О некоторых вопросах Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-2-бабының 7), 8), 10) және 11) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары;
Тармақша 2
2) бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы білім алушыларының кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары;
Тармақша 3
3) бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х. Баймолдина осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымы № 15 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-Тарау. Жалпы ережелер
1-Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Академия) оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) автор – шығармашылық еңбегімен оқулық басылымы, әдістемелік кешен дайындаған жеке тұлға;
Тармақша 2
2) авторлық ұжым – серіктес тең автор ретіндегі жеке тұлғалар тобы;
Тармақша 3
3) оқулық басылымдар, оқу-әдістемелік кешендерінің мониторингі – оқулық басылымды, оқу-әдістемелік кешендерді білім беру ұйымдарындағы оқу процесіне енгізу нәтижелері жөніндегі ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;
Тармақша 4
4) оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерін сынақтан өткізу – білім беру ұйымдарының оқыту процесінде оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді пайдалану практикасын енгізу және кешенді зерделеу;
Тармақша 5
5) оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерін оларды сараптау – мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖМБС), Білім туралы Заңның 5-2 бабының 6 бөлігіне сәйкес бекітілген оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – Үлгілі оқу жоспарлары мен бағдарламалары) талаптарына, оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге және ғылымның психологиялық-педагогикалық талаптарына сәйкестілік бағасы;
Тармақша 6
6) сарапшы – сараптама жүргізуге тартылатын, білім беру, ғылым, техника және басқа да салаларда кем дегенде бес жыл еңбек өтілі және тиісті біліктілігі бар жеке тұлға;
Тармақша 7
7) электрондық жеткізгіштердегі оқулық басылым – оқытуды автоматтандыруға арналған, оқу курсына сәйкес келетін және оқу жұмыстарының әр-алуан түрлерін қамтамасыз ететін, сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, бейне және өзге ақпараттың жиынтығы ретінде ұсынылған басылым. Электрондық басылым электрондық жеткізгіште орындалуы, сонымен бірге интернет-ресурстарда орналастырылуы мүмкін. Электрондық оқу басылымдарына мыналар кіреді: электрондық оқулық, электрондық оқу құралы, электрондық оқу-әдістемелік кешен, бейне, аудио- материалдар, сандық білім беру ресурстары, виртуалды зертханалар және т.б.
Тармақша 8
8) оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі - ОӘК) – оқу және әдістемелік қызметін сұрақтары бойынша Академияның алқалы басқару органы болып табылады.
Тармақ 4
4. Білім беру процесін оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру және профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын ынталандыру мақсаты Академияда үздік оқулық басылымына, оқу-әдістемелік кешеніне байқау жүргізіледі.
Тарау 2. 2-Тарау. Оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау тәртібі
2-Тарау. Оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Автор оқулық басылымдар, оқу-әдiстемелiк кешендерін әзірлеуді МЖМБС, Үлгілі оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ескере отырып, мынадай талаптарға сәйкес жүргізеді:
Тармақша 1
1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімдерді енгізу;
Тармақша 2
2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың дұрыстығы;
Тармақша 3
3) мақсатты аудиторияна ескеру (тиісті білім деңгейінің білім алушылары, тыңдаушылар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері);
Тармақша 4
4) оқу материалы мазмұнының кәсіби, практикалық бағыттылығы.
Тармақ 6
6. Оқулық басылымдар, оқу-әдістемелік кешенінің авторлық ұжымының құрамына ғалымдар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, судьялар, сот органдарының қызметкерлері, оқу басылымның бейіні бойынша мамандар және әдіскерлер кіреді.
Тарау 3. 3-Тарау. Оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді сараптама жүргізу тәртібі
3-Тарау. Оқулық басылымдарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді сараптама жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. Міндетті түрде сараптама жүргізілуге жататын дайындалған оқулық басылымдар мен оқу-әдістемелік кешендер ОӘК отырыстарында қарастырылады. Міндетті түрде сараптама жүргізілуге келесі оқулық басылымдардың түрлері жатады: оқу-әдістемелік құралдар, практикумдар, сондай-ақ басылымға (баспаға) шығуды көздейтін оқу-әдістемелік кешендер. Оқулық, оқу құралдары, оқу-көрнекі құралдар, хрестоматиялар мен өзге де авторлық еңбектер түріндегі оқулық басылымдар автор немесе авторлық ұжымның өз еркі бойынша сараптамадан өтуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді қарау барысында ОӘК плагиатты анықтау мен алдын-алу жүйелерін пайдалана отырып, авторлар немесе авторлық ұжымдардың автор мен қайнар көздерге сілтеме жасамай материалдарды пайдалануын (плагиат) тексеріледі. Мәтіннің бірегейлігінің рұқсат етілген деңгейі Ғылыми кеңестің шешімімен белгіленеді.
Тармақ 9
9. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді қарастыру нәтижесі бойынша ОӘК келесідей:
Тармақша 1
1) оқулық басылымды, оқу-әдістемелік кешенді сараптау жүргізу туралы;
Тармақша 2
2) оқулық басылымды, оқу-әдістемелік кешенді пысықтау туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Оқулық басылымды, оқу-әдістемелік кешенді пысықтау туралы шешім, егер авторлар немесе авторлық ұжымдар автор мен қайнар көздерге сілтеме жасамай материалдарды пайдалануын (плагиат) тексеру нәтижесі бойынша сәйкестіктің рұқсат етілген деңгейінен кем болған жағдайда қабылданады.
Тармақ 10
10. Білім беру қызметінде пайдалануға ұсынылатын оқулық басылымдар, оқу-әдістемелік кешен мазмұнының МЖМБС, Үлгілі оқу жоспарлары мен бағдарламалары талаптарына, ғылыми зерттеулерге, оқытудың мақсаттарына, білім алушылардың дамуына, психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі кезеңдегі талаптарына сәйкестігін бағалау үшін оларға сараптау жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Сараптауды ОӘК ұйымдастырады.
Тармақ 12
12. Автор (авторлық ұжым) оқулық басылымға, оқу-әдістемелік кешенге сараптау жүргізу үшін ОӘК мынадай материалдарды жолдайды:
Тармақша 1
1) оқулық басылымына, оқу-әдістемелік кешенді сараптау жүргізу туралы еркін нысандағы өтініш, онда титулдық парағына сәйкес автор (авторлық ұжым), атауы, басылым тілі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) оқулық басылымның, оқу-әдістемелік кешеннің қағаз (бір дана) және электронды түріндегі нұсқалары;
Тармақша 3
3) екі сыртқы сын-пікір;
Тармақша 4
4) оқулық басылымында, оқу-әдістемелік кешенде авторға сілтеме жасамай материалдарды пайдалануын тексеру нәтижесі туралы анықтама.
Тармақ 13
13. Оқулық басылымдарына, оқу-әдістемелік кешенге сараптау жүргізу үшін ОӘК 3 адамнан аспайтын ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар профессорлық-оқытушылық құрам, оқулық басылымы дайындалған тиісті сала бойынша тәжірибесі бар қызметкерлер санынан сарапшыларды тартады.
Тармақ 14
14. Сарапшыларға автор (авторлық ұжым) ұсынған құжаттардың барлық жиынтығы беріледі.
Тармақ 15
15. Бір оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешенді сараптау ОӘК отырысында тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Сараптау қорытындысында мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:
Тармақша 1
1) басылымға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынылады;
Тармақша 2
2) басылымға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды.
Тармақ 17
17. ОӘК авторға (авторлық ұжымға) сараптау нәтижелері туралы сараптау қорытындысы шыққаннан кейін дереу хабарлайды.
Тармақ 18
18. Сарапшылардың оң қорытындысының негізінде Академияның ОӘ және ҒК және Ғылыми кеңесі оқулық басылымын, ОӘК баспаға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынады.
Тармақ 19
19. Сараптау нәтижесімен автор (авторлық ұжым) келіспеген жағдайда, ОӘК шешімі бойынша қосымша сараптау жүргізіледі, оны жүргізу осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес басқа сарапшыларға тапсырылады. Қосымша сараптау ОӘК ұйымдастырылады.
Тармақ 20
20. Есептер жинағы, оқу бағдарламалары, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендер сараптау жүргізілмей ОӘК қарастырылуға жатады. Қарастыру нәтижелері бойынша ОӘК келесідей:
Тармақша 1
1) оқу процесінде пайдалануға ұсыну туралы;
Тармақша 2
2) оқу процесінде пайдалануға ұсынбау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Тарау 4. 4-Тарау. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізу, оларға мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібі
4-Тарау. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізу, оларға мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібі
Тармақ 21
21. Жаңадан әзірленген оқулық басылымдарын сынақтан өткізу бір оқу жылы ішінде жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Сынақтан өткізу оқулық басылымды кейіннен оқу процесіне енгізу мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Оқу-әдістемелік кешенді (немесе оның жекелеген элементтерін) сынақтан өткізу кем дегенде бір оқу жылында жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Оқулық басылымдарын, оқу-әдістемелік кешенді сынақтан өткізу білім беру мекемелерінде жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Сынақтан өткізу нәтижелері автордың (авторлық ұжымның) қатысуымен ОӘК оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешенді білім беру қызметінде пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін қаралуға жатады. Сынақтан өткізу нәтижелері бойынша оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешенді жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарылған жағдайда, олар оқулық басылымдарына, оқу-әдістемелік кешенге мониторинг жүргізу кезінде есепке алу үшін ОӘК тапсырылады.
Тармақ 26
26. ОӘК жүйелі түрде оқулық басылымдарын, оқу-әдістемелік кешендердің мониторингісін келесідей мақсаттарда жүргізеді:
Тармақша 1
1) Академияда білім беру процесін, оқу бағдарламаларын қазіргі заманғы оқулық басылымдары мен қамтамасыз ету мәселелеріне талдау жасау;
Тармақша 2
2) оқу процесінде пайдаланылатын оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасын жақсарту және оларды өзектендіру қажеттігі. Мониторинг нәтижелері бойынша ОӘК ұсыныстар әзірлейді және оларды Академияның Ғылыми кеңесінің қарауына енгізеді.
Тармақ 27
27. Оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендер Академияның және/немесе автордың (авторлық ұжымның) қаражаты есебінен басылып шығарылады. Оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешенді басып шығару Ғылыми кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы білім алушыларының кәсіптік практикасын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымы № 15 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы білім алушыларының кәсіптік практикасын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Тарау 1. 1 Тарау. Жалпы ережелер
1 Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының білім алушыларының кәсіптік практикасын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Білім туралы заң), 5-2 бабының 8 тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы (бұдан әрі – Академия) білім алушыларының кәсіптік практикасын (бұдан әрі – практика) және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде білім алушылар ретінде Академияның магистранттары танылады.
Тармақ 4
4. Практика және тағылымдама ұзақтығы мен мерзімі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы «21» сәуір № 74 өкімімен бекітілген үлгілік оқу жоспармен (бұдан әрі - ҮОЖ), оқу жоспары (бұдан әрі - ЖО) және академиялық күнтізбемен анықталады және білім алушының жеке жоспарына (БЖЖ) сәйкес жүзеге асырылады және академиялық пәнге баламаланған мәртебеге ие.
Тармақ 5
5. Тәжірибе көлемі 24 кредит, тағылымдама көлемі-2 кредитті құрайды.
Тармақ 6
6. Практика мен тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізу Академияның академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығына (бұдан әрі – АБЖО) және ғылыми-білім беру орталықтарына (бұдан әрі – ҒБО) жүктеледі.
Тармақ 7
7. Практиканы өткізу базасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласының соттары анықталады. Академия Нұр-Сұлтан қаласының сотымен жасалған шартқа сәйкес білім алушылардың практикадан өтуін ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Тағылымдамадан өту базасын Академия ынтымақтастық туралы шарттарға, келісімдерге және меморандумдарға сәйкес дербес айқындайды.
Тарау 2. 2 Тарау. Білім алушылар үшін практиканы ұйымдастыру және өткізу
2 Тарау. Білім алушылар үшін практиканы ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 9
9. Білім алушылар практикасы оқу процесінде алған теориялық білімдерді іс жүзінде бекіту, кеңейту және тереңдету, теориялық білімдер мен құқықтық нормаларды кәсіби қызмет барысында қолдану дағдыларын қалыптастыру, болашақ кәсіби қызметінде қажетті дағдылар, құзыреттер мен тәжірибені тиімді қолдану мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Практика міндеттері:
Тармақша 1
1) жергілікті соттар жұмысының ерекшелігін зерделеу, судья қызметінде жұмыс істеу үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру;
Тармақша 2
2) Академияда алған білім мен дағдыларды практикада қолдану;
Тармақша 3
3) соттар қызметіндегі теория мен практика арасындағы байланысты терең түсіну;
Тармақша 4
4) практиканы өту барысында теориялық білімге жүйелік көзқарасты қалыптастыру;
Тармақша 5
5) магистрлік жобаны жазу үшін эмпирикалық материалдар жинау, өңдеу және талдау;
Тармақша 6
6) соттар қызметінде магистрлік жобаның ережелерін сынақтан өткізу;
Тармақша 7
7) сот жүйесіне болашақ мамандарды даярлау.
Тармақ 11
11. Білім алушыларды практикаға жіберу практика өту базалары мен мерзімдері көрсетелген Академия Ректорының бұйрығымен ресімделеді. Бұйрық практика басталғанға дейін бір апта бұрын шығарылады.
Тармақ 12
12. Практика базалармен келісілген Академия бекіткен бағдарлама мен күнтізбелік кесте, білім алушының практикадан өтудін жеке жоспары және білім алушының практика күнделігінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тәжірибе бағдарламаларды ҒБО әзірлейді және Оқу әдістемелік Кеңес (бұдан әрі - ОӘК) бекітеді.
Тармақ 14
14. Практика өту жоспары мен практика күнделігінің нысанын, құрылымы мен мазмұнын ОӘК бекітеді
Тармақ 15
15. Практиканы өту кезінде білім алушыларға ҒБО оқытушысының педагогикалық жүктемесіне сәйкес Академиядан және практика базасынан жетекшілер тағайындалады. Академиядан бір білім алушының тәжірибесіне жетекшілік жүргізу уақытының нормасы - аптасына бір сағатты құрайды.
Тармақ 16
16. АБЖО практика мәселелері бойынша білім алушылармен жиналысты дайындауды, өткізуді ұйымдастырады, әдістемелік және өзге де материалдармен білім алушыларды қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Практика өту кезінде білім алушылар заңнамада белгіленген тәртіппен сот қызметіне қатыса алады, Академиядан және практика базасынан бекітілген жетекшілерден кеңес ала алады.
Тармақ 18
18. Практика өту кезінде білім алушылар:
Тармақша 1
1) АБЖО өткізетін ұйымдастыру жиналысына қатысады;
Тармақша 2
2) практика бағдарламасымен танысады;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімде практикадан өту мәселелері бойынша жеке басын куәландыратын құжатты, әдістемелік және өзге де материалдарды өзімен бірге алып практика базасынан өту орнына келеді;
Тармақша 4
4) соттың қолданыстағы ішкі тәртіп ережелерін, қызметтік этика, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өткізу режимі нормаларын, практика базаларының өзге де нормативтік құқықтық актілерін зерделейді және сақтайды;
Тармақша 5
5) жұмыс режимін сақтайды, практика базасынан басшының нұсқауларын және практика бағдарламасын орындайды;
Тармақша 6
6) кәсіби қызмет мәселелеріне тікелей қатысты және оларға қол жетімділігі шектелмеген қызметтік құжаттармен, әдістемелік материалдармен және сот істерімен жұмыс істейді;
Тармақша 7
7) практика базасының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттейді;
Тармақша 8
8) сот практикасының материалдарын жинайды және оларды магистрлік зерттеу тақырыбы бойынша қорытады;
Тармақша 9
9) әртүрлі санаттағы азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот процестеріне қатысады;
Тармақша 10
10) орындалатын жұмыстардың барлық түрлерін көрсете отырып практика күнделігін үнемі жүргізеді;
Тармақша 11
11) практикадан өту барысында алынған құпия ақпаратты жария етпейді.
Тармақ 19
19. Академиядан тағайындалатын практика жетекшісі – оқытушы:
Тармақша 1
1) білім алушылардын практикадан өтуіне және есеп дайындауына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) практика мәселелері бойынша білім алушылармен белгіленген және қорытынды конференция өткізеді;
Тармақша 3
3) білім алушыларға жеке тапсырмаларды орындау кезінде әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) практика бағдарламасы мәселелері бойынша білім алушыларға кеңес береді, практика барысында туындайтын проблемаларды шешуге көмек көрсетеді, жұмыс туралы есептің жекелеген бөлімдерін мезгілімен тексереді;
Тармақша 5
5) практикалық білім мен дағдыларды бекіту үшін сот өндірісінің жекелеген аспектілері бойынша практикадан өту және сот актілерін орындау орны бойынша аптасына екі рет теориялық-практикалық семинарлар өткізеді.
Тармақ 20
20. Практика базасының жетекшісі:
Тармақша 1
1) практикадан өту бағдарламамен танысады;
Тармақша 2
2) білім алушылардың практика бағдарламасын орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
Тармақша 3
3) практикадан өту бойынша білім алушыларға көмек көрсетіп, практика жоспарының орындалуына бақылау жасайды;
Тармақша 4
4) білім алушыларға практика бағдарламасын орындауға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық актілермен, әдістемелік материалдармен және сот істерімен танысуға мүмкіндік береді;
Тармақша 5
5) білім алушыға – жүз балдық жүйе бойынша бағасы көрсетілген мінездеме-пікір дайындайды (практика базасынан басшының қолы соттың кадр қызметімен расталады).
Тармақ 21
21. Практикадан өту кезеңінде білім алушы сот кеңсесінде келесі мәселелерді зерделейді:
Тармақша 1
1) сот кеңсесінің қызметкерлері арасында негізгі міндеттерді бөлу;
Тармақша 2
2) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) келіп түсетін талап арыздарды (өтініштерді), қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тіркеу және одан әрі қозғалысы;
Тармақша 4
4) келіп түсетін қылмыстық және азаматтық істерді, әкімшілік материалдарды тіркеу және одан әрі жылжыту;
Тармақша 5
5) істер номенклатурасын әзірлеу;
Тармақша 6
6) бастапқы статистикалық есептер мен анықтамаларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) аяқталған істерді мұрағатқа өткізуге дайындау тәртібі мәселелерін зерделейді.
Тармақ 22
22. Білім алушы сот отырысы хатшысының жұмысымен танысу кезінде келесі мәселелерді зерделейді:
Тармақша 1
1) істерді сот талқылауына дайындау;
Тармақша 2
2) сот отырысының хаттамасын жүргізу;
Тармақша 3
3) алдын ала тыңдаудан және басты сот талқылауынан кейін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істерді ресімдеу;
Тармақша 4
4) аппеляциялық сатыға жіберу үшін сот істерін дайындау;
Тармақша 5
5) заңды күшіне енген сот актілері бойынша құжаттарды дайындау және орындауға жіберу.
Тармақ 23
23. Мұрағат жұмысын ұйымдастырумен танысу кезінде білім алушы келесі мәселелерді зерделейді:
Тармақша 1
1) істерді қалыптастыру және оларды кейін сақтауға дайындау;
Тармақша 2
2) ұдайы және уақытша сақталатын құжаттарды іріктеу мәселелерін зерделейді.
