Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на право занятия деятельностью по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении» Қолданыста
Басқа 0
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 28 мамыры
№ 318
бұйрығымен
бекітілген
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсету) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 3
3.
12.07.2026 бастап қолданысқа
енгізіледі - ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 № 98 бұйрығымен.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тізбеде жазылған.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Жеке басын куәландыратын құжаттар және автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификаттар мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Тармақ 9
9. 12.07.2026 бастап қолданысқа
енгізіледі - ҚР Көлік министрінің м.а. 25.04.2026 № 98 бұйрығымен.
Өтінішті өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші өтініш ЕЛ МДҚ келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру бойынша өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензияны алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін 3 (үш) жұмыс күнін, лицензияның телнұсқалары үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде, рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10800 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарайды.
Тізбенің 9-тармағында көзделген тізбеге, осы Қағидалардың талаптарына және Біліктілік талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын сәйкес келтірген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқаратын адамға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 13-1
13-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Тармақ 13-2
13-2. Тізбенің 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқаратын адамға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 13-3
13-3. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 14
Тармақ 15
Тармақ 16
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 18
18. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.04.2022 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басқа 1
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы
көрсетілсін) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________
Телефондары _______________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
_________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» ____________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Басқа 2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________
Факс _____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
__________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы «___» ____________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Басқа 3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жүзеге асыруға (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)
толық атауы) 20___ жылғы «___» _______________ № ________________,
__________________________________________________________________
берілген (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі
(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу
қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті
жолға Х қою қажет):
Тармақша 1
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____
жолымен қайта ұйымдастырылуы
Тармақша 2
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
Тармақша 3
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
Тармақша 4
4) «бъектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____
Тармақша 6
6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
Тармақша 7
7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________
Факс ______________________________________________________________
_________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» ____________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Басқа 4. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
жүзеге асыруға (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)
толық атауы)
20___ жылғы «___» _______________ № ________________,
_________________________________________________________________
берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі
(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
Тармақша 1
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______;
Тармақша 2
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______;
Тармақша 3
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______;
Тармақша 4
4) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______;
Тармақша 6
6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________;
Тармақша 7
7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________
Факс _____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
____________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы «___» ______________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Басқа 5. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы)
портал арқылы.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жіберу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны телнұсқасын жіберу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы Тізбенің 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: элетрондық түрінде
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға:
Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
1) лицензияны беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%;
3) лицензияның телнұсқасын беруге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден –100%.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
7
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда, өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
лицензияны қайта және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Жеке басын куәландыратын құжаттар және автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификаттар мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) лицензиялық алым енгізілмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
4) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге уақытша тыйым салған;
5) өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар
Басқа 6
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк
қалааралық) және халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
6-қосымша
Басқа 7. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
«Жолаушыларды облысаралық
қалааралық, ауданаралық
(облысішілік қалааралық) және
халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты
емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
7-қосымша
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
р/с №
Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:
Құжаттар
Ескертпе
1
Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобустар мен (немесе) шағын автобустар
жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері
2
жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт
жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері
3
автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар
автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (автомобиль көлігі саласында арнайы жоғары немесе орта білімі туралы) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері
4
автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат
автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері
5
автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары
автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері
6
автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат
жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері
7
тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрық
тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері