Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 15-4/423 ұсынысы негізінде, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округінің Тасөткел және Ақбұлақ ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.