Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с ведением мониторинга состояния окружающей среды, метеорологического и гидрологического мониторинга Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 мамыры № 120 бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді ұсыну.