Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» №32/02 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3763 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 16 мамырда, 2016 жылғы 14 мамырда № 23 (9753) «Жаңаарқа» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №53/01 қаулысына қосымша Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі № Лауазым атаулары 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: Басқарушы персонал: 1. үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Негізгі персонал: 2. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант 3. қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер 4. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер 5. халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы 6. халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты 7. халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті 8. жұмыспен қамту орталығының (қызметі) құрылымдық бөлімінің маманы Әкімшілік персонал: 9. бухгалтер 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: Басқарушы персонал: 1. мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы 2. мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары 3. көркемдік жетекшісі 4. әдістемелік кабинеттің меңгерушісі 5. кітапхананың меңгерушісі Негізгі персонал: 6. әкімші 7. аккомпаниатор 8. музейлер қорын есепке алу архивисті 9. библиограф 10. кітапханашы 11. концертмейстер 12. дыбыс режиссері 13. инструктор 14. мәдени ұйымдастырушы 15. әдістемеші 16. музыкалық жетекші 17. редактор (негізгі қызметтер) 18. режиссер 19. суретші 20. хореограф Әкімшілік персонал: 21. бухгалтер 22. экономист 23. іс-жүргізуші 24. барлық мамандық шебері 25. заң кеңесшісі Қосалқы персонал: 26. жарық аппаратурасының, бейнежазба, дыбыс жазбасы операторы 3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: Басқарушы персонал: 1. мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы 2. мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары Негізгі персонал: 3. әдіскер 4. жаттықтырушы-оқытушы Әкімшілік персонал: 5. бухгалтер Қосалқы персонал: 6. іс жүргізуші 7. медициналық бике