О мерах по упорядочению вырубки деревьев и зеленых насаждений на территории области Қолданыста
Басқа 0
Облыс аумағындағы ағаштар мен жасыл желекті екпеағаштарын кесуді реттеу шаралары туралы
Табиғат қорғay және жергілікті жерлердегі атқарушы органдар жасыл желекті екпе ағаштарының сақталуына бақылауды анағұрлым нашарлатып алғандықтан жер жерлерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге жол беріліп, табиғатқа орны толмас зиян келтірілуде. Ал кінәлілер болса жауапқа тартылмайды.
Мемлекеттік емес орман қорының ағаштары мен бұталарын кесуді Қазақстан Республикасының 1997 ж. 15-шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес ретке келтіру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалар әкімдері:
Тармақ 1.1
1.1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті инспектордың төрағалық етуімен жасыл желекті екпе ағаштарды кесуге байланысты барлық мәселелерді бақылау және үйлестіру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялар құрсын және «Ағаштар мен жасыл желекті екпе ағаштарын кесу тәртібі туралы» Ережелер әзірлесін.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссияның құрамын және жоғарыда аталған Ережелерді аудандық (қалалык) мәслихаттардың кезекті сессиясына бекітуге ұсынсын.
Тармақ 2
2. Ұсынылсын:
Тармақ 2.1
2.1. Алматы облыстық автомобиль жолдары басқармасы (В.П. Меренков), облыстық жол және коммуналдық шаруашылық баскармасы (Ә.Д. Изенбаев), «Қазақстан Teмip Жолы» РМК-н Алматы тасымалдау бөлімшесі (С.А. Ағментаев) өздеріне ведомстволық қарасты аумақтарда автомобиль және темір жолдарының бойындағы ағаштардың заңсыз кесілуінен қорғауды қамтамасыз етсін. Ағаштарды кесу аудандық комиссиялардың келісімімен жүзеге асырылсын.
Тармақ 2.2
2.2. Облыстық ішкі істер бас басқармасы (А.Ж. Шпекбаев) мемлекеттік орман қорына жатпайтын ағаштар мен бұта екпе ағаштарының заңсыз кесілуіне тыйым салуға және тәртіп бұзушыны Қазақстан Республикасының заңдарында ескерілген жауапкершілікке тартуға бағытталған кажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа және облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы А.А. Айтжановқа жүктелсін.