О работе областного управления культуры по выполнению Закона Республики Казахстан «О культуре» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын орындау барысындағы облыстық мәдениет басқармасының жұмысы туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. Облыстық мәдениет басқармасының бастығы М.К. Омарғалиевтың атаулы мәселе жөнiндегi баяндамасын тыңдай және талқылай отырып, облыстық мәслихат мәдениет мекемелерiнiң және олардың ведомстволық қарасты кәсiпорындарының басқа уәкiлдi органдармен бiрлесiп "Мәдениет туралы" Заңның талаптарына сай бiркелкi жұмыс жүргiзiп келе жатқандығын атап көрсетедi. Олардың қызметiнiң басыңқы бағыттары ретiнде халыққа рухани тәрбие беру, Қазақстан классиктерi мен шетел өнер шеберлерiнiң саздық мүраларын насихаттау және Орал өңiрiн мекендеген халықтардың мәдениетiн дамыту, ұлтаралық келiсiмдi насихаттау, түрлi халықтар мәдениеттерiнiң өзара байланысы мен өзара байыту шараларын күшейте жүргiзу белгiленген. Соңғы жылдары облыстық мәдениет мекемелерiнiң жұмысы көзге түсерлiк дәрежеде жүргiзiлдi. 2001-2002 жылдарда 852 әр алуан шаралар өткiзiлдi. Батыс Қазақстан халықтарының фестивалi, Дәулеткерей және Д. Нұрпейiсова күйлерiн орындаушыларының республикалық конкурстары, Мұхит Мералиевтiң 160 жылдығына арналған конкурс, Қазақстан және Ресей өнер шеберлерiнiң қатысуымен ұйымдастырылған Орал қаласы мен аудандардың мәдениетi күндерi оздырылды. Кiтапханалар қызметiнiң ауқымы кеңейе түсуде, 2002 жылдың iшiнде 280 мың оқырманға қызмет көрсетiлдi. Мәдениет мекемелерiнiң жүйесi тұрақталды, материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамту нығая түсуде. Соңғы екi жылда аудандық және ауылдық мәдениет үйлерiн жөндеуден өткiзуге 221,9 млн. теңге, сахналық киiм мен саздық аспаптар сатып алуға 58,8 млн. теңге қаржы бөлiнiп, кiтапханаларға 3,8 млн. теңгеге компьютерлер сатып алынды. Облыстық филармония күрделi жөндеуден өткiзiлдi, қала мен аудандардағы мәдениет және археология ескерткiштерiн қалпына келтiру және жаңғырту жұмыстары жүргiзiлуде, облыстық қазақ драмалық театрының ғимараты пайдалануға берiлдi. Облыстағы мәдениет мекемелерiн қаржыландыру iсi жақсарып келедi. 2002 жылдың 9-айында оларды дамытуға 1102,4 млн. теңге қаржы аударылды немесе бұл әр тұрғынға шаққанда 1,7 мың теңгеден келедi, ал республика бойынша 1 адамға шаққандағы орташа көрсеткiш небәрi 0,4 мың теңге ғана құрайды. Бұл көрсеткiштен облыс республикада бiрiншi орын алады. Сонымен бiрге облыстық мәслихат облыстық мәдениет басқармасы мен оның ведомстволық қарасты мекемелерiнiң мәдени-көпшiлiк, ағартушылық және басқа да атқарған жұмыстары "Мәдениет туралы" Заңның талаптарына толық сәйкес келмейтiндiгiн атап көрсетедi. Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау, бұл салт-дәстүрлердi жаңғыртушы конкурстар, сан-алуан фестивальдар, дарынды жас таланаттарды анықтау байқаулары сияқты клуб мекемелерiнiң басқа да жұмыс түрлерi барлық аудандарда бiрдей көпшiлiк шараларға айналмай отыр. Шыңғырлау, Зеленов, Теректi және басқа да бiрқатар аудандарда көркемөнерпаздық халық шығармашылығы мардымсыз. Облыстық кiтапхана жүйесiнде әдiстемелiк және бұқаралық жұмыс әлсiз, анықтамалық-библиографиялық жұмысты жақсарту, кiтаппен қамту жүйесiн жетiлдiрудi қажет етедi. Көптеген ауылдық кiтапханалардың кiтап қоры тапшы, оқырмандарды қанағаттандырмайды, балалар әдебиетi жеткiлiксiз, мерзiмдi баспасөздi жаздырып алуда да көптеген проблемалар бар. Облыстың мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасы да шектен тыс төмен. Аппаратуралар мен аспаптарды, сахналық киiмдердi жаңғырту жұмысы жеткiлiксiз және басқа қажеттi заттар алынудан қалған. Көптеген аудандарды ауылдық мәдениет мекемелерiнiң ғимараттары көлемдi жөндеуден өткiзудi қажет етедi, қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындықтары нашар. Аудандардағы клубтардың 48 пайызы және кiтапханалардың 62 пайызы пешпен жылынатын ғимараттарда орналасқан. Әсiресе мұндай мекемелер Ақжайық, Зеленов, Казталов, Сырым аудандарында көп. Ауылдық мәдениет мекемелерi өзiне арнайы көңiл аударуды талап етедi. Облыстық мәдениет басқармасының аудандардың, ауылдық және поселкелiк әкiмияттарда ауылдың мәдени жұмыстарын дамтуға арналған жоспарлары жоқ, ал олар болсада жылдар бойы қайта қаралмайды. Федоровка және Шыңғырлау аудан орталықтарында мәдениет үйлерiн салу қажет, бiрақ бұл мәселенi ешкiм көтермейдi. Өзiнiң ведомствалық мекемелерiнде мәдениет басқармасы масылдықты жоюға тырыспайды. Бұл облыстық филармония, киножүйесi және кейбiр басқа да мекемелердiң жұмысында байқалады. Олар бюджеттен қаржыландыруға сенiм артып, өздерi орташа немесе шағын бизнес субъектiсi бола тұрып ақша табуды қолға алу керек. Облыстық бюджеттен бөлiнген ақшаларды тиiмдi пайдаланбағанына қарағанда мәдениет басқармасында экономикалық менеджменттiң жоқтығын аңғартады. Мәдениет басқармасының жергiлiктi жерлерде мәдени орта жасауға бiлiм, спорт, туризм мекемелерi және басқа да ведомстволармен қарым-қатынасы төмен. Классикалық өнер түрлерiн, балалар көркемөнерпаздар творчествосын, жас күйшi, домбырашы және тағы басқа мектептердi дамытуға көңiл бөлiнбейдi. Кадрларды қайта дайындау, олардың жұмыс тәжiрбиесiн тарату мәселелерi қанағаттандырмайды. Облыстық мәдениет басқармасы, қала мен аудандық әкiмияттар және басқа уәкiлдi органдар облыс көлемiндегi 500-ге жуық тарихи және мәдениет, сәулет және елдi мекен құрылысы, монументалды өнер ескерткiштерiн сақтау мен жаңғыртуға тиiстi дәрежеде көңiл бөлмейдi. Бұл iске тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция да қажеттi бақылау жасамай отыр. Осы аталған және басқа да жiберiлген кемшiлiктер облыстық мәдениет басқармасының нашар жұмысының, олардың өзiнiң қарамағындағы мекемелерге ұйымдық-әдiстемелiк қызмет орталығы бола алмай отырғандығының салдары болып табылады. Қалалық және аудандық әкiмияттардың және сәйкестi мәслихаттар тарапынан да "Мәдениет туралы" Заңның орындалуына бақылау жасау әлсiз. Облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңын орындау барысындағы облыстық мәдениет басқармасының және оның құрылымдарының жұмысы жеткiлiксiз деп атап көрсетiлсiн. Мәдениет басқармасы (М.К. Омарғалиев), аудандық әкiмияттарымен және басқа уәкiлдi органдармен бiрлесе отырып облыстық мәслихат бекiткен "2002-2005 жылдарда селода мәдени-демалыс жұмыстарын сақтау және дамытуға арналған бағдарламасын" орындау үшiн жан-жақты шаралар қабылдайтын болсын.
Тармақ 2
2. Облыстық мәдениет басқармасы (М.К. Омарғалиев), қалалық және аудандық әкiмияттары, басқа да ведомстволармен бiрлесiп тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, олардың баршаға ашық болуын және халықтың оған белсендiлiкпен араласуын, әлеуметтiк-мәдени салалар өнiмдерi мен қызметтерiнiң отандық рыногын дамыту аумақаралық және халықаралық қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдете жүргiзу жұмыстарын қамтамасыз ету жалғастырылсын. Бұл мақсаттарға қол жеткiзу үшiн индикативтiк жоспарға сәйкес жұмыс iстемейтiн мәдениет мекемелерiн, әсiресе ауылдық жерлердегi қалпына келтiрудiң батымды шаралары алынсын: ауыл тұрғындары, әсiресе облыстың шалғай қашықтықтағы елдi мекендерiндегi, мәдени-демалыстық және ақпараттық-ағартушылық қызмет көрсету кешенiмен қамтамасыз етiлсiн; көркемөнерпаздық халық шығармашылығын дамыту, көпшілiк ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау, конкурстар мен фестивальдар өткiзу, мәдени шаралардың жаңа бағыттарын қалыптастыру үшiн жан-жақты жағдайлар жасалсын; кiтапханалардың кiтап қорларын отандық және әлемдiк шығармаларымен толықтырудың қажеттi шаралары алынсын және кiтапханалар Интернет жүйесiне қосылған компьютерлiк техникамен қамтылсын; облысты мекендеген халықтардың мәдениетi мен салт-дәстүрлерiн дамыту үшiн аудандарда ұлттық-мәдени орталықтар құрылатын болсын, жастар демалысы орталығы, бизнес-клубтар мен баспасөз клубтары, спорттық-демалыс орталықтары сияқты және тағы басқа демалыс өткiзудiң нысандары ұйымдастырылсын; бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi пайдалануға шаралар алынсын, экономикалық менеджмент дамытылсын, облыстық филармония, кинопрокат жүйесiнiң және кейбiр басқа да тиiстi мәдениет саласындағы мекемелердiң мүмкiндiктерiн шағын және орташа бизнес субъектiлерi деп санап өздерiн дамытуға қаражат табуға пайдаланылсын; бiлiм, спорт және туризм, қоғамдық ұйымдар мен басқа да ведомстволармен қарым-қатынасты мәдени мекемелердiң мәртебесiн көтеру үшiн күшейтiп оларды нағыз рухани орталыққа айналдырылсын; классикалық өнер түрлерiн, балалар көркемөнерпаздығын дамытуға арнайы көңiл бөлiнiп, жас домбырашы, күйшi, солист-вокалист, тағы басқа да мектептердiң дамуына ерекше көңiл бөлiнсiн.
Тармақ 3
3. Мәдениет басқармасы кадрларды iрiктеу мен орналастыруға, оларды оқыту мен бiлiктiлiгiн арттыруға, творчестволық дарынды жас таланттарды айқындауға, жұмыс тәжiрбие алмастыруларына ерекше көңiл бөле отырып, олардың көпшiлiк арасында белсендiлiкпен қызмет iстеуiне жағдай туғызу арқылы ведомствоға қарасты мекемелермен ұйымдық-көпшiлiк және әдiстемелiк жұмыс түрлерi жетiлдiрiлсiн.
Тармақ 4
4. Мәдениет басқармасы (М.К. Омарғалиев), облыстық қаржы басқармасы (А.Ш. Хамитов), қалалық мен аудандық әкiмияттары мәдениет мекемелерiнiң, әсiресе ауылдық мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын жақсартудың шараларын қабылдай отырып, олардың ғимараттарын жөндеуден өткiзу, клубтар мен кiтапханалар үшiн жабдықтар мен аппаратуралар, отын сатып алуға қажеттi қаражат қарастырылсын.
Тармақ 5
5. Мәдениет (М.К. Омарғалиев), инфрақұрылым және құрылыс (Ә.Б. Сытдықов) басқармалары, қала мен аудандық әкiмияттары Орал қаласы мен аудандардың құрылыс жүргiзудiң бас жоспарларына сәйкес сәулет, тарихи және мәдениет, өнер және археология ескерткiштерiн сақтау мен қалпына келтiруге ерекше көңiл бөлiп, оларды жаңғырту мен тиiстi дәрежеде ұсталу шараларын алатын болсын.
Тармақ 6
6. Мәдениет саласындағы актуалды мәселелердi қарауға және оның мекемелерiнiң жұмысын үйлестiру үшiн облыстық әкiмият жанында тиiстi өкiлеттiгi бар мәдени Кеңес құру облыстық әкiмиятқа ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қала мен аудандық әкiмияттарына, қалалық, аудандық мәслихаттарға "Мәдениет туралы" Заңның аумақтарда орындалуы туралы мәселенi сессияларда және алқа мәжiлiстерiнде мезгiл-мезгiл қарау, мәдениет мекемелерiне қажеттi көмек көрсету, олардың қызметiне бақылауды күшейту ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Облыстық "Орал өңiрi" және "Приуралье" газеттерi, облыстық телерадиокомпаниясы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары облыстағы мәдениет мекемелерiнiң қызметi мен олардың проблемалары жөнiнде баспасөзге жиi жариялап, олардың iс-тәжiрбиелерiн насихаттайтын болсын.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.