Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Карасуского сельского округа Карасуского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиыдарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 406 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің (бұдан әрі - Қарасу ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қарасу ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Қарасу ауылдық округінің әкімі шақырады.
Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Қарасу ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Қарасу ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қарасу ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қарасу ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарасу ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Басқа 17. Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 406 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы
Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1.
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу
ауылдық округінің Қарасу ауылы тұрғындары үшін
100
2.
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу
ауылдық округінің Восток ауылы тұрғындары үшін
30
3.
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу
ауылдық округінің Жұмағұл ауылы
тұрғындары үшін
5
4.
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу
ауылдық округінің Майское ауылы
тұрғындары үшін
3
5.
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу
ауылдық округінің Тімтүір ауылы
тұрғындары үшін
3