Об утверждении Правил назначения и освобождения ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и Требований, предъявляемых к председателю и членам ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающего деятельность филиала банка-нерезидента Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9945 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 241 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14424 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамыры № 57 қаулысына 1-қосымша Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сондай-ақ қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (бұдан әрі – мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы) тарату комиссияларының төрағасын және мүшелерін тағайындау және босату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тарату комиссиясы құрылған кезде мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына немесе мүшесіне тағайындау үшін құжаттар ұсынған және осы қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін, тестілеуден оң нәтижелер алған, Қағидаларға сәйкес әңгімелесуден өткен кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат);
Тармақша 2
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерінің (мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);
Тармақша 3
3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым қызметкерлерінің;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындайды. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 69-бабының 1-1-тармағында айқындалған тұлғалар арасынан тағайындайды. Уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері Талаптарға мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы қызметінің бүкіл кезеңі ішінде сәйкес келеді.
Тармақ 3
3. Сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі – кепілдік беру ұйымы) кепілдік беру ұйымның қолдаухаты негізінде таратылған жағдайда:
Тармақша 1
1) бос жұмыс орнына кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген (мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау кезінде);
Тармақша 2
2) уәкілетті органның қызметкерлері және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкерлері Қағидалардың 24-тармағының 2), 2-1), 3), 6), 8), 9) тармақшаларда көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған және (немесе) уәкілетті органның басқа қызметкерлеріне және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкерлеріне ауыстыру арқылы уәкілетті органның қызметкерлерін және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкерлерін босату қажет болған жағдайда;
Тармақша 3
3) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының істерін аяқтау жөніндегі жұмысты жалғастыру үшін осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының негізгі міндеттері мен функцияларын тарату комиссиясының орындауын жедел жалғастыруды қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері қатарынан тағайындалады.»;
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің бос жұмыс орнына орналасу туралы хабарландыруды уәкілетті орган қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Тарату комиссиясын құру қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жүзеге асырылады. Қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату барысында бос жұмыс орны болған кезде, бос жұмыс орнына орналасу туралы хабарландыру да уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. Осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінің ережелері тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесін тағайындаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Кандидат ұсынатын құжаттарды қарау
2-тарау. Кандидат ұсынатын құжаттарды қарау
Тармақ 5
5. Қағидалардың 6-тармақтарында көзделген жағдайды қоспағанда, кандидат мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауын көрсете отырып және мынадай құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады:
Тармақша 1
1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 2
2) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 3
3) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 4
4) кандидаттың бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);
Тармақша 5
5) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір парағына қол қойылған және қол қойылған сауалнама;
Тармақша 6
6) ұсынылған құжаттардың тізімдемелері.
Тармақ 6
6. Мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып табылатын не бос орынға өтініш берген күннің алдындағы бір жылдың ішінде мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кандидат мыналарды қоса бере отырып, өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады:
Тармақша 1
1) кандидаттың мәжбүрлеп таратылатын өзге қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып табылатынын не бұрын болғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 2
2) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір парағына қол қойылған және қол қойылған сауалнама.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган Қағидалардың 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кандидаттың тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін (ұйымның кепілдік беру жөніндегі өтінішхатын) және құжаттарды олардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Кандидат (кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкері) ұсынған құжаттарды тексеру үшін қажет болған кезде уәкілетті орган мемлекеттік органдарға және (немесе) өзге ұйымдарға сұратулар жібереді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органға ұсынылған, Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар кандидатқа (кепілдік беру жөніндегі ұйымға) қайтарылады. Қайтарылған құжаттардың көшірмелері кандидаттың іс қағаздарына қосып тіркеледі. Қайта ұсынылған құжаттар жаңадан келіп түскен болып есептеледі және Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты бөлімше) Талаптарға сәйкес келген кандидат бойынша тестілеуге жіберу туралы қорытынды дайындайды. Мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның бұрын басшы қызметкері болған кандидат бойынша қорытындыда оның көрсетілген лауазымдардағы қызметі туралы және ол жол берген бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі. Тестілеуге жіберу туралы қорытынды кандидат ұсынған құжаттар топтамасына қоса беріледі.
Тармақ 10
10. Кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің Талаптарға және Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкері әрбір парағына қол қойған және қол қойған өзін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындауға арналған кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің сауалнамасы қоса берілген кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатына сәйкес келуі кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі лауазымына сауалнамасын жауапты бөлімшенің қарауы үшін негіз болып табылады. Кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің Талаптарға сәйкес келуін кепілдік беру жөніндегі ұйым қамтамасыз етеді. Кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатында мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі лауазымына үміткер кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің талаптарға сәйкес келетіндігі көрсетіледі. Кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің сауалнамасын және кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкері бойынша қорытынды дайындайды.
Тармақ 11
11. Талаптарға сәйкес келмейтін кандидат немесе кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкері бойынша уәкілетті орган кандидаттың немесе кепілдік беру жөніндегі ұйым қызметкерінің Талаптарға сәйкес келмейтіндігі туралы негізделген жауап жібереді және ұсынылған құжаттарды қайтарады.
Тармақ 12
12. Тестілеу өткізгенге дейін 7 (жеті) жұмыс күні бұрын жауапты бөлімше кандидатқа тестілеудің өтетін күні және орны туралы жазбаша түрде хабарлайды. Кандидат тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кандидат бұл туралы уәкілетті органға келмеу себептерін көрсете отырып хабарлайды. Уәкілетті орган тестілеуден өту үшін оған жаңа мерзім белгілейді және тестілеу өткізуге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын кандидатқа бұл туралы хабарлайды.
Тармақ 13
13. Кандидаттарды тестілеу 30 (отыз) сұрақ бойынша 45 (қырық бес) минут ішінде компьютерлік әдіспен жүргізіледі. Тестілеуді жүргізу кезінде кандидаттың жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануына жол берілмейді. Көрсетілген талаптардың бұзылуы тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі. Кандидат тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қойғызу жолымен тестілеу нәтижелерімен таныстырылуға тиіс. Тестілеудің оң нәтижесін алған (кем дегенде 70 (жетпіс) пайыз дұрыс жауап жинаған) кандидат әңгімелесуге жіберіледі.
Тармақ 14
14. Әңгімелесуді уәкілетті органның біліктілік комиссиясы кандидат тестілеудің оң нәтижесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткізеді. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады. Әңгімелесу қорытындылары уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпарат болса (кандидаттың қасақана жалған ақпарат пен құжаттарды ұсынуы);
Тармақша 2
2) кандидат Қағидаларда және Талаптарда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Тармақша 3
3) тестілеудің немесе әңгімелесудің нәтижесі теріс болса не дәлелді себептерсіз тестілеуге және (немесе) әңгімелесуге келмесе, кандидатты мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындамайды.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган әңгімелесуден өтпей қалған кандидатқа уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының құрамына қатысты шешімдер қабылдау тәртібі
3-тарау. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының құрамына қатысты шешімдер қабылдау тәртібі
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің кандидатты және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін тағайындау туралы шешімін жауапты бөлімше дайындаған кандидат бойынша қорытынды, кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкері жөніндегі қорытынды, уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделетін уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды.
Тармақ 18
18. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясы уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы негізінде құрылады. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясына төраға – уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары басшылық етеді. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясының шешімдері уәкілетті органның біліктілік комиссиясының отырысына қатысып отырған оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 19
19. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының сандық құрамын уәкілетті органның біліктілік комиссиясы белгілейді.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін тағайындау туралы бұйрығында мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауы, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Уәкілетті органның кандидатты, кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің қызметіне тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың жіберілуін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен жіберіледі немесе кандидаттың, кепілдік беру жөніндегі ұйымның өзіне тапсырылады.
Тармақ 22
22. Қағидаларда белгіленген құжаттарды ұсынбастан, тестілеуден және әңгімелесуден өтпестен:
Тармақша 1
1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының (тарату комиссиясы төрағасының орынбасары болмаған жағдайда) міндеттерін - мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының мүшесіне немесе жұмысқа тартылған қызметкерге;
Тармақша 2
2) өңірдегі мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы мүшесінің (аумақтық бөлімше басшысының) міндеттерін - мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының басқа мүшесіне не жұмысқа тартылған қызметкерге 3 (үш) айға дейінгі мерзімге уақытша жүктеуге жол беріледі. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрығы жауапты бөлімше дайындаған және біліктілік комиссиясының төрағасы мақұлдаған қорытынды негізінде шығарылады. Уәкілетті органның біліктілік комиссиясының тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің міндеттерін уақытша жүктеу мәселесі жөніндегі отырысы өткізілмейді. Осы тармақтың ережелері тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесін тағайындаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін босату тәртібі
4-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін босату тәртібі
Тармақ 23
23. Жауапты бөлімше мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының есептері, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексерулердің актілері, өтінішхаттар мен өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды және мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы мәселені уәкілетті органның біліктілік комиссиясының отырысына шығарады.
Тармақ 24
24. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі уәкілетті органға өзінің кандидатурасын тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі қызметіне қарау кезінде қасақана жалған ақпаратты немесе құжаттарды ұсынғанда;
Тармақша 2
2) өз міндеттерін орындамағанда және (немесе) тиісінше орындамағанда;
Тармақша 2-1
2-1) тарату комиссиясы белгіленген мерзімде уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамағанда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, еңбек, банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген қаржы ұйымдарын және басқа заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарды бұзғанда;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындау туралы шешім шығарғанда;
Тармақша 5
5) тарату комиссиясы тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен еңбек шартын және (немесе) өзге азаматтық-құқықтық шартты тоқтатқанда (бұзғанда);
Тармақша 6
6) лауазымдық міндеттерін қайта бөлуге немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі лауазымын атқаратын қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы және мүшесі лауазымынан өз қызметкерлерін босату туралы атқаратын лауазымынан босатылатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ұсынылған кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхаты болғанда;
Тармақша 7
7) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты тарату комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы уәкілетті орган шешім шығарғанда немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының өтінішхаты болғанда;
Тармақша 8
8) уәкілетті органның қызметкерін мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының құрамынан шығарудың қызметтік қажеттілігі (лауазымдық міндеттерін қайта бөлу) болғанда;
Тармақша 9
9) тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің лауазымын атқаратын уәкілетті органның қызметкерімен еңбек шартын бұзғанда;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғанда;
Тармақша 11
11) тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымның алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік өтемінің сомасы бойынша берешегін өтеген жағдайда босатады.
Тармақ 25
25. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы шешімді жауапты бөлімше дайындаған мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі жөніндегі қорытынды, уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшы орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделетін уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды. Уәкілетті органның қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы бұйрығында мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының атауы, Қағидалардың 24-тармағында көзделген тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату негіздемесі көрсетіледі. Тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін Қағидалардың 24-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша босатқан кезде уәкілетті органның біліктілік комиссиясының хаттамасы жасалмайды. Шешім уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі Қағидалардың 24-тармағында көзделген негіздер бойынша тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін лауазымынан босату туралы уәкілетті органның біліктілік комиссиясы төрағасының атына дайындаған қорытынды негізінде қабылданады және уәкілетті органның бірінші басшысының (бірінші басшының орынбасарының) бұйрығы түрінде ресімделеді.
Тармақ 26
26. Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босату туралы бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың жіберілуін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен жіберіледі немесе лауазымынан босатылған адамның өзіне тапсырылады. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі болып табылатын уәкілетті органның қызметкерлерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлерін қызметтік қажеттілік (лауазымдық міндеттерін қайта бөлу) туындаған кезде және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның өтінішхаты болған жағдайда оларды уәкілетті органның басқа қызметкерлеріне және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлеріне ауыстыру арқылы да босатуды жүзеге асырады. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі болып табылатын уәкілетті органның қызметкерлерін және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлерін уәкілетті органның басқа қызметкерлеріне және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлеріне ауыстыру арқылы босату Қағидалардың 4-тармағында көзделген кандидаттарға қосымша іріктеу жүргізбестен (мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі лауазымының бос орнын иелену туралы хабарландыруды жарияламастан, тестілеуден және әңгімелесуден өтпестен) жүзеге асырылады.
Басқа 1.1
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларына қосымша Нысан ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының толық атауы) ____________________________________________________________________ 20 __ жылғы _____________________ (күні) Бос орын атауы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ____________________________________________________________________ (толық көрсету) 2. Тұратын жері ____________________________________________________________________ (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офис) нөмірі ____________________________________________________________________ (телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы (бар болса) 3. Туған күні мен жері ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 4. Азаматтығы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 6. Білімі туралы деректер (біліктілікті көтеру курстарын қоса алғанда) № оқу ор­ны­ның, фа­куль­тет­тің (бө­лім­ше­нің, ма­ман­дық­тың) ата­уы) оқу ке­зе­ңі бе­рі­л­ген бі­лік­ті­лік бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның сер­ти­фи­кат­тың, ку­ә­лік­тің де­ректе­ме­ле­рі оқу ор­ны­ның ор­на­лас­қан же­рі 1. 2. ... 7. Сіздің біліктілігіңізді және құзыреттігіңізді объективті түрде айқындау үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа да ақпарат ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 8. Өзге де қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында (акцияларды иелену) тікелей және (немесе) жанама қатысу № заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің жар­ғы­лық түр­ле­рі осы заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да қа­ты­су со­ма мен үле­сі (кан­ди­дат­қа ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның да­уыс бе­ру­ші ак­ци­я­лар­дың жал­пы са­ны­на ара­қа­ты­на­сы) 1. 2. 9. Алынған қарыздар туралы мәліметтер № қарыз бер­ген тұл­ға­ның ата­уы (адам­ның аты) және ор­на­лас­қан же­рі қарыз бой­ын­ша негіз­гі бо­рыш со­ма­сы қарыз бе­рі­л­ген күн 1. 2. кестенің жалғасы қарыз өтел­ген күн са­у­ал­на­ма­ны тол­ты­ру кү­ніне бе­ре­шек со­ма­сы қарыз бой­ын­ша сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі (жыл­дық пай­ы­з­бен) 10. Сіз қаржы ұйымы қызметінің мәселесі бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде қатыстыңыз ба? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 11. Сіз бұрын өзге де қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысы (басқарма төрағасы), атқарушы орган немесе басқару органы бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болдыңыз ба? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы       соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі) 12. Сіздің қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына ие болу және өмір бойына қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуын қоса алғанда, алынбаған немесе өтелмеген соттылығыңыз бар ма? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 13. Сізге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарын бұзу, өзге қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не жекелеген кредиторларға артықшылық беретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері бар ма? Осылар бар болса, қандай екенін көрсетіңіз ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі) 14. Сіздің соңғы 3 (үш) жыл ішінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 15), 16), 17), 18) және 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері болды ма? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 15. Сіз бұрын мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот деп танылған өзге де қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы       соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі) 16. Сіз борышкердің немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы болып табыласыз ба? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 17. Сіз мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табыласыз ба? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 18. Сіз мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып табыласыз ба? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 19. Сіздің өзге де лауазымды (қызметті) атқаруыңызға байланысты шектеулеріңіз бар ма? ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 20. Еңбек қызметі туралы мәліметтер № Жұ­мыс іс­те­ген ке­зе­ңі (кү­ні, айы, жы­лы) Жұ­мыс ор­ны (қар­жы ұй­ы­мы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­ден­ті болған жағ­дай­да, қар­жы ұй­ы­мы­ның тір­кел­ген елі көр­се­ті­ле­ді) Ла­у­а­зы­мы Тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну­дың бо­луы Жұ­мыстан шы­ғу, ла­у­а­зым­нан боса­ту се­беп­те­рі 1 2 3 4 5 6 Ұсынылған мәліметтерді тексергенімді және оның дәйекті және толық екенін растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін. Қолы _______________ күні _________________
Басқа 2. Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына 2-қосымша Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының (бұдан әрі – мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалатын кандидатқа (бұдан әрі – кандидат), депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкеріне мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) жоғары экономикалық немесе заң білімінің немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімінің болуы;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк, еңбек заңнамасын, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, атқарушылық іс жүргізу туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын білуі;
Тармақша 3
3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 15), 16), 17), 18) және 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу фактілерінің болмауы;
Тармақша 4
4) өзге қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарды бұзу фактілерінің болмауы;
Тармақша 5
5) өзге қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу кезінде міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы
Тармақша 6
6) жекелеген кредиторлардың не жекелеген кредиторларға артықшылықтар беретіндердің (бұрын өзге қаржы ұйымдары мен заңды тұлғалардың тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған тұлға үшін) мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілерінің болмауы;
Тармақша 7
7) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лауазымды адамын қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не борышкерінің немесе кредиторының лауазымды адамы болып табылмауы;
Тармақша 8
8) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (акционері) болып табылмауы;
Тармақша 9
9) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылмауы;
Тармақша 10
10) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып табылмауы;
Тармақша 11
11) өзге лауазымға орналасуына байланысты шектеу қойылмау;
Тармақша 12
12) өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысы (басқарма төрағасы), атқарушы органның немесе басқару органының бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болмауы. Көрсетілген талап өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады. Талаптардың 2-тармағының 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшаларында көрсетілген талаптар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі лауазымына тағайындаған кезде қолданылмайды. Банктің тарату комиссиясының төрағасы лауазымына үміткер кандидаттарға қосымша мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында және (немесе) қаржылық қызметтер ұсыну саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеу саласында және (немесе) оңалту және банкроттық саласында 3 (үш) жылдан астам үздіксіз жұмыс өтілінің болуы;
Тармақша 2
2) кандидатты ол тағайындалған күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тарту не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану фактілерінің болмауы;
Тармақша 3
3) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының немесе екінші деңгейдегі банкте жұмыс істеу және (немесе) екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы.