Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Победа Карабалыкского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мәслихаттың «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 214 шешімінің (2014 жылғы 15 мамырда «Айна» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4649 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Қарабалық аудандық
мәслихатының шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылдық (бұдан әрі - Победа ауылы) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді және Победа ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын Победа ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастық халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Победа ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты үздіксіз жария тарату олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Учаске шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Победа ауылының әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашылуы алдында тиісті учаскенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Победа ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Победа ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін учаске тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Победа ауылының әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 22. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Қарабалық аудандық
мәслихатының шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елдің мекеннің атауы
Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Победа ауылының тұрғындары үшін
3