Об установлении публичного сервитута Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 32 (отыз екі) физикалық байланыс желілерді ұйымдастыра отырып, «Шалқар-Ақтөбе» талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін, Ақтөбе қаласының аумағынан жалпы нақтыланған алаңы 6,215 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.