Об утверждении Положения об Управлении пограничного контроля «Алматы» Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
13 наурыздағы № 282 Жарлығының 7-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 18-тармағының
9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2010 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының
2016 жылғы 28 сәуірдегі № 283-қа бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2010 әскери бөлім командирі заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықпен Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы туралы ереже
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы
10 сәуірдегі № 252-қа бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы (әрі қарай- Басқарма), өткізу пунктерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауда басшылық ететін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери басқарудың жедел-тактикалық органы және территориалды бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз іс-қимылында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі Директорының басқа нормативтік құқықтық актілері мен бұйрықтарын, басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Басқарма республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мөрлер мен мөртаңбасы бар, мемлекеттік тілде нағыз және шартты атауы бар, белгіленген үлгідегі бланкісі, қазынашылық органдарында есеп шоты бар.
Тармақ 4
4. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға кіре алады.
Тармақ 5
5. Басқарма мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағынан шығуға құқығы бар, егер ол оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, Басқарма бастығының бұйрықтарымен және басқа актілермен рәсімделетін заңнамамен белгіленген тәртіптегі өз құзыреті мәселелері бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың штаттық санының құрылымы және лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Дунентаев көшесі, 24 үй, индекс 050049.
Тармақ 9
9. Басқарманың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметінің қаржыландыруы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға қызметті орындау нысанына, Басқарманың міндеті болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттасқан қатынастарға қосылуға тыйым салынады.
Басқармаға егер заңнамалық актілерге сәйкес, кіріс алып келетін іс-қимылмен айналысуға рұқсат етілсе, онда мұндай іс-қимылдан алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың негізгі тапсырмалары, қызметі,
құқығы және міндеті
2-тарау. Басқарманың негізгі тапсырмалары, қызметі,
құқығы және міндеті
Тармақ 13
13. Басқарманың негізгі тапсырмалары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы келісімдерінен туындайтын міндеттерді орындау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешуге қатысу;;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғауға қатысу;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік шекара арқылы және шекара кеңістігінде барлау-диверсиялық іс-әрекеттерді анықтау, ескерту және алдын-алу;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пунктінде режимді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) белгіленген режимді сақтауына, жеке немесе уәкілетті органдармен бірлесе отырып бақылау жүргізу;
Тармақша 7
7) өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарына, азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауда көмек көрсету;
Тармақша 8
8) құралымдық бөлімшелердің мамандарын дайындау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын анықталатын басқа да тапсырмалар.
Тармақ 14
14. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде келесі қызметті жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы келісімдерінен туындайтын міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шекаралық саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерін, жауынгерлік және жедел-қызметтік әзірліктің түрлі дәрежесіне келтіруге ұдайы дайындығын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) шекаралық бақылау бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан тұлғалардың, көліктердің, жүктер мен тауарларды өткізу бойынша іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік шекараны жедел қамтамасыз ету бойынша өз құзыреті шегінде қарсы барлау, барлау және жедел-іздестіру іс-қимылын ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін барлау-диверсиялық және заңсыз іс-қимылдармен күресуге қатысады;
Тармақша 8
8) құрылымдық бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығының сапасын көтеруді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізеді;
Тармақша 9
9) Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелері мамандарының біліктілігін арттыруды, дайындауын және қайта дайындауын жүзеге асырады;
Тармақ 15
15. 10 мамандардың Мемлекеттік шекара күзетінде қолданылуы мен дайындау әдістерін жетілдіру бойынша жұмыстарына қатысады;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіпте өзара әрекеттесуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылының үйлесімділігін қамтамасыз етеді және басқаруды жүзеге асырады, оларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 12
12) Басқарманың жедел-қызметтік жауынгерлік қызметінде кадрлық, идеологиялық (патриоттық) және тәрбиелік жұмысты жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) әскери қызметтің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету, әскери ұжымдардың бірлесуі, құқық бұзушылықтардың алдын-алу, әскери заң және тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Басқарманың кадрлар құрамымен әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырады және әскери қызметшілер мен олардың жанұясына әлеуметтік және құқықтық кепілділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) кадрлардың орналастыруын және әскери дәрежелерін иелік етуді жүзеге асырады, номенклатураға сәйкес әскери дәрежелерді иелік ету және лауазымға тағайындау бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директорына қарастыруға кіргізеді;
Тармақша 16
16) Басқарманы жеке құраммен толықтыруды жүргізеді және жұмысшыларды қабылдауды ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) жауынгерлік, техникалық, тылдық, қаржы, ақпараттық, медициналық және басқа да қамтамасыз ету түрлерінің перспективалық жоспарлауын жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) бюджеттік құралдарды мақсатына қарай қолданылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) Басқарманың объектілері мен оның құрылымдық бөлімшелерінің өрттен қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды және шығарады;
Тармақша 21
21) Мемлекеттік шекарадағы тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды дамытуға және орындауға қатысады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да функцияларды орындайды.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері.
Басқарма өзінің құзыреттілігі шегінде міндетті:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету мақсаттарына жету үшін шарттарды дамыту, қолдау және жасауға;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету және шекаралық саясат облысында жедел-іздеу, барлау, қарсы барлау қызметтерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қауіпсіздікді қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдануға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қорғаныс бойынша тапсырмаларын орындауда, сонымен қатар төтенше немесе әскери жағдайдағы тәртіпті қамтамсыз етуде өзінің құзыреттілігі шегінде қатысуға;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік шекараны тұлғалар мен көлік құралдарының бекітілген өткізу пунктерін және Мемлекеттік шекарадан өткізу жүзеге асырылатын басқа да орындарды айналып өту әрекеттерін, сонымен қатар өткізу пунктеріндегі және Мемлкеттік шекарадан өткізу жүзеге асырылатын басқа да орындарда заңсыз кесіп өтуді болдырмауға және ескертуге, шекара кеңістігінде Мемлекеттік шекара құқық бұзушыларын және басқа да құқық бұзушыларды анықтау және ұстауға;
Тармақша 6
6) белгіленген бақылау түрлерін өткеннен соң және дұрыс ресімделген құжаты бар жағдайда тұлғалар, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік шекара тәртібі және өткізу пунктеріндегі тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) өз бетімен немесе құзыретті органдармен бірге шекаралық тәртіпті, өткізу пунктеріндегі тәртіпті бақылауға;
Тармақша 9
9) өз құзыреттілігі шегінде құқық бұзушылықтардың алдын-алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) Мемлекеттік шекарадан өтетін тұлғалардың Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарын тексеруге, оларда сәйкес белгілерді жасауға, осындай құжаттарды уақытша алуға, сонымен қатар жарамсыз құжаттарды алуға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсаты жоқ шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар дактиласкопиялық ақпарат бойынша тұлғаны растау рәсімін өтуден бас тартқан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген соттық шешімдер мерзімен және айыппұл төлеу туралы құзыретті органдардың жарғысын орындамаған шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға кіруге шектеу қоюға;
Тармақша 12
12) Өткізу пунктерінде және Мемлекеттік шекарадан өту жүзеге асырылатын басқа да орындарда, Қазақстан Республикасының шет елде болған уақытта жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарын жоғалтқан азаматтарын және де басқа тұлғаларды өткізбеуге;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаларды ұстау және жеке тексеруді жүзеге асыруға;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасына сәйкес Шекаралық қызметпен жүргізуге берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтыруға және іс жүргізуге;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес Шекаралық қызметпен жүргізуге берілген істер бойынша тергеу жүргізуге;
Тармақша 16
16) Жемқорлықтық құқық бұзушылықтардың алдын-алуды жүзеге асыру, оны болдырмау және ескертуге;
Тармақша 17
17) Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке тұлғаны растау рәсімін жүзеге асыруға;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға.
Басқарма заңнамалармен бекітілген тәртіпте функцияларды орындау және берілген тапсырмаларды шешу үшін құқығы бар:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау қызметін атқаратын құзыретті тұлғалар мен өзінің күштерінің әрекеттесуін ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ісіне кедергі келтіретін немесе шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтарды жасауға әсер келтіретін жағдай мен себептер туралы ұсыныстарды орындауға міндетті ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдарға өзінің құзыреттілігі шегінде енгізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бірге қабылданған шешімімен анықталатын тәртіпте Мемлекеттік шекараны күзетудің күшейтілуі кезінде олармен бөлінетін күштер мен құралдарды қолдануға;
Тармақша 4
4) байланыс желісі мен коммуникацияны қолдануға, техника мен қару-жарақты қолдануға;
Тармақша 5
5) міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты құзыретті органдар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктерден өтеусіз алуға және сұратуға;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік шекараны қорғау облысындағы тапсырмаларды шешу үшін ерікті түрде Шекаралық қызметінің штаттан тыс және басқа да формадағы қызметкерлері есебіндегі еріктілер құрамындағы азаматтарды тартуға, қойылған талаптарға сай тұлғаларды және Мемлкеттік шекараны қорғау кезінде ерекшеленген азаматтарды көтермелеуге, арнайы әскери оқу орындарына түсуді ұсынуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының тұрғындарын құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларын өткізуге, тұрғындарды құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларды іздеу және басқа да мақсаттар туралы ақпараттандыру үшін бұқаралық ақпараттар құралдарын қолдануға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы туралы» заңына сәйкес қару-жарақтар мен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және физикалық күшті қолдануға;
Тармақша 9
9) шекаралық кеңістіктегі жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар мен өтініштерді қарастыруға, оларды тіркеуге және сәйкес шараларды қолдануға;
Тармақша 10
10) Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз еткізетін ақпараттық жүйелер мен арнайыландырылған есепті жасауға және қолдануға;
Тармақша 11
11) Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау облысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларының енгізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауға қатысатын әскери қызметшілердің киім түрі мен жабдықталуын анықтауға;
Тармақша 13
13) мемлекеттік бақылаушы органдармен бірлесіп бекітілген тәртіпте Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеруді жүзеге асыруға;
Тармақша 14
14) көлік құралдарын шығарып салуға және оларға шекаралық нарядтарды орналастыру;
Тармақша 15
15) құқық бұзушыларды қудалау кезінде ұйымдардың аумағына және бөлмелеріне кедергісіз (қажет болған жағдайда құлыпталатын құрылғыларды бұзу арқылы) кез келген уақытта кіруге, сонымен қатар оларды тексеріп қарауға (сәйкес прокурорды жиырма төрт сағат ішінде ескерту арқылы);
Тармақша 16
16) арнайы іс-қимылдар, басқа да іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде өз бетімен бақылау посттарын орнатуға, тұлғалар мен көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, азаматтарды бөлек орындарға жібермеуге, оларды сол жерде қалуын міндеттеу немесе денсаулығын және өмірін қорғау мақсатында басқа орынға кетуін талап етуге;
Тармақша 17
17) азаматтардан Мемлекеттік шекарада бекітілген тәртіпті орындауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жұмысына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сол талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған шараларды қолдануға;
Тармақша 18
18) шекаралық кеңістіктегі бекітілген тәртіптерді бұзғандарды әкімшілік ұстауға ұшыраған тұлғаларды күту үшін арнайы жабдықталған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлмелерінде ұстауға;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес әкімшілік ұстауға ұшыраған тұлғаларды күту үшін арнайы жабдықталған уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына отырғызуға;
Тармақша 20
20) шекаралық кеңістіктегі белгіленген тәртіпті бұзудың жағдайын түсіндіру мақсатында аумақтық бөлімшелерге тұлғаларды шақыруға;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шекаралық саясатты іске асыру облысындағы ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметін өз құзыреттілігі шегінде бағыттауға, Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау қызметін атқаратын аумақтық құзыретті органдар мен өзінің күштерін әрекеттестіруді ұйымдастыруға;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да құзыреттіліктерді жүзеге асыруға.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Басқарманың қызметін басқару Басқармаға жүктелген тапсырмалар мен өзінің функцияларын жүзеге асыруды орындау үшін жеке жауапкершілікті көтеретін бастық жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарларға ие.
Тармақ 20
20. Басқарма бастығының құзыреттілігі:
Тармақша 1
1) Басқарманың барлық жеке құрамымен орындалуға міндетті бекітілген тәртіпте бұйрықтар мен үкімдер шығаруға;
Тармақша 2
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітуге;
Тармақша 3
3) Басқарманың әскери қызметшілері мен құрылымдық бөлімшелер бастықтарының лауазымдық міндеттерін бекітуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сонымен қатар шет ел мемлекеттерінің органдарымен арақатынаста Басқарманы таныстыруға, соттық және басқа да мемлекеттік органдарда Басқарманың мүддесін ұсынуға сенімхатқа қол қоюға, контракттар мен келісімшарттарды қорытындылауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шекаралық кеңістікте, Мемлекеттік шекара жүзеге асырылатын қызметтің шектелуі немесе тоқтауы туралы шешім қабылдауға;
Тармақша 6
6) Әскери қызметке алу және әскери қызметтен шығару, Шекаралық қызмет Департаментінің әскери қызметшілерін лауазымға тағайындау мен босату туралы өзінің құзыреттілігі шегінде шешім қабылдауға;
Тармақша 7
7) көтермелеулер, материалды көмек көрсету сұрақтары бойынша бекітілген тәртіпте шешім қабылдауға және Басқарманың әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолдануға, сонымен қатар номенклатураға сәйкес әскери дәрежесін иелендіруге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсізідік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директорына бекітілген тәртіпте әскери дәрежелерді иелендіруге, Басқарманың әскери қызметшілері мен қызметкерлерін, сонымен қатар Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын тұлғаларды ведомствалық марапаттармен марапаттауға ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 9
9) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің жедел-қызметтік, жауынгерлік, әскери-техникалық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық және басқа да қызметін ұйымдастыруға.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да құзыреттіліктерді жүзеге асыруға.
Тармақ 22
22. Басқарма бастығы болмаған жағдайда оның құзыретін орындау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінң нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оны ауыстыратын тұлғаға өтеді.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарма мүлкі
4-тарау. Басқарма мүлкі
Тармақ 23
23. Басқарма заңнамамен қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлігі бола алады.
Тармақ 24
24. Басқарма мүлігі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен рұсат етілген, жеке қызмет қорытындысы және басқа көздер арқылы табылған мүлікпен (ақшалай кіріспен), сонымен қатар меншік иесімен берілген мүлік есебінен қалыптасады.
Басқармаға тіркелген мүлік республикалық меншік болып есептеледі.
Тармақ 25
25. Басқарма оған бекітілген мүлікті және заңнамамен басқа бекітілмеген жағдайда, қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз басымен иесіздендіруге немесе басқа тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта құру және жою
5-тарау. Басқарманы қайта құру және жою
Тармақ 26
26. Қайта құру мен тарату Қазақстан Республтикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма бөлімдерден (бөлімшелерден), топтардан және әскери басқарудың тактикалық органдары болып саналатын басқа да бөлімшелерден тұрады.
Басқарманың жүргізуіндегі құрылымдық бөлімшелердің тізімі:
Тармақша 1
1) «Алматы» шекаралық бақылау бөлімі шекаралық бақылау Басқармасы орналасқан орны (орналасуы) – Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин көшесі, «Алматы» халықаралық әуежайы, индексі 050039;
Тармақша 2
2) «Алматы» шекаралық бақылау бөлімі шекаралық бақылау Басқармасы орналасқан орны (орналасуы) – Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин көшесі, «Алматы» халықаралық әуежайы, индексі 050039.