Об утверждении Правил использования резерва местного исполнительного органа Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 29.04.2005 № 176 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 қаулысына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 148 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдарды резервтік қаржысын пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімінің "Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 20 наурыздағы № 53 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 3. Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесі
2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 642 қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдары резервін пайдаланудың Ережесі Осы Ереже жергілікті атқарушы органдары резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Аудандық бюджеттің резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте қаралған және аудан әкімдігінің қаулысымен көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінген қаражат. Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар. Жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамындағы қаражат - аудандық жергілікті атқарушы органдары резервінің құрамында көзделетін және аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне немесе сот шешімдері бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарына бөлінетін қаражат. Ауданның жергілікті атқарушы органының резерв қаражатын алушы - аудандық бюджеттік бағдарламаларды әкімшісі.
Тармақ 2
2. Ауданның жергілікті атқарушы органдары резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жылғы сипаттағы көлденең шығыстарға мына шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға мыналар енеді: - төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге материалдық көмектер көрсету; - зардап шеккендер үшін уақытша тұруға, тамақтандыруға орындар дайындау және ұстау; - шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру; - төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдануын қамтамасыз ету; - қажетті жағдайда қосымша шығыстар тізімін ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарап жасайды және ол аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша атқарушы органдарды міндеттемелерін, сондай-ақ облыстық қаржы басқармасы алдындағы аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 3
3) аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған басқа да болжанбаған шығыстар.
Тарау 2. 2. Аудандық жергілікті атқарушы органының резерв қаражатын бөлудің»және пайдаланудың тәртібі
2. Аудандық жергілікті атқарушы органының резерв қаражатын бөлудің»және пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде Заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстары мен несиелендіруі құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде жүзеге асырылады, онда бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Аудандық жергілікті атқарушы органының резерв қаражатының» қатаң арнаулы мақсаты болады және осы тәртіпте және аудан әкімдігінің резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында қаралмаған мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақ 5
5. Аудандық жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) аудандық бюджетте қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
Тармақша 2
2) пайда болған қажеттілік және сот шешімдері арқылы атқарушы органның міндеттемелерін өтеу жағдайын қоспағанда алушының өткендегі міндеттемелеріне байланысты емес жағдайлар.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің аудандық жергілікті атқарушы органының резервіне қаражат бөлу туралы қаулысы жыл аяғында күшін жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аудандық жергілікті атқарушы органдарының резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды.
Тармақ 8
8. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия айқындайды.
Тармақ 9
9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аудан әкімдігіне енгізеді.
Тармақ 10
10. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық жергілікті атқарушы органының резервтер қаражаттарының есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Тарау 4. 4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
Тармақ 11
11. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда жергілікті атқару органдарының резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын Заңдарда белгіленген тәртіппен облыстық қаржы басқармасы дайындайды.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын Заңдарда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар дайындайды.
Тарау 5. 5. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу
5. Басқа болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 14
14. Жергілікті атқарушы орган резервінен болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аудандық қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен қаржы бөлу туралы өтініш тапсырады.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде жергілікті атқарушы органы резервінен қаржы бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 16
16. Өтініштерді қарау кезінде ағымдағы қаржы жылында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаржының тиімді бөлу мақсатында ағымдағы әр тоқсанда жергілікті атқарушы органдар резервінен болжанбаған шығыстарға арналып бөлінетін қаржы сомасы жергілікті бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға арналып қаралған қаржыны 25% аспауы тиіс.Соның өзінде жергілікті атқарушы органдар резервінен осы мақсатқа қаржы бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы есепке алынады.
Тармақ 17
17. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші оңды шешім алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың сол әкімшісі заңнамаларда белгіленген тәртіппен әзірлейді.
Тарау 7. 7. Бақылау және есептілік
7. Бақылау және есептілік
Тармақ 18
18. Аудандық бюджеттің резервінен бөлінген қаражатты алушылар есеп беруі керек.
Тармақ 19
19. Аудандық қаржы бөлімі аудан әкімдігіне ай сайын жергілікті атқарушы органдары резерві қаражатының пайдаланылуы және қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 20
20. Аудандық бюджеттің резервінен бөлінген қаражаттың» мақсатсыз пайдаланулуы үшін алушы Қазақстан Республикасының Заңдарында қаралған тәртіппен жауап береді.
Тармақ 21
21. Жергілікті атқарушы органдары резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.