Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Казникель» для проведения разведки полезных ископаемых и геологического изучения на территории Жетижарского сельского округа в районе месторождения «Горностаевское»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Казникель» для проведения разведки полезных ископаемых и геологического изучения на территории Жетижарского сельского округа в районе месторождения «Горностаевское»
- Атауы (қаз.)
- «Казникель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді жүргізу үшін Жетіжар ауылдық округінің аумағындағы «Горностаевское» кен орынында қауымдық сервитут орнату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 20.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2020 143087_462589.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VG007105
- ЭКБ идентификаторы
- 143087
- Редакция идентификаторы
- 143087_462589
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:26
0 «Казникель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді
жүргізу үшін Жетіжар ауылдық округінің аумағындағы
«Горностаевское» кен орынында
қауымдық сервитут орнату туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабы 1-1) тармақшасына, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулыға қосымша бойынша, «Казникель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жетіжар ауылдық округінің аумағындағы «Горностаевское» кен орынында пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеуді жүргізу үшін жалпы көлемі 861,0 гектар жер телімдеріне қауымдық сервитут 2022 жылғы 26 ақпанға дейін мерзімге орнатылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) аумақтық әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3 3) оның ресми жариялануынан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.М. Алимбаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі (шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)
Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2020 жылғы 20 мамыры
№ 152
қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут орнатылған жер телімдерінің тізбесі
(шектеулі нысаналы пайдалану құқығы)
№ р/с
Телімнің кадастрлық нөмірі
Жер пайдаланушы
Нысаналы мақсаты
Жалпы көлемі, га
Қауымдық сервитут көлемі, га
1
05-240-024-104
Абдрахманов Талгат Хайруллович
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
1119,0
403,0
2.
05-240-024-118
Жаксыбаев Мансур Ныгметович
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
822,0
47,0
3.
05-240-024-119
Давлетова
Разия Рамзиновна,
Вердиханова
Гюллерхан Рамзиновна
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
1260,0
332,0
4.
05-240-024-046
ТОО «Манап и К»
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
1500,0
79,0
Барлығы
861,0