Тармақ 24
24. Сотта білім алушы сот істері мен материалдарды қарау бойынша келесідей кәсіби білім, біліктілік және дағды алады:
Тармақша 1
1) әкімшілік істер (жария-құқықтық даулар бойынша): әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарын қолдану; әкімшілік процеске қатысушыларды анықтау; әкімшілік іс қозғау; әкімшілік істердің соттылығын анықтау; әкімшілік актінің ерекшеліктері; сот талқылауын жүргізудің жалпы ережелерін сақтау; процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану; дәлелдеу процесінің тәртібі мен ерекшеліктері; келіп түскен талап бойынша соттың іс-әрекеттері және алдын ала тыңдау; сот талқылауын тағайындау; сот талқылауын жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері; сот шешімін шығару; сот шешімін орындау; оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі; әкімшілік істер бойынша сот медиациясының ерекшеліктері; сайлауға, республикалық референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы әкімшілік істер бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері;
Тармақша 2
2) азаматтық істер бойынша: азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы мен соттылығын және олардың түрлерін айқындау; іс жүргізу әрекеттерін жасау үшін заңда белгіленген мерзімдердің сақталуы (азаматтық істерді дайындау және қарау мерзімдері); электрондық сот ісін жүргізу; бұйрық өндірісінің ерекшеліктері оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізудің ерекшеліктері; талап қою істі қозғау; алап қоюды қамтамасыз ету; істі сот талқылауына дайындау бойынша процессуалдық әрекет; алдын ала сот отырысы мәселелерін шешу; дауды (жанжалды) медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу; сот талқылауына дайындау; сот талқылауы тәртібі және сот шешiмiн шығару; сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу; соттын қосымша шешiмі; сот шешiмін түсiндiру; сот ұйғарымы; іс бойынша іс жүргізуді тоқтату; талап арызды қараусыз қайтару және қалдыру; сырттай іс жүргізудің ерекшеліктері; ерекше талап қою істердін ерекшеліктері; шешiмдi орындау; сот орындаушысының қаулысын санкциялау;
Тармақша 3
3) қылмыстық істер бойынша: қылмыстық істер соттылығы және олардын түрлері; соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша әрекеттерi; iстi алдын ала тыңдауды жүргiзу және шешiмдер; басты сот талқылауы; Iстiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы; Соттың үкiмін шығару және оның түрлері; жекеше қаулылар; соттың шешімдерін орындау; жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау; ерекше ісі жүргізу сипаты; сотта келісімдік іс жүргізу ерекшеліктері бұйрықтық іс жүргізу ерекшеліктері; алқабилердiң қатысуымен iс жүргiзу; үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу;
Тармақша 4
4) әкімшілік құқықбұзушылық бойынша: әкiмшiлiк жауаптылық негіздерін анықтау; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының қолдану; әкiмшiлiк жазалар мен әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудың ерекшелiктерi; әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволығын анықтау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау; соттардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау тәртібі; әкімшілік органдардын қаулыларына шағымды, наразылықты қарау тәртібі; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым.
Тармақ 25
25. Білім алушы әкімшілік, азаматтық, қылмыстық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде сот процессіне қатысуы, сондай-ақ практика базасынан жетекшісінің нұсқауы бойынша пратика есебіне тіркелетін іс жүргізу құжаттарының жобаларын дайындайды.
Тармақ 26
26. Білім алушы сот ісін жүргізудің әрбір нысаны бойынша бір сот ісінің материалдарын құрастырады және есепке қоса береді.
Тармақ 27
27. Академиядан бекітілетін жетекшінін көмегімен білім алушы келесі мәселелерді зерделейді:
Тармақша 1
1) материалдық және процессуалдық заңнаманың нормаларын;
Тармақша 2
2) сот актілерінің күшін жою және өзгерту себептерін;
Тармақша 3
3) жеке қаулылар мен ұйғарымдарды шығару практикасы, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау;
Тармақша 4
4) сот практикасын қорыту және талдау әдістемесін;
Тармақша 5
5) сот жұмысының жоспарлары, жоспарланған тапсырмаларды орындау және бақылау әдістері.
Тармақ 28
28. Білім алушы практика базасынан жетекшінің қарауына құжат жобаларын ұсынады. База жетекшісі білім алушылармен бірге құжат жобаларын талдайды, қорытындылар дұрыс жасалғанын және олардың соттағы істер материалдарынан туындауын анықтайды. Есеп материалдарын зерделеу кезінде білім алушыға құжаттарды баяндау стилі және құжаттарды жасауға қатысты елеулі мән-жайларды түсіндіреді.
Тармақ 29
29. Білім алушы соттың жедел кеңесінде практика барысы туралы есеп береді.
Тармақ 30
30. Практика аяқталғаннан кейін ҒБО ұсынымы бойынша АБЖО практикадан өту бойынша есептерді қорғауды ұйымдастырады. Практикадан өту жөніндегі есепті АБЖО ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен құрылған комиссия қарайды.
Тармақ 31
31. Комиссия есептерді қорғауды практика аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
Тармақ 32
32. Практика қорытындысы бойынша білім алушы комиссияға құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) практикадан өту туралы мазмұнында келесідей мәліметтер бар жазбаша есеп: практикадан өту орны, мерзімі және оның өту реті; практика жоспары бойынша орындалған жұмыстардың түрлері; дербес жұмыс істеу дағдыларын игеру; құқық қолдануды жетілдіру бойынша ұсыныстар; теориялық білімді практикада қолдану нәтижелері; соттар қызметінде магистрлік жобаның ережелерін апробациялау; тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Тармақша 2
2) практика базасынан басшының қолымен және практикадан өту орны бойынша соттың мөрімен расталған толтырылған күнделігі;
Тармақша 3
3) практика базасындағы жетекшінің практикалық бағдарламаның, бекітілген міндеттерінің орындалуы және кәсіби дайындығын көрсететін білім алушыға мінездеме – пікір;
Тармақша 4
4) іс жүргізу құжаттарының жобалары;
Тармақша 5
5) сот ісін жүргізудің әрбір нысаны бойынша бір сот ісінің материалдары.
Тармақ 33
33. Білім алушылардын бекітілген құжаттарды ұсынбауы Академия немесе практика базасынан жетекшінің практика бойынша есебін қорғауға жібермеуіне әкеп соғады.
Тармақ 34
34. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес бағаланады. Практика бойынша есепті қорғауды бағалау критерийлері практика бағдарламасында анықталады.
Тармақ 35
35. Комиссия шешімі алқалы түрде қабылданады және емтихан ведомосына енгізіледі.
Тарау 3. 3 Тарау. Білім алушылардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу
3 Тарау. Білім алушылардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 36
36. Тағылымдама оқу пәніне теңестірілген және білім алушының білім траекториясының құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 37
37. Тағылымдамадан өту мақсаты: магистрлік жобада анықталған міндеттерді шешу; отандық және шетелдік практиканың жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу және игеру;
Тармақ 38
38. Тағылымдаманың ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбесімен анықталады.
Тармақ 39
39. Науқастануы немесе басқа да дәлелді себептер бойынша тағылымдамадан өтпеген білім алушылар үшін Академия ректорының шешімімен оның өту кезеңі неғұрлым кеш мерзімге, бірақ қорытынды аттестаттауға дейін екі айдан кешіктірілмей ауыстырылады.
Тармақ 40
40. Тағылымдама бағдарламасын қабылдаушы тарап Академиямен келісім бойынша әзірлейді. Тағылымдама бағдарламасы мамандану бейініне, өзектілігіне және практикалық маңыздылығына сәйкестендіріп дайындалады.
Тармақ 41
41. Білім алушының жеке тағылымдама жоспары магистрлік жобаның тақырыбына сәйкес құрастырылады, ғылыми жетекшімен және тиісті ҒБО директорымен келісіледі.
Тармақ 42
42. Білім алушыларды тағылымдамаға жіберу академия тарапынан жетекшілер, тағылымдамадан өту базасы мен мерзімдері көрсететілген Академия Ректорының бұйрығымен рәсімделеді. Бұйрық тағылымдама басталғанға дейін он күннен кешіктірмей шығарылады.
Тармақ 43
43. Тағылымдаманын ұйымдастырылу-әдістемелік сүйемелдеуі және бақылау білім алушылармен тағлымдама өту орнына бірге баратын академияның өкілі қамтамасыз етеді. Академияның өкілі білім алушының өз міндеттерін бұзғаны туралы Академияға дереу хабар жібереді және бұл туралы акт(еркін мәтінде) жасалады.
Тармақ 44
44. Білім алушыларға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді ҒБО (директор, ғылыми жетекші) және АБЖО жүзеге асырады.
Тармақ 45
45. АБЖО нормативтік-әдістемелік материалдарды бере отырып, тағылымдамадан өту мәселелері бойынша білім алушылармен ұйымдастыру жиналысын дайындайды және өткізуді ұйымдастырады.
Тармақ 46
46. Тағылымдамаға жіберілетін білім алушылар:
Тармақша 1
1) ғылыми ҒБО-нан бекітілген жетекшісінен тағлымдама мерзіміне жеке тапсырмалар алады;
Тармақша 2
2) тағылымдамадан өту бағдарламасында және жеке жоспарда көзделген жұмысты орындайды;
Тармақша 3
3) іссапарға жіберу үшін құжаттарды уақытында ұсынады;
Тармақша 4
4) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы бұйрықта көрсетілген тағылымдама мерзімін сақтайды;
Тармақша 5
5) қабылдаушы тараптың ресімдеу тәртібіне сәйкес виза үшін құжаттарды өз бетінше дайындайды және виза алады;
Тармақша 6
6) бұйрықта көрсетілген тағылымдамадан өту мерзімін кешіктірмей Академиядан кетеді және қайтып келеді;
Тармақша 7
7) қабылдаушы жоғары оқу орнының, мекеменің және/немесе ұйымның ішкі тәртіп ережелерін және Жарғысын сақтауы қажет;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі нормаларын сақтауы қажет;
Тармақша 9
9) жеке жоспарды орындау үшін машықтану үшін бөлінген уақытты барынша пайдаланады және машықтану бағдарламасында көзделген барлық тапсырмаларды сапалы орындайды;
Тармақша 10
10) тағылымдама аяқталғаннан кейін мінездеме алу, оның өткені туралы есеп жасау және қабылдаушы тараптың кураторынан растау;
Тармақша 11
11) шығыстар бекітілген жоспарлы сметасының көлемінен аспауы тиіс. Іссапар шығыстары жөніндегі құжаттар тағылымдамадан келгеннен кейін дереу Академияның әкімшілік-қаржы қызметіне ұсынылады. Білім алушылар жоспарлы шығыстарды артық жұмсаған кезде артық шығын сомасы тағылымдамадан келгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде білім алушының өз қаражаты есебінен өтеледі;
Тармақша 12
12) тағылымдамадан келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ҒБО-ға тағылымдамадан өту құжаттарын тапсырады. Ұсынылған құжаттарды талдау негізінде ғылыми жетекші қорғауға жіберілгені немесе жіберуден бас тартуы туралы екі күн ішінде шешім қабылдайды.
Тармақ 47
47. Тағылымдамадан өту құжаттарына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) тағылымдамадан өту туралы есеп (қабылдаушы тараптың кураторы мен білім алушының қолы қойылады);
Тармақша 2
2) қабылдаушы тараптың қолымен және мөрімен куәландырылған тағылымдама күнделігі;
Тармақша 3
3) қабылдаушы ұйымнан тағлымдама кураторының білім алушының дайындығының деңгейі, жұмыстағы бастамашылығы мен тәртібі туралы мінездеме.
Тармақша 4
4) тағылымдамадан өткенін куәландыратын құжат (сертификат, куәлік, анықтама және т. б.).
Тармақ 48
48. Тағылымдамадан өту туралы есепте:
Тармақша 1
1) кіріспе: тағылымдамадан өту орны, мерзімі және тәртібі;
Тармақша 2
2) негізгі бөлім: бағдарлама мен жеке тағылымдама жоспары бойынша орындалған жұмыстың түрі мен көлемі; күрделі, қызықты істерді талдау; білім алушының пікірі бойынша арнайы зерттеуді қажет ететін және магистрлік жоба үшін маңызды сұрақтар тізбесі (оларды шешу бойынша белгілі бір ұсыныстармен); магистрлік жоба тақырыбы бойынша жинақталған және жүйеленген эмпирикалық материалдарға шолу;
Тармақша 3
3) қорытынды: тағылымдама нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар;
Тармақша 4
4) тағылымдама кезінде талданған материалдардың көшірмелерін қамтитын қосымша.
Тармақ 49
49. Тағылымдама нәтижелерін бағалау критерийлері: қабылдаушы ұйымнан тағылымдама кураторының білім алушының дайындық деңгейі, жұмыста бастамашылық және мінездемеде жазылған тәртібі туралы пікірі; тағылымдама бағдарламасы мен жоспарын орындау дәрежесі; білім алушылара ұсынған есептік материалдардың мазмұны мен сапасы; білім алушылар ұсынған есептік материалдардың мазмұны мен сапасы тағылымдамадан өту туралы есепті қорғау кезінде көрсетілген білім деңгейі.
Тармақ 50
50. Комиссия шешімі алқалы түрде қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 51
51. Дәлелді себептермен белгіленген мерзімде тағылымдамадан өтпеген білім алушы академиялық тағылымдамаға ынтымақтастық туралы шарттарға, келісімдерге және меморандумдарға сәйкес жіберіледі.
Басқа 3. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидалары
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымы № 15 бұйрығына 3-қосымша «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Академия) педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-2 бабының 10), 11) тармақшаларына сәйкес әзірленген және Академия штаттық кестесінде қарастырылған педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Педагог, ғылыми жұмыскердің бос лауазымына орналасуға конкурс бос лауазым болған кезде Академиямен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Академияның педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасуға конкурсқа осы Қағидалардың 1 Қосымшасына сәйкес Академияның педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Конкурс туралы хабарландыру
2 тарау. Конкурс туралы хабарландыру
Тармақ 4
4. Академияда педагогтың, ғылыми жұмыскердің бос лауазымы болған жағдайда, Академия конкурс өткізу туралы хабарландыруды «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында және Академияның сайтында орналастырады.
Тармақ 5
5. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.
Тармақ 6
6. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) біліктілік сипаттамаларын көрсете отырып педагогтердің, ғылыми жұмыскерлердің бос лауазымының ататуы;
Тармақша 2
2) Академияның орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны көрсетілген атауы;
Тармақша 3
3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты.
Тарау 3. 3 тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
3 тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
Тармақ 7
7. Академияның педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына тағайындауға арналған конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) саны мен дербес құрамын және оның өкілеттік мерзімін Академияның ректоры анықтайды. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі кадр қызметінің өкілі енгізіледі.
Тармақ 8
8. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу үшін барлығына бірдей теңдік мүмкіндігін беру;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) әділдіктің сақталуына және конкурстың жариялы түрде өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау;
Тармақша 5
5) конкурстық құжаттамаларға талдау жүргізу;
Тармақша 6
6) конкурстың қорытынды бойынша шешім шығару болып табылады.
Тармақ 9
9. Конкурстық комиссия Академия Ректорының бұйрығымен кемінде бес адамнан құрылады, оның ішінен төраға мен хатшы тағайындалады. Конкурстық комиссияның құрамына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ Академияның басқа да қызметкерлері кіреді.
Тарау 4. 4 тарау. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау
4 тарау. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, Академия ректорының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
Тармақша 2
2) өмірбаян;
Тармақша 3
3) тиісті мамандық бойынша жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері;
Тармақша 4
4) дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор);
Тармақша 5
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
Тармақша 6
6) соңғы бес жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі; 7) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) 075/У нысанындағы медициналық анықтама;
Тармақша 8
8) наркология және психотерапия орталығынан анықтамалар;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Тармақ 11
11. Академияның педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу конкурсына кемінде он жыл жұмыс өтілі бар судьялар қатыса алады, бұл ретте оларға нағыз Қағидарардың 3 тармағының талаптары қолданылмайды.
Тарау 5. 5 тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
5 тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 12
12. Конкурс мына кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) Академияның педагогтерінің, ғылыми жұмыскерлерінің бос лауазымдарға орналасуы үшін үміткерлердің өтінімдерін қарастыру;
Тармақша 2
2) үміткерлермен әңгімелесу өткізу;
Тармақша 3
3) конкурстың қорытындыларын шығару.
Тармақ 13
13. Академия:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
Тармақша 4
4) комиссия отырысын ұйымдастырады.
Тармақ 14
14. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен азаматтар конкурсқа қатысушылар болып табылады.
Тармақ 15
15. Академияның педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына тағайындау конкурсы ұсынылған құжаттардың негізінде әрбір лауазым бойынша кәсіби деңгейді анықтау үшін әңгімелесу нысанында өткізіледі.
