О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 19.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2020 143019_462050.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006308
- ЭКБ идентификаторы
- 143019
- Редакция идентификаторы
- 143019_462050
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:27
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайдың орналастырылуын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 357 қаулысы (2015 жылғы 26 қазанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3412 болып тіркелді);
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайдың орналастырылуын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қазандағы № 374 қаулысы (2016 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 болып тіркелді);