Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на медицинскую деятельность» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығына қосымша «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 73, 91-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) рұқсаттық бақылау – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Тармақ 5
5. «Салықтар және бюджетке теленетін басқа да міндетті телемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінін (Салық кодексі) 554-бабында белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ «электрондық үкіметі» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 8-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «www.egov.kz», «www.elicense.kz» (бұдан әрі –портал) жібереді.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
Тармақша 3
3) медициналық қызметке лицензияның бар/жоғы туралы;
Тармақша 4
4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын («электрондық үкімет» шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮШ) мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын;
Тармақша 5
5) ЭҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;
Тармақша 6
6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы;
Тармақша 7
7) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімінің бар/жоғы туралы;
Тармақша 8
8) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімінің бар/жоғы туралы;
Тармақша 9
9) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;
Тармақша 10
10) мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының бар/жоғы туралы;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда) мәлімет алады;
Тармақша 12
12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі -өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЭҮШ болған жағдайда). Қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).
Тармақ 9
9. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың және портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді. Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.
Тармақ 10
10. Егер құжаттар Тізбенің 8-тармағына сәйкес толық көлемде ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші:
Тармақша 1
1) портал арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді келісу туралы сұрау салу жібереді;
Тармақша 2
2) ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тәртіп бойынша тыңдау жүргізеді;
Тармақша 3
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға өтінім берілген өндірістік базада рұқсат беру бақылауын (лицензия берілгенге дейін) жүргізеді;
Тармақ 11
11. Медициналық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді келісу не келісуден бас тарту туралы жауапты келісуші орган көрсетілетін қызметті берушіден сұрау түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне (дәлелді бас тартуға) дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылықты оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тыңдау хаттамасын жүргізеді, ол ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес ресімдейді.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар тізбесі және осындай құжаттарды ресімдеу туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады. Ескертулер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасай отырып, әрбір ескертуді дәлелдейді және көрсетілетін қызметті алушыға өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
Тармақ 14
14. Рұқсат беру бақылауы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен медициналық қызметті жүзеге асыруға өтініш берушінің бақылау объектісіне шығыуымен жүзеге асырылады. Бақылау объектісіне барудың уақыты мен күні туралы көрсетілетін қыметті алушыға ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, бару басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын хабарланады.
Тармақ 15
15. Рұқсаттық бақылау барысында (өндірістік базаға барған кезде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді.
Тармақ 16
16. Рұқсаттық бақылау аудио, фото-немесе бейнефикасацияны қолдана отырып жүргізіледі, жазбалар көрсетілетін қызметті берушінің «лицензиялау порталы» ішкі ақпараттық жүйесінде сақталады.
Тармақ 17
17. Рұқсаттық бақылаудың қорытындысында көрсетілетін қызметті берушінің атауы, рұқсаттық бақылауды жүргізген маманның деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы), бақылау объектісінің деректері (орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру коды немесе жеке сәйкестендіру коды, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы), сондай-ақ медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарының барлық тармақтары бойынша ақпарат көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР-ЖЖМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21502 болып тіркелген).
Тармақ 18
18. Егер көрсетілетін қызметті алушының медициналық қызметтің кіші түрін жүзеге асыратын орны басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте болса, құжаттарды қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру бақылауын жүргізу үшін алдағы қызметті жүзеге асыру орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу мен құжаттарды жібереді. Бұл ретте, объектіге бару күні мен уақыты туралы рұқсат беру бақылауын жүргізетін көрсетілетін қызметті беруші хабарлайды.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап порталға: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні; қағаз нысанында берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, қайта ресімдеу, сондай-ақ лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 21-1
21-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ҚР Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 24
24. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Тармақ 25
25. Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Тармақ 26
26. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Тармақ 27
27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 0. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері «www.egov.kz», «www.elіcense.kz» «электрондық үкімет» веб-порталы 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні; қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні. 4 Қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады: 1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-дан аспайды; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі: 1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін: осы қағиданың 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш; осы Тізбенің 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар/жоғын растайтын мәліметтер нысаны; жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін); «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына сәйкес қайта даярлаудан өткені туралы куәлік оқу нәтижелерін тану, қосымша және бейресми білім беру арқылы алған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген); Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда); меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ-да мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын растайтын құжат; 2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде; осы Тізбенің 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш; ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады. 3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаныңтелнұсқасын алу үшін: осы Тізбенің 4-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 5-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған; 2) лицензиялық алым енгізілмеген; 3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; 4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға сондай-ақ рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алды; 5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады; 6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталды; 7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған; 8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. 10 Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурсында көрсетілген kmfk@dsm.gov.kz. 4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.
Басқа 2. Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші __________________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) _______________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауын көрсету) жүзеге асыруға ________________________________________________________________________________ қағаз жеткізгіште (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда тиісті ұяшықты көрсетіңіз Х)лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы ___________________________ ______________________________________________________________________________________________ (почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,(стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық почтасы ______________________________________ Телефондары _________________________________________________ Факс ________________________________________________________ Банктік шоты ______________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісініңмекенжайы) ____________________________________________________________________________________________ (почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) _________ парақта қоса беріледі. Осымен:
Тармақша 1
1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін екендігі;
Тармақша 2
2) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
Тармақша 3
3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
Тармақша 4
4) өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді. Жеке тұлға ____________ ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Толтырылған күні: 20 ___ жылғы «__» ______
Басқа 3. Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуүшін өтініші
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуүшін өтініші __________________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ______________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, тұратын жері, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________________________________________________ (Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(кіші түрлерінің) толық атауын көрсету) жүзеге асыруға ________________________________________________________________________________қағаз жеткізгіште (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда тиісті ұяшықты көрсетіңіз Х) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді сұраймын. Заңды тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,(стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық почтасы ______________________________________ Телефондары _________________________________________________ Факс ________________________________________________________ Банктік шоты ______________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды)жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________________________________________________________ (почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,(стационарлық үй-жайының нөмірі) _________ парақта қоса беріледі. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберу мүмкін екендігі;
Тармақша 1
1) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
Тармақша 2
2) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
Тармақша 3
3) өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді. Басшы ______________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Толтыру күні: 20__ жылғы «___»_____________