Тармақ 16
16. Әңгімелесудің мақсаты бос лауазымға конкурс жариялаған нақты Академияның ерекшеліктерін, үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.
Тармақ 17
17. Конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы осы Қағидалардың 2 Қосымшасына сәйкес жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге бос лауазымға кандидатураны енгізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 18
18. Дауыс беруші тұлға кандидатты қабылдауға келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр кандидаттың аты-жөнінің қасында жазылған «келісемін» немесе «келіспеймін» деген сөздерді белгілеу арқылы білдіреді. Конкурстық іріктеуде бір лауазымға екі және одан да көп үміткер қатысқан жағдайда, бюллетеньде бірде-бір аты-жөні сызылып тасталмаса, онда ол жарамсыз деп танылады.
Тармақ 19
19. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында конкурстық комиссия арасынан кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әр кандидатура бойынша берілген дауыстардың нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына қосады.
Тармақ 20
20. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып саналады.
Тармақ 21
21. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 22
22. Құпия дауыс берудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия әр бос лауазымға үміткер бойынша еңбек шартын жасау үшін «Академия ректорына ұсынылады» немесе «Академия ректорына ұсынылмайды» деген жазумен ұсынымдар дайындайды. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады.
Тармақ 23
23. Еңбек шарты конкурс комиссиясының ұсынымдары және Академия ректорының шешімі негізінде он күнтізбелік күн ішінде жасалады.
Тармақ 24
24. Академияның педагогтардың, ғылыми жұмыскерлердің лауазымдарына тағайындау конкурсының қорытындысы бойынша еңбек шарты жасалады.
Тарау 6. 6 тарау. Шағымдану тәртібі
6 тарау. Шағымдану тәртібі
Тармақ 25
25. Конкурсқа қатысушылар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныса алады.
Тармақ 26
26. Конкурстық комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар сот тәртібімен шағымдана алады.
Басқа 3-1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидаларына 1 қосымша «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Білімі Жоғары кәсіби білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор). Жұмыс тәжірибесі Білім беру мекемесінің тиісті қызметіне сәйкес кәсіптік қызмет бағыты бойынша ғылыми-педагогикалық лауазымдарда немесе ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес. Ғылыми еңбектерінің болуы. Білуі керек Білім беру мекемелерінің білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін жоғары кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беру саласына, сот жүйесіне қатысты Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін; Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын; білім беру мекемесінің, оның құрылымдық бөлімшесінің жергілікті нормативтік актілерін; педагогика, педагогикалық психология негіздерін; шет елдерде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту туралы негізгі мәліметтер; білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері; білім беру мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметі; азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек, бюджеттік, кәсіпкерлік заңнама негіздері; менеджмент, персоналды, жобаларды басқару негіздері; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің ережелері; қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет тілдерін білу. Іскерлігі Қызметті ұйымдастыра білу, жұмысты жоспарлау, қойылған мақсаттарға жету, жұмыс нәтижелері бойынша есептерді жүйелеу және құру. Педагогикалық технологияларды меңгеру, оқытудың түрлі түрлерін, әдістерін, құралдары мен технологияларын тиімді қолдана білу. Оқытудың инновациялық және қашықтықтан әдістерін қолдана білу. Сот төрелігі органдарының қызметі саласында талдау мен зерттеулер жүргізу және болжам жасау; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ұсыну; ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру кезінде сапалық және сандық талдау әдістерін қолдану; зерттеу нәтижелерін жалпылау. Компьютерлік техникада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Тұлғалық сипаттамалары Жауапкершілік, стресс тұрақтылығы, бастамашылдық, қызмет тұтынушыларына бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту қабілеті, жұмыстағы жеделдік, әріптестермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау, қызметті басқару, шешімдер қабылдау, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару. Білімі Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Бизнес, басқару және құқық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» саласындағы білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор). Судьялар (отставкадағы және жұмыс істейтін судьялар) үшін дәреженің, ғылыми атағының болуы туралы талап белгіленбейді. Жұмыс тәжірибесі Теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе судья қызметінде кемінде он жыл жұмыс өтілі; ғылыми еңбектерінің болуы. Білуі керек Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің, сот жүйесінің жұмыс істеу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу; қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет (ағылшын) тілдерін білу. Іскерлігі Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу, жұмысты жүйелеу және ол бойынша есептер жасай білу. Педагогикалық технологияларды меңгеру, оқытудың түрлі түрлерін, әдістерін, құралдары мен технологияларын тиімді қолдана білу. Оқытудың инновациялық және қашықтықтан әдістерін қолдана білу. Сот төрелігі органдарының қызметі саласында талдау мен зерттеулер жүргізу және болжам жасау; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ұсыну; ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру кезінде сапалық және сандық талдау әдістерін қолдану; зерттеу нәтижелерін жалпылау. Компьютерлік техникада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Тұлғалық сипаттамалары Жауапкершілік, стресс тұрақтылығы, бастамашылдық, қызмет тұтынушыларына бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту қабілеті, жұмыстағы жеделдік, әріптестермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау, шешімдер қабылдау, стратегиялық ойлау. Білімі Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Бизнес, басқару және құқық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» саласындағы білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор). Судьялар (отставкадағы және жұмыс істейтін судьялар) үшін дәреженің, ғылыми атағының болуы