Об определении мест для осуществления выездной торговли в городе Семей Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабының 3 - тармағына, 27 - бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 - тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгілеу туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі № 1168 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4653 тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 26 тамызда «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған), «Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 1168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 11 шілдедегі № 1273 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-184 тіркелген, 2018 жылы 27 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 7 тамызда «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және орындау, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек және қоршаған ортаны қорғау инспекциясы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі
Семей қаласы әкімдігінің 2020 жылғы «1» маусымы № 722 қаулысына қосымша Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі
Тармақ 1
1. Юность көшесі (№ 25 ғимарат ауданында).
Тармақ 2
2. Красин көшесі (№ 70 ғимарат ауданында).
Тармақ 3
3. М. Лебаев көшесі (№ 1/2 ғимарат ауданында).
Тармақ 4
4. Восход кенті, Рудная көшесі (№ 18 ғимарат ауданында).
Тармақ 5
5. 905 Құрылыс көшесі, монша ауданындағы алаң.
Тармақ 6
6. Восточный кенті, А. Көшкінбаева көшесі (№ 35 «А» ғимарат ауданында).
Тармақ 7
7. Ак. Сәтпаев көшесі (№ 134 ғимарат ауданында).
Тармақ 8
8. Холодный ключ кенті (№ 7 «А» ғимарат ауданында).
Тармақ 9
9. Ш. Қаржаубайұлы көшесі (№ 259 «В» ғимарат ауданында).
Тармақ 10
10. Ж. Кәрменов көшесі (№ 61 «А» ғимарат ауданында).
Тармақ 11
11. Степной кенті (№ 12 «Д» ғимарат ауданында).
Тармақ 12
12. Комсомольский кенті, Гурьевская көшесі («Ахметов» АҚС ауданында).
Тармақ 13
13. 1 ықшамаудан (№ 7 «А» ғимарат ауданында).