Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения города Шымкент Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбекке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шымкент қаласының балық шаруашылық су айдындарының тiзбесi
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы «18» мамыры № 293 қаулысына қосымша Шымкент қаласының балық шаруашылық су айдындарының тiзбесi № Су айдындарының атауы Орналасқан жері 1 Тоғыс су қоймасы Шымкент қаласы, Айнатас ауылы 2 Бадам су қоймасы Шымкент қаласы, Маятас ауылы 3 Текесу су қоймасы Шымкент қаласы, Текесу ауылы 4 Ақжар су қоймасы Шымкент қаласы, Ақтас ауылы