Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов Күшін жойған
Басқа 0
Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша), барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Әкімдіктің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2015 жылғы 23 ақпандағы № 52 (2015 жылғы 12 наурызда «Айна» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5408 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Әкімдіктің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 52 «Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 106 (2018 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7752 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар
Әкімдіктің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 119 қаулысына
қосымша
Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар
Тармақ 1
1. Қарабалық кенті: Космонавтов көшесіндегі Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарабалық аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта, Заводская көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта, Нечипуренко көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта, Гоголь көшесіндегі Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қазақстан агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақта, Чехова көшесіндегі Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарабалық аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 2
2. Веренка ауылы: Просвещения көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Веренка бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 3
3. Гуряновское ауылы: Центральная көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Гурьянов бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 4
4. Ворошиловка ауылы: Мектеп көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Веселокут бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 5
5. Елшан ауылы: Школьная көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Елшан бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 6
6. Котлованное ауылы: Целинная көшесіндегі № 9 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 7
7. Сарыкөл ауылы: Мектеп көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сарыкөл негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 8
8. Целинное ауылы: Орталық көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Целинный бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 9
9. Надеждинка ауылы: Первомайская көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Надеждинка негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 10
10. Тоғызақ ауылы: Степная көшесіндегі Тоғызақ ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 11
11. Белоглинка ауылы: Мектеп көшесіндегі Белоглин ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 12
12. Научный ауылы: Темирязева көшесіндегі Научный ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 13
13. Святославка ауылы: Ш. Уәлиханов көшесіндегі Святослав ауылдық клубы ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 14
14. Станционное ауылы: Гагарин көшесіндегі Станционный ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта, Орталық көшесіндегі № 1 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 15
15. Приуральское ауылы: Дорожная көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 16
16. Фадеевка ауылы: Зеленая көшесіндегі № 3 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 17
17. Шадықсай ауылы: Школьная көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шадықсай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 18
18. Подгородка ауылы: Верхняя көшесіндегі № 10 үйдің жанындағы тақта, Железнодорожная көшесіндегі № 29 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 19
19. Новотроицкое ауылы: Мошкова көшесіндегі Новотроицк ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 20
20. Аққұдық ауылы: М. Сералина көшесіндегі № 6 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 21
21. Мағнай ауылы: Железнодорожная көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Примагнай бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта, Единства көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта, Студенческая көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 22
22. Жаңаауыл ауылы: Жастар көшесіндегі № 3 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 23
23. Победа ауылы: Бәйтерек көшесіндегі Победа ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 24
24. Боскөл ауылы: Советская көшесіндегі Бозкөл ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 25
25. Талапкер ауылы: Центральная көшесіндегі № 11 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 26
26. Саманы ауылы: Набережная көшесіндегі № 6 үйдің жанындағы тақта
Тармақ 27
27. Михайловка ауылы: Жеңіс алаңындағы «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Михайлов орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 28
28. Лесное ауылы: Мектеп көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Лесной бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 29
29. Светлое ауылы: Мектеп көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 30
30. Терентьевка ауылы: Т. Машенского көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Терентьевка бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 31
31. Приречное ауылы: Мира алаңындағы «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Приречный негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 32
32. Қарақопа ауылы: Желтоқсан көшесіндегі № 1 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 33
33. Первомайское ауылы: М. Сералина көшесіндегі № 10 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 34
34. Өрнек ауылы: М. Сералина көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өрнек бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 35
35. Лесное ауылы: Жастар көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Есенкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 36
36. Қособа ауылы: Школьная көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қособа бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 37
37. Қарашакөл ауылы: Набережная көшесіндегі № 1 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 38
38. Славенка ауылы: Лесная көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Славян негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 39
39. Октябрское ауылы: Степная көшесіндегі № 7 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 40
40. Бөрлі ауылы: Школьная көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бөрлі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 41
41. Тастыөзек ауылы: Абай көшесіндегі № 18 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 42
42. Смирновка ауылы: Бейбітшілік көшесіндегі Смирнов ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанындағы тақта, Школьная көшесіндегі № 15 үйдің жанындағы тақта.
Тармақ 43
43. Рыбкино ауылы: Алтынсарин көшесіндегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Рыбкин бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
Тармақ 44
44. Батмановка ауылы: Озерная көшесіндегі № 3 үйдің жанындағы тақта.