Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения Күшін жойған
Басқа 0
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын органдар заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақытылы аударуына бақылау жүргізсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Қарағанды облысы әкімдігінің
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ 35/02 қаулысына қосымша
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейiн
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден
50 000 000 теңгеге дейiн
3 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 150 000 теңге + 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден
250 000 000 теңгеге дейiн
50 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 4 850 000 теңге + 15 пайыз
таза кіріс 250 000 001 теңгеден
500 000 000 теңгеге дейiн
250 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 34 850 000 теңге + 25 пайыз
таза кіріс 500 000 001 теңгеден
1 000 000 000 теңгеге дейiн
500 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 97 350 000 теңге + 30 пайыз
таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
1 000 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 247 350 000 теңге + 50 пайыз
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынды дамытуға, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын органмен келісілген нақты жобаларға жұмсалсын.