Об утверждении Методики определения нормы прибыли, учитываемой при утверждении предельных тарифов на электрическую энергию Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 318) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16096 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда жарияланған);
Тармақша 2
2) «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 508 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17961 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте, Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы 2021 жылдан бастап қолданылады. Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфы 2021 жылға дейін қолданылады.
Басқа 0. Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамыры № 205 Бұйрығымен бекітілген Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 318) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифтерді, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыны бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау тетігін анықтайды.
Тармақ 2
2. Әдістеме электр энергиясын өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын электр станцияларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электр энергиясына шекті тарифтерді, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыларды бекіту кезінде пайда нормасының деңгейін негізді есептеу және есепке алу мүмкіндігі мақсатында қолданылады. Бұл ретте энергия өндіруші ұйым инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі бойынша нақты алынатын пайданың кемінде 50 (елу) пайызын негізгі активтерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға, оның ішінде электр энергиясын өндіруге арналған шығындарда ескерілмейтін тартылған кредиттер бойынша қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға жібереді.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) активтер – негізгі құралдардың объектілері (ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдық, есептеу техникасының өлшеу және реттеуші аспаптары мен құрылғылары, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь мен керек-жарақ құралдары; шаруашылық ішіндегі жолдар және энергия өндіруші ұйымның негізгі құралдарының өзге де тиісті объектілері), сондай-ақ реттелетін қызметке тартылған және реттелетін активтер базасына енгізілген материалдық емес активтер (бағдарламалық қамтылым);
Тармақша 2
2) активтердің қалдық құны – жинақталған тозуды шегергендегі активтердің толық құны;
Тармақша 3
3) активтердің толық құны – құнсыздануға түзету ескерілмей, ұлттық және/немесе халықаралық бағалау стандарттарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес басымдылық бойынша айқындалған активтердің әділ құны;
Тармақша 4
4) жинақталған тозу – бұл табиғи және функционалдық тозу жиынтығы;
Тармақша 5
5) инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі (RAB-реттеу) (бұдан әрі - RAB-реттеу) – электр энергетикасы саласын дамытуға инвестицияларды ынталандыруға және шығындарды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау үшін қолданылатын әдіс. RAB-реттеу кезекті реттеу кезеңінің басында қалыптастырылады және бағаланады, ал кезеңнің кейінгі жылдарында жаңа активтерді енгізуді және қолданыстағы активтердің істен шығуын есепке алу жолымен түзетіледі;
Тармақша 6
6) құрамдастырылған өндіріс (өндіру) – жылу электр орталықтарының бу турбиналарын іріктеуден немесе оларға қарсы тұруынан алынатын электр және жылу энергиясын бірлесіп өндіру процесі;
Тармақша 7
7) реттелетін активтер базасы – инвестицияланған капиталдың кірістілік әдісін қолдана отырып, реттеудің есептік кезеңіне реттелетін тарифтерді қалыптастыру кезінде активтердің реттелетін базасына кірісті айқындау кезінде пайдаланылатын, реттелетін қызметте қолданылатын, пайдаланудағы, инвестицияланған капиталды пайдалана отырып құрылған энергия өндіруші ұйымның негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің құны;
Тармақша 8
8) реттеудің есептік кезеңі – реттеу кезеңі шеңберінде күнтізбелік жылға тең электр энергиясына шекті тарифтер белгіленетін мерзім;
Тармақша 9
9) реттеу кезеңі – электр энергиясына шекті тарифтер белгіленетін, жеті жылға тең мерзім;
Тармақша 10
10) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 11
11) ұлттық бағалау стандарттары – қаржы саласындағы уәкілетті органдар әзірлейтін және бекітетін Қазақстан Республикасының бағалау стандарттары;
Тармақша 12
12) физикалық тозу – физикалық кернеудің тозуы, бүлінуі және әсерінен туындаған пайдалану салдарынан объектінің құнының азаюы;
Тармақша 13
13) функционалдық тозу – жаңа технологияларды пайдалану нәтижесінде алынған қазіргі аналогтармен салыстырғанда объектінің өзінің тиімсіздігінен немесе барабар еместігінен туындаған объектінің құнының немесе пайдалылығының төмендеуі;
Тармақша 14
14) халықаралық бағалау стандарттары – Бағалау стандарттары жөніндегі халықаралық комитет әзірлейтін және бекітетін бағалау стандарттары;
Тармақша 15
15) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және осы Әдістемеге сәйкес айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні. Осы Әдістемеде пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау
2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау
Тармақ 1. 1-параграф. Инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі (RAB-реттеу) бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау
1-параграф. Инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі (RAB-реттеу) бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау
Тармақ 4
4. RAB-реттеу бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасы (бұдан әрі – RAB-реттеудің пайда нормасы) электр энергиясына шекті тарифтің құрамдас бөлігі болып табылады және электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобы үшін айқындалады.
Тармақ 5
5. RAB-реттеудің пайда нормасы реттеу кезеңінің әрбір жылына реттеу кезеңі басталғанға дейін мынадай формула бойынша айқындалады: ПН - RAB-реттеудің пайда нормасы, теңге; КRAB - реттелетін активтер базасына кіріс, теңге.
Тармақ 6
6. Реттелетін активтер базасына кіріс (ДRAB) электр энергиясын өндіруге тікелей қатысты активтердің қалдық құнын және капитал кірістілігінің орташа өлшемді ставкасын (бұдан әрі – WACC) негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады: АҚҚi – і - жылғы активтердің қалдық құны, теңге; SA – электр энергиясын өндіруге тікелей қатысты активтер құнының үлесі. Жылу және электр энергиясын құрамдастырылған өндіру кезінде SA жылу және электр энергиясын өндіру кезіндегі отын шығындарының үлесіне сәйкес анықталады, %. Жылу және электр энергиясын құрамдастырылмаған өндіру кезінде SA бірлікке теңестіріледі. Энергия өндіруші ұйымның құрамында электр энергиясын өндірудің әртүрлі технологиялары бар электр станциялары (жылу және электр энергиясын құрамдастырылған өндіру, су энергиясы есебінен электр энергиясын өндіру) болған жағдайда, активтер құнының үлесі желіге электр энергиясын жіберу көлемі бойынша мөлшерленген әрбір электр станциясы үшін активтер құнының үлестерінің орташа өлшемді шамасы ретінде есептеледі; WACC – капитал кірістілігінің орташа өлшемді ставкасыі,%. Электр энергиясын өндіруге тікелей қатысты активтер құнының үлесін энергия өндіруші ұйым көрсеткіштерді дербес таңдайды және оларды уәкілетті органмен келіседі. Электр энергиясын өндіруге тікелей қатысты негізгі активтердің үлесін айқындау үшін пайдаланылатын деректерге мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) деректердің дұрыстығы және тексерілуі;
Тармақша 2
2) технологиялық процеске қатысуға байланысты деректерді таңдаудың негізділігі.
Тармақ 7
7. Реттеу кезеңінің бірінші жылына активтердің қалдық құны (АҚҚ1) мынадай формула бойынша айқындалады: АҚҚ1 = АТҚ - ТЗЖИН, мұндағы: АҚҚ1 – реттеу кезеңінің бірінші жылына активтердің қалдық құны, теңге; АТҚ – активтердің толық құны, теңге; ТЗЖИН – жинақталған тозу, теңге. Активтердің толық құнының шамасы және реттеудің бірінші жылына жинақталған тозу бойынша деректерді «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындайды. Реттеу кезеңінің бірінші жылына активтердің толық және қалдық құнын айқындау кезінде барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін бірдей негізгі кіріс параметрлері (құрылыстың үлестік құны, пайдалы пайдалану мерзімдері), бағалау әдіснамасы мен күні қолданылады.
Тармақ 8
8. Реттеу кезеңінің кейінгі жылдарына активтердің қалдық құны (АҚҚi) мынадай формула бойынша айқындалады: АҚҚi – і-жылдың басындағы активтердің қалдық құны, теңге; АҚҚi-1 –алдыңғы жылдың басындағы активтердің қалдық құны, теңге; ТЗi-1 – құнсыздануға түзетулерсіз өткен жыл үшін есептелген тозу, теңге.
Тармақ 9
9. Құнсыздануға түзетулерсіз өткен жыл үшін есептелген тозу (ТЗi-1) мынадай формула бойынша айқындалады: n – электр энергиясын өндіруге жататын кәсіпорын активтерінің санаты; – n объектілер санатына жататын активтердің қалдық құны, теңге; – бағалаушының бағалау туралы есебіне сәйкес айқындалатын n объектілер санатынан активтерді пайдалы пайдаланудың қалдық мерзімінің шамасы, теңге.. Бұл ретте есептелген тозу активтерді енгізу, шығару ескеріле отырып, сондай-ақ кәсіпорынның негізгі құралдарының құнының ұлғаюына немесе азаюына әкеп соғатын активтерді жөндеу жағдайында есептеледі.
Тармақ 10
10. Энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша (еркін нысанда) жабдықты іске қосу немесе шығару жағдайында, сондай-ақ кәсіпорын активтерінің ұлғаюына немесе азаюына әкеп соғатын жабдықтарды жөндеу жағдайында реттеудің соңғы жылын қоспағанда, реттеудің есептік кезеңінің қорытындылары бойынша реттеу кезеңінің келесі жылдарына активтердің қалдық құны (ОМО i) мынадай формула бойынша есептеледі: АҚҚi – і-жылдың басындағы активтердің қалдық құны, теңге; АҚҚi-1 –алдыңғы жылдың басындағы активтердің қалдық құны, теңге; Аберi-1 – өткен жылы пайдалануға берілген активтердің, оның ішінде жүргізілген жөндеу шеңберінде де құны, теңге; Ашығi-1 – өткен жылы пайдаланудан шығарылған активтердің, оның ішінде жүргізілген жөндеу шеңберінде де құны, теңге; ТЗi-1 – құнсыздануға түзетулерсіз өткен жыл үшін есептелген тозу, теңге.
Тармақ 11
11. Осы Әдістеменің 9-тармағы шеңберінде активтердің қалдық құнын түзетуге арналған өтінімге (еркін нысанда) энергия өндіруші ұйым жабдықты енгізу немесе шығару бойынша, сондай-ақ кәсіпорынның негізгі құралдарының құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкеп соғатын жабдықтарды жөндеу бойынша негіздеуші материалдарды (шот-фактура, активтер құнын пайдалануға беру актісі) қоса береді.
Тармақ 12
12. RAB-реттеуге енгізілмейтін негізгі активтерге:
Тармақша 1
1) энергия өндіруші ұйым негіздемеген негізгі құралдарды құруға/сатып алуға жұмсалған шығындар;
Тармақша 2
2) күрделі құрылыс үшін тартылған нысаналы қарыздар бойынша капиталдандырылатын проценттерден басқа, қарыздық қаржыландыруды тартуға байланысты төлемдердің кез келген түрлері:
Тармақша 3
3) өтеусіз, оның ішінде Қазақстан Республикасының республикалық немесе жергілікті бюджетінен алынған объектілер;
Тармақша 4
4) егер объект бірлесіп қаржыландырылғанда, тең инвесторлар шеккен шығындар;
Тармақша 5
5) меншік құқығы ресімделмеген, компанияның иелігіндегі негізгі құралдар объектілері;
Тармақша 6
6) аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ қондырғыға жабдықтар;
Тармақша 7
7) жалдау және қаржы лизингіндегі объектілер, сондай-ақ жалдау және лизингтік төлемдер;
Тармақша 8
8) айналым капиталы;
Тармақша 9
9) электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметке қатысты активтерге жататын бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, материалдық емес активтер;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының республикалық немесе жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен өткізілген объектілер.
Тармақша 11
11) аукциондық сауда-саттық шеңберінде іске асырылған генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар жатады.
Тармақ 13
13. Әрбір реттеу кезеңінің басында реттелетін активтер базасының құнын бағалауды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізеді.
Тармақ 14
14. Реттеу кезеңінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың барлық топтары үшін капитал кірістілігінің бірдей орташа өлшемді ставкасы (WACC) қолданылады. Капитал кірістілігінің орташа өлшемді ставкасы (WACC) реттеудің бүкіл кезеңі ішінде тіркелген болуы тиіс.
Тармақ 15
15. Капитал кірістілігінің орташа өлшемді (WACC) ставкасы капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу формуласы бойынша айқындалады: WACC - капитал кірістілігінің орташа өлшемді ставкасы, %; RE – меншікті капиталдың құны, теңге; RD – қарыздық капиталды тарту құны, теңге; E/(D+E) – жиынтық салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы, теңге; D/(D+E) – жиынтық салынған капиталдағы қарыздық капиталдың (борыштың) шамасы,теңге; T – корпоративтік табыс салығының ставкасы, %. Меншікті капиталдың құны қарыздық капиталды тарту құнынан кем емес шама болып табылады.
Тармақ 16
16. Меншікті капиталдың құны (RE) күрделі активтерді бағалаудың модификацияланған моделі негізінде мынадай формула бойынша айқындалады: RE - меншікті капиталдың құны, теңге; Rf - номиналды тәуекелсіз ставка, %; ßL – акционерлік капиталдың бета салалық коэффициенті (капитал құрылымын ескере отырып, levered beta); ERP - акцияларға салымдар тәуекелі үшін күтілетін сыйлықақы, %; SP - мөлшері үшін сыйлықақы, %; CP - елдік тәуекел үшін сыйлықақы, % (таңдалған Rf байланысты қолданылады); FXRP - валюталық тәуекел үшін сыйлықақы, %.
Тармақ 17
17. Номиналды тәуекелсіз ставка Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) Федералдық резервтік жүйесінің ресми сайтында орналастырылған деректерге сәйкес реттеудің есептік кезеңінің басында АҚШ-тың 20 жылдық мемлекеттік қазынашылық облигацияларын өтеуге кірістілік ретінде айқындалады.
Тармақ 18
18. Капитал құрылымын (ßL) ескере отырып, акционерлік капиталдың бета салалық коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады: ßL - акционерлік капиталдың бета коэффициенті (капитал құрылымын ескере отырып, levered beta); ßU - акционерлік капиталдың бета коэффициенті (капитал құрылымын ескермегенде, unlevered beta); D/E – меншікті капитал шамасындағы қарыздық капиталдың (борыштың) шамасы; T – корпоративтік табыс салығының ставкасы, %.
Тармақ 19
19. Капитал құрылымын есепке алмағанда акционерлік капиталдың бета салалық коэффициенті реттеу кезеңінің алдындағы жылдағы АҚШ энергетикалық секторы бойынша А. Дамодаранның орташа салалық бета бойынша деректері негізінде айқындалады.
Тармақ 20
20. Жиынтық салынған капиталдағы қарыздық капиталдың (борыштың) шамасы (D/( D + E) реттеу кезеңінің алдындағы жылғы АҚШ энергетикалық секторы бойынша А. Дамодаранның деректері негізінде орташа салалық көрсеткіш ретінде айқындалады.
Тармақ 21
21. Жиынтық салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы (E/( D + E) мынадай формула бойынша айқындалады: E/(D+E) –жиынтық салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы; D/(D+E) – жиынтық салынған капиталдағы қарыздық капиталдың (борыштың) шамасы.
Тармақ 22
22. Меншікті капитал шамасындағы (D/E) қарыздық капиталдың (борыштың) шамасы мынадай формула бойынша айқындалады: D/E – меншікті капитал шамасындағы қарыздық капиталдың (борыштың) шамасы; D/(D+E) – жиынтық салынған капиталдағы қарыздық капиталдың (борыштың) шамасы.
Тармақ 23
23. Акцияға салым салу тәуекелі үшін күтілетін сыйлықақы 5% деңгейінде қабылданды.
Тармақ 24
24. Мөлшері үшін сыйлықақы микро-капиталдандыруы бар компаниялар үшін зерттеулердің деректері негізінде айқындалады. Капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу үшін осы параметрді қайта қарау реттеудің есептік кезеңінің басында ғана жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Елдік тәуекел үшін сыйлықақы реттеу кезеңінің алдындағы жыл ішіндегі Қазақстан Республикасы үшін А. Дамодаранның елдік тәуекелі бойынша деректер негізінде айқындалады. Капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу үшін осы параметрді қайта қарау реттеудің есептік кезеңінің басында ғана жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Валюталық тәуекел үшін сыйлықақы Қазақстан Республикасындағы ұзақ мерзімді инфляция мен реттеудің есептік кезеңінің басындағы Халықаралық валюта қорының деректері негізінде АҚШ-тағы ұзақ мерзімді инфляция арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тармақ 27
27. Қарыздық капиталды тарту құны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы қаржылық емес ұйымдарға банктер берген ұзақ мерзімді кредиттер бойынша орташа нақты ставка ретінде айқындалады.
Тармақ 28
28. Корпоративтік табыс салығының ставкасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес нақтылы мәнде айқындалады.
Тармақ 29
29. Капитал кірістілігінің (WACC) орташа өлшемді ставкасының шамасын есептеу осы Әдістемеге қосымшада келтірілген және 11,79% мөлшеріндегі осы шама RAB-реттеудің пайда нормасын айқындаудың есеп айырысуында пайдаланылатын капитал (WACC) кірістілігінің орташа өлшемді ставкасының шамасы ретінде қолданылады.
Тармақ 30
30. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасының деңгейі капиталдың орташа өлшемді кірістілігінің салық ставкасынан кейінгі номиналды негізінде айқындалатын шығындар базасы мен жалпы рентабельділік негізінде есептеледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Өтпелі кезеңге арналған электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы айқындау
2-параграф. Өтпелі кезеңге арналған электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы айқындау
Тармақ 31
31. Өтпелі кезеңге арналған электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайда мынадай формула бойынша есептеледі: ТП - тиісті күнтізбелік жылдың тіркелген пайдасы, теңгемен; База1 - тіркелген пайданы есептеуге арналған база, оның негізінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасында 2019 жылы электр энергиясын өндіруге арналған ең жоғары шығындар пайдаланылады, теңгемен; RG - 11,79% мөлшерінде осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес кестеде келтірілген капитал (WACC) кірістілігінің орташа өлшемді ставкасының шамасына тең қабылданатын жалпы рентабельділік. Энергия өндіруші ұйымның өтпелі кезеңінде нақты алынатын пайда активтерді жаңғырту, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кредиттер бойынша негізгі борышты қайтару жөніндегі іс-шараларға жіберіледі.
Тармақ 32
32. Тіркелген пайданы есептеу үшін есептеу үшін уәкілетті орган База1 ретінде пайдаланатын, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған ең жоғары шығындарды энергия өндіруші ұйымдар ұсынған электр энергиясын өндіруге арналған нақты және болжамды деректер негізінде және (немесе) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Тарау 3. 3-тарау. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді айқындау кезінде ескерілетін теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау
3-тарау. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді айқындау кезінде ескерілетін теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау
Тармақ 33
33. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді айқындау кезінде ескерілетін теңгерімдеу үшін үстемеақы теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтің құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 34
34. Теңгерімдеу үшін үстемеақы нөлге теңестіріледі.
Тармақ 35
35. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасында электр энергиясын өндіруге арналған ең жоғары шығындарды уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдар және (немесе) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынған электр энергиясын өндіруге арналған нақты және болжамды деректер негізінде айқындайды.
Басқа 1. Капитал кірістілігінің орташа өлшемді ставкасының шамасын есептеу (WACC)
Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесіне қосымша Капитал кірістілігінің орташа өлшемді ставкасының шамасын есептеу (WACC) № WACC компоненттері Әдіснама көрсеткіштері Шамалар 1 Ставканың түрі Реттеу кезеңі ішінде тіркелген WACC номиналды салықтан кейінгі ставкасын есептеу ұсынылады - 2 Капитал құрылымы А. Дамодаран деректері негізінде капиталдың орташа салалық құрылымын пайдалану (борыш/акционерлік капитал) 72,51% 3 Акционерлік капиталдың құны Елдік және валюталық тәуекел үшін сыйлықақыны ескере отырып, CAPM моделі негізінде айқындалады 12,37% 3-1. Тәуекелсіз ставка (Rf) Тәуекелсіз ставка ретінде Америка Құрама Штаттарының 20 жылдық мемлекеттік қазынашылық облигацияларын өтеуге кірістілік қолданылады 2,16% 3-2. Акцияға салым тәуекелі үшін сыйлықақы (ERP) Әртүрлі көздерден алынған зерттеулер деректері негізінде 5,0% мөлшерінде қабылданады 5,00% 3-3. Бета коэффициенті (β) Акционерлік капитал бетасы мынадай формула бойынша есептеледі: активтер бетасы * (1 + ((1 - пайдаға салық ставкасы) × (борыш/капиталдың нарықтық құны))). Активтер бетасы А. Дамодаранның деректері негізінде анықталады 0,59 3-4. Елдік тәуекел үшін сыйлықақы Елдік тәуекел үшін сыйлықақы ретінде А. Дамодаранның деректері пайдаланылады 2,17% 3-5. Мөлшері үшін сыйлықақы Duff&Phelps Valuation Handbook Industry cost of Capital зерттеулерінің деректері негізінде микро-капиталдандыруы бар компаниялар үшін 3,39% мөлшерінде қабылданады 3,39% 3-6. Валюталық тәуекел үшін сыйлықақы Америка Құрама Штаттары және Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді инфляция айырмасының негізінде есептеледі 1,70% 4 Қарыз капиталының құны Банктер Қазақстан Республикасындағы қаржылық емес ұйымдарға берген ұзақ мерзімді кредиттер бойынша орташа нақты ставканы пайдалану ұсынылады (Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері бойынша) 11,00% 5 Пайдаға салынатын салық ставкасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаға салынатын салықтың номиналды ставкасын пайдалану ұсынылады 20,00% Капиталдың орташа өлшемді құны (WACC) 11,79%