Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Джангельдинского района Күшін жойған
Басқа 0
Жангелдин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Жангелдин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Әкімдіктің
2020 жылғы «3» маусымдағы
№ 99 қаулысына
қосымша
Жангелдин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3000000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін
150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз