Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Новенький Железновского сельского округа района Бәйтерек Күшін жойған
Басқа 0
Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 1-28-242 ұсынысы негізінде, Железнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округінің Новенький ауылы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Железнов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Иманкулова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.