Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Составление акта о морском протесте в случае кораблекрушения судов Республики Казахстан, находящихся за границей» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі 2020 жылғы 27 мамыры № 11-1-4/167 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акт жасау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» (бұдан әрі - Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заң) 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 230-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Теңіздегі наразылық туралы акті – кеме капитанының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші, кеме журналының деректері, кеме капитанынан және қажет болған жағдайда кеме экипажының басқа мүшелерінен сұрастыру негізінде әзірленген құжат.
Тармақ 3
3. Егер оқиға:
Тармақша 1
1) теңіз портында болса, оқиға болған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде;
Тармақша 2
2) кеме жүзіп жүрген кезде болса, кеменің немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейін алғашқы теңіз портына келген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде теңіздегі наразылық туралы мәлімдеме беріледі. Оқиға жүзiп жүрген кезде болған жағдайда, оқиға болғаннан кейiн алғашқы портқа кiруге байланысты кететiн уақыт пен жұмсалатын шығыстардың елеулi ысырабын болғызбау үшiн, теңiздегi наразылық туралы мәлiмдеме кеменiң немесе кеме капитанының оқиға болғаннан кейiн алғашқы порт болып табылмайтын портқа келген кезiнде берiлуi мүмкiн. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акт жасау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі жүгінген кездегі өтініші (капитанның жеке мәліметтерін, кеменің атауын, капитанның азаматтығын, капитанның тіркелген портын, кеменің иесі туралы мәліметтерді, кеменің жүру бағдарын, оқиға болған жердің координаттарын, тасымалданатын жүктің өлшемі мен сипатын, жолаушылар санын, теңіз оқиғасының мән-жайын (теңіз апаты), теңіз оқиғасының салдарын көрсете отырып) мен мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
Тармақша 2
2) кеме журналы және одан үзінді (салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі);
Тармақша 3
3) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгiленген мерзiмде теңiздегi наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, мұның себептерi теңiздегi наразылық туралы мәлiмдемеде көрсетiлуі тиiс. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін қызмет алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында, осы Қағидалардың 1 қосымшасына сай қамтылған.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні өтінішті қабылдайды және тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тізбеге сәйкес ұсынған кезде, өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдау уақыты көрсетілген белгі, өтініштің қағаз жеткізгіште қабылдануын растау болып табылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңның және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуын және жарамдылығын тексереді.
Тармақ 7
7. Тексеру нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес үлгі негізінде теңіздегі наразылық туралы актіні толтырады және береді, және оны өзінің қолы және мөрмен куәландырады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі үш жұмыс күнін құрайды. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша уәкілетті органға беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1 қосымша «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Кеме капитанының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алу тәсілдері Мем­ле­кет­тiк көр­се­ті­ле­тін қыз­мет «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық ко­дек­сі)» 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да алы­на­тын кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы­ның ше­гі­нен тыс жер­де алы­на­тын кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің ба­за­лық ең тө­мен және ең жо­ға­ры мөл­шер­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2019 жы­л­ғы 20 ақ­пан­да­ғы № 74 қа­улы­сы­на және «Шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да кон­сул­дық әре­кет­тер жа­са­ға­ны үшін кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 11-1-4/227 бұй­ры­ғы­на сәй­кес кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. 7 Жұмыс кестесі 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі - қабылдамайтын күн. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы (болған жағдайда) кезекті брондау мүмкіндігі жолымен, жеделдетілген қызметсіз көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.mfa.gov.kz. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Кеме капитанының көрсетілетін қызметті берушіге жеке өзі жүгінген кезде: 1) өтініш (капитанның жеке мәліметтерін, кеменің атауын, капитанның азаматтығын, капитанның тіркелген портын, кеменің иесі туралы мәліметтерді, кеменің жүру бағдарын, оқиға болған жердің координаттарын, тасымалданатын жүктің өлшемі мен сипатын, жолаушылар санын, теңіз оқиғасының мән-жайын (теңіз апаты), теңіз оқиғасының салдарын көрсете отырып); 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы); 3) кеме журналы және одан үзінді (салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі); 4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. 9 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі. 10 Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген: www.mfa.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 2. Теңіздегі наразылық туралы акті
«Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіздегі наразылық туралы акті жасау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2 қосымша нысан Теңіздегі наразылық туралы акті __________________ ______________________ (қала, республика) (күні, айы, жылы) Мен, __________________________ ________________________ консулы (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (шетелдегі мекеменің атауы) _______________________________________ кемесінің капитаны азамат (ша) (кеменің атауы, иесі) _______________________________________ 20__ жылғы «__»___________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), оның азаматтығы) кеменің жүзу (тоқтау) кезінде орын алған оқиға туралы арызын қабылдадым. Капитанның арызы бойынша оқиға былай болған: ____________________________________________________________________ (кеме капитаны арызының мазмұны) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес маған ұсынылған кеме журналындағы (кеме журналы қашан табыс етілген күні көрсетіледі) деректермен таныстым және оқиғаның мән-жайы туралы капитанның өзінен, кеме командасы қатарындағы куәлерден және кеме құрамындағы екі куәден сұрағанымда, олар мынаны айтты: 1 ______________________________________________________________ (кеме капитанының, куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, азаматтығы, олардың айғақтарының мазмұны көрсетіледі. Айғақтарға кеме капитаны мен куәгерлер қол қояды). 2 ______________________________________________________________ 3 ______________________________________________________________ 4 ______________________________________________________________ 5 ______________________________________________________________ №____________ тіркелді Өндірілді _______________ Консул _________________ (қолы, мөр)