Об утверждении Правил представления брокерами сведений о сделках физических лиц с ценными бумагами, товарными биржами сведений о сделках физических лиц с биржевыми товарами, реализованными на товарной бирже, и их форм Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді, тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы ұсынатын мәліметтердің нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері ұсынатын мәліметтердің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелер туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14178 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15096 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Басқа 1. Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 маусымы № 568 бұйрығына 1-қосымша Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленді және брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 2
2. Брокерлер мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.
Тармақ 3
3. Брокерлер Мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде ұсынады және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Тармақ 4
4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Мәліметтер электрондық түрде «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында ұсынылады.
Басқа 1.1
Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымша нысан _______________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы бар мәліметтерді беруді сұрайды жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________________________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________________________ 20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейін кезеңі үшін Сұрау салуды жіберу себептері _____________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ Мемлекеттік кірістер органының басшысы (орынбасары) ___________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы «___» ____ №___ бұйрығына 1-қосымша нысан Брокердің атауы _____________________________________________________________________________ брокердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________ № Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Ба­ға­лы қа­ға­з­дың тү­рі Ба­ға­лы қа­ға­з­дың ха­лы­қа­ра­лық сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi (ISIN ко­ды) Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың но­ми­нал­ды құ­ны, тең­ге Мәмі­ле кү­ні Мәмі­ле тү­рі Мәмі­ле бой­ын­ша контр­агент 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бір де­по­зи­тар­лық қол­хат­тың ба­за­лық ак­ти­він құ­рай­тын ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны Де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру ба­ға­сы, тең­ге Де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар­дың ай­на­лыс мер­зі­мі Ин­ве­сти­ци­я­лық пай қо­ры­ның ата­уы Бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­ның ата­уы 11 12 13 14 15 16 ______________________________________________/___________________________________ Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (электрондық цифрлық қолтаңба) Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі ___________________ Брокердің мекенжайы ________________________ ______________________________________
Басқа 2.1. «Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. «Брокерлердің жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелері туралы мәліметтер» (бұдан әрі – Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды: 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі; 2-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі; 3-бағанда – бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 4-бағанда –1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 129-бабы 2-тармағына сәйкес 3-бағанда көрсетілген ұстаушысы жеке тұлға болып табылатын бағалы қағаздың түрі көрсетіледі; 5-бағанда – бағалы қағаздың халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN коды); 6-бағанда – 4-бағанда көрсетілген түрдегі бағалы қағаздардың саны; 7-бағанда – бағалы қағаздардың номиналды құны, теңгемен. 8-бағанда – мәміле күні; 9-бағанда – мәміле түрі; 10-бағанда – мәміле бойынша контраген.
Тармақ 2
2. Депозитарлық қолхаттар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда, қосымша мынадай ақпарат ұсынылады: 11-бағанда – бір депозитарлық қолхаттың базалық активін құрайтын бағалы қағаздардың саны; 12-бағанда – депозитарлық қолхаттарды орналастыру бағасы, теңгемен; 13-бағанда – депозитарлық қолхаттардың айналыс мерзімі.
Тармақ 3
3. Пайлар бойынша ақпарат ұсынылған жағдайда қосымша мынадай ақпарат ұсынылады: 14-бағанда – инвестициялық пай қорының атауы; 15-бағанда – басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 16-бағанда – басқарушы компанияның атауы.
Тармақ 4
4. Мәліметтер басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Басқа 3. Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы «___» ____ №___ бұйрығына 3-қосымша Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауар биржаларының жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленді және тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну қағидаларын айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 2
2. Тауар биржалары мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы бойынша ұсынады.
Тармақ 3
3. Тауар биржалары мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желі бойынша берілетін деректердің қорғалуын, түпнұсқалығын растауды, тұтастығын тексеруді және шифрленуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрду ұсынады және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Тармақ 4
4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша мәліметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда мәліметтер электрондық түрде «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында ұсынылады.
Басқа 3.1
Тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымша нысан _________________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 15-тармағына сәйкес тауар биржасында жеке тұлғалардың өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы бар мәліметтерді беруді сұрайды жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________________________________ 20 __ жылдың __ бастап 20__ жылдың __ дейін кезеңі үшін Сұрау салуды жіберу себептері ______________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________ Мемлекеттік кірістер органының басшысы (орынбасары) ____________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, мөрі)
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы «___» ____ №___ бұйрығына 4-қосымша нысан тауар биржасының атауы ___________________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________________ № Же­ке тұл­ға­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Та­у­ар­дың ата­уы Та­у­ар­дың ата­уы Та­у­ар­дың ата­уы 1 2 3 4 5 6 ________________________________________________________________/_______________________________ Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (электрондық цифрлық қолтаңба) Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі _________________________________ ________________________________________________________________________________________________ Тауар биржасының мекенжайы _____________________________________________________________________
Басқа 4.1. «Тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. «Тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтер» (бұдан әрі – Мәліметтер) нысаны мынадай деректерді қамтиды: 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі; 2-бағанда – биржалық тауарды сатып алушы-жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі; 3-бағанда – биржалық тауарды сатып алушы-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 4-бағанда – биржалық тауардың атауы; 5-бағанда – биржалық тауардың өлшем бірлігі; 6-бағанда – биржалық тауардың құны, теңгемен. Мәліметтер басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.