О социальной защите малообеспеченных семей, имеющих несовершеннолетних детей Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке жасы толмаған балалары бар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 28.01.2005 № 12 қаулысымен. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы негізінде, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосып берілетіндер бекітілсін: Халықтың нысаналы топтарына кіретін отбасының балалары үшін қаланың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінен орын беру ережелері; Жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушыларына, Лисаков техникалық колледжінің кәсіби - техникалық мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсету ережелері.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.
Басқа 3. Халықтың нысаналы топтарына кіретін отбасының балалары үшін қаланың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінен орын беру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарына кіретін отбасының балалары үшін қаланың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінен орын беру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер «Ивушка» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Дельфинчик» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының, «Мұрагер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының, «Улыбка» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жұмыс істеп жатқан топтарында ата-аналардан тамаққа ақысын төлеусіз-ақ халықтық нысаналы топтарына кіретін отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінен орындарды ұсыну жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Қаланың мектеп жасына дейінгі мекемелерде орын беру тәртібі мен шарты
2. Қаланың мектеп жасына дейінгі мекемелерде орын беру тәртібі мен шарты Халықтық нысаналы топтарына кіретін отбасы қатарынан мектеп жасына дейінгі балаларды қаланың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне қабылдау еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының және қалалық білім беру бөлімінің жазбаша жолдама негізінде жүргізіледі. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы берілген жолдаманы есепке алады. Жолдама ата-аналарына немесе 2 жастан жоғары балалардың ата-аналарына немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғаларға беріледі. Халықтың нысаналы топтарына кіретін отбасы қатарынан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру заңнамамен белгіленген тәртіпте мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Қаланың мектеп жасына дейінгі мекемелерден орын беруге шығын орнын толтыру тәртібі
3. Қаланың мектеп жасына дейінгі мекемелерден орын беруге шығын орнын толтыру тәртібі Балалардың мектепке дейінгі мекемелері бойынша субсидия мөлшерін анықтау кезінде жәрдемақы халықтық нысаналы топтарына кіретін отбасы қатарынан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыны есепке алынады.
Басқа 7. Жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушыларына, Лисаков техникалық колледжінің кәсіби-техникалық мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушыларына, Лисаков техникалық колледжінің кәсіби-техникалық мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Жалпы білім беретін 1-11 сыныптық мұқтаждық ететін оқушыларына, Лисаков техникалық колледжін кәсіби-техникалық мектептік мұқтаждық ететін оқушыларына оларды әлеуметтік қорғау мақсатында және қалалық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде материалдық көмек көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек алушылар
2. Материалдық көмек алушылар Материалдық көмек алушылар халықтық нысаналы топтарының қатарына кірген отбасылардың жалпы білім беретін 1-11 сыныптық мұқтаждық ететін оқушылары, техникалық колледждің кәсіби-техникалық мектептік мұқтаждық ететін оқушылары (Лисаков қаласының, Октябрь кентінің, Майлин селосының, Красногор селосының тұрғындары) болып табылады.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек көрсету үшін негіз
3. Материалдық көмек көрсету үшін негіз Материалдық көмек көрсетудің негізі табысы аз отбасылардың оқушылары үшін ата-аналары немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың өтініштері және нашар отбасылардың оқушылары үшін мектеп активінің немесе техникалық колледждің шешімі болып табылады.
Тарау 4. 4. Материалдық көмек беру нысаны
4. Материалдық көмек беру нысаны Материалдық көмек мына нысанда берілуі мүмкін: жалпы білім беру мектептердің 1-11 сынып оқушылары үшін киім-кешек, аяқ киім сатып алу; жалпы білім беру мектептердің 1-11 сынып оқушылары үшін мектепке жазу құралдарын сатып алу; 1-11 сынып оқушылары үшін мектепте және кәсіби-техникалық колледжінің оқушылары үшін техникалық колледжде бір рет тамақтануды ұйымдастыру.
Тарау 5. 5. Жәрдемақы мөлшері
5. Жәрдемақы мөлшері Жәрдемақы мөлшері материалдық көмек беру нысанына байланысты: киім-кешек, аяқ киім сатып алу 3000 теңгеге дейін; оқулықтар, мектепке жазу құралдарын сатып алу 500 теңгеге дейін; жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін тамақтандыру құны тендерде берілген бағалар бойынша; кәсіби-техникалық мектеп оқушылары үшін тамақтандыру құны тендерде берілген бағалар бойынша.
Тарау 6. 6. Материалдық көмек беру тәртібі
6. Материалдық көмек беру тәртібі Материалдық көмек тікелей мектепте немесе техникалық колледжде беріледі. Жалпы білім беретін мектеп директорлары және Лисаков техникалық колледжінің директоры осы жұмысты ұйымдастырып, қаражатты орындауға бақылауды жүзеге асырады. Киім-кешек, аяқ киім, оқулықтар мен мектеп құралдарының басқа заттары сауда ұйымдары, жеке кәсіпкерлері берген құжаттық шоттарымен, тауар чектері, анықтамаларымен және басқа құжаттарымен расталады. Көмек көрсетілген балалардың ата-аналары немесе орнын ауыстыратын тұлғалары оны алған кезде ең бірінші ақшалай құжаттарға қол қояды. Тамақтандыру түрінде көмектер көрсетілген кезде, осы мақсатта жұмсалған қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес тамақ үрдісін ұйымдастыратын тиісті органдарға қаржы беру арқылы ресімделеді.