудандық мәслихаттың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдардың өкiлдерің мен құқық қорғау органдарының жұмыскерлері енгiзiлуi мүмкiн. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құруы керек.
Тармақ 3
3. Комиссия жұмысына комиссия жұмысын жүзеге асырушы және ол жұмысқа жауап беретiн төраға басшылық етедi. Төраға жоқ кезде оның мiндетiн оның орынбасары атқарады.
Тармақ 4
4. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбiн белгiлейдi, отырыс хаттамасын ресiмдейдi, қаралған өтiнiштердiң қорытындысы туралы өтiнiш берушiлердi хабардар етедi.
Тармақ 5
5. Егер Комиссияға қатысушы мүшелер 2/3 кем болмаса, онда Комиссия отырысы заңды деп есептеледi.
Тармақ 6
6. Комиссия шешiмi ашық дауыспен қабылданады және де егер Комиссияға қатысқан мүшелерден осы шешiм үшiн көп дауыс берiлсе, шешiм қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы 10 күн iшiнде 1 реттен артық емес өткiзiледi.
Тармақ 8
8. Комиссия өз жұмысында қазiргi заңдарды, аудан әкiмiнiң шешiмдерiн, аудандық мәслихат шешiмдерiн, әкiмият қаулыларын басшылыққа алады, өз қызметiн осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi функциялары мен құқығы
2. Комиссияның негiзгi функциялары мен құқығы
Тармақ 9
9. Комиссия төмендегi функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Азаматтардың аудан қаражаты есебінен берілетін әлеуметтiк көмек, басқа әлеуметтiк көмектер көрсету жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды және оларды тағайындау (немесе қабыл алмау) туралы шешiм қабылдайды;
Тармақ 10
10. Комиссияның:
Тармақша 1
1) қажеттiлiгiне қарай әлеуметтiк көмек алуға үмiткерлердiң материалдық жағдайын тексеруде, олардың келiсiм берулерiне қарай тұрған орындарына барып тексеру жүргiзудi жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) қажеттiлiгiне қарай өтiнiш берушi тапсырған отбасы табысы туралы мәлiметтiң растығына тиiстi органдарға сұрау салуға;
Тармақша 3
3) тиiстi бюджеттегi осы мақсатқа бөлiнген қаржы шегiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiмдi қабыл алмауға, өзгертуге немесе тағайындауға шешiм қабылдауға құқығы бар.
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берушi мен оның отбасының материалдық жағдайын тексеру өтiнiш берушiнің немесе отбасының кәмелетке толған мүшесiнiң қатысу кезiнде жүргiзiледi. Бұл жағдайда төмендегiлерге назар аударылады: отбасы құрамы; еңбекке жарамды жастағы жұмыс iстемейтiн отбасы мүшелерiнiң саны; отбасындағы кәмелетке толмаған балалар мен күтiмдi қажет етушiлер (мүгедектер, мүгедек балалар, 80 жастан асқандар); жұмыссыздығы жайлы өтiнiш берушiнiң нақты кiрiсi (отбасы мүшелерiнен, көршілерден сұрау арқылы); пайдалануға жарамды қосалқы шаруашылығы, бақшасы, саяжайы, көлiгi жайлы мәлiметтер; қолда бар затының қанша екендiгi (жер пайы).
Тармақ 12
12. Өтiнiш бiлдiрушi мен оның отбасының материалдық жағдайын тексерудi Комиссия өкiлдерi олардың ар-намысына тиiспей, жеке бастарын сыйлау жағдайында жүргiзедi. Комиссия мүшелерi азаматтардың жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. Комиссия Өкiлдерi жүргiзiлген тексеру қорытындысы бойынша өтiнiш берушi отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру актiсiн жасайды. Өтiнiш берушi тексеру жүргiзуге келiспеген жағдайда, Комиссия әлеуметтiк көмек тағайындаудан немесе бөлуден бас тартатын шешiм қабылдауға құқығы бар.
Тармақ 13
13. Комиссия арыз берушiнiң өтiнiшi мен оған қоса ұсынылған құжаттарды тiркеуге алған 10 күн iшiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды. Әлеуметтiк көмек тағайындаудан дәлелдi түрде бас тартылған жағдайда, Комиссия бұл жөнiнде шешiм қабылданған 10 күн iшiнде ауызша немесе жазбаша түрде өтiнiш берушiге хабар бередi.
Тармақ 14
14. Комиссия шешiмiне заңда қарастырылғандай тәртiпте шағым арыз берiлуi мүмкiн.