О некоторых мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения" Қолданыста
Басқа 0
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі кейбiр шаралар туралы
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті тиiсті аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың өзара iс-қимыл жасауының ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті тиiсті аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесінің құрылымы жергiлiктi атқарушы органдарға ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдердi "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиiстi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың өзара iс-қимыл жасауының ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 3 ақпандағы
N 126 қаулысымен
бекiтiлген
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиiстi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың өзара iс-қимыл жасауының ережесi
Тармақ 1
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиiстi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың (бұдан әрi - санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары) өзара iс-қимыл жасауы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының тиiстi аумақтардағы атқарушы органдарға есеп беруi әрi бағыныстылығы қағидаты бойынша анықталады.
Тармақ 2
2. Атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметiн үйлестiредi.
Осы мақсатта атқарушы органдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының көлемiн белгiлейдi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына ұйымдастырушылық, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi.
Тармақ 3
3. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары:
Тармақша 1
1) атқарушы орган белгiлеген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама көлемiнің орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) атқарушы орган шешiмiне сәйкес сынамалар алуға қатысады және құралдармен өлшеудi жүзеге асырады.
Басқа 11. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиістi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 3 ақпандағы
N 126 қаулысына
қосымша
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиістi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар мен аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер жүйесінің құрылымы
Тармақ 1
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi тиiстi аумақтарда жүзеге асыратын атқарушы органдар:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
қалалардың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
аудандардың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары.
Тармақ 2
2. Аумақтарда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталықтары;
қалалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары;
аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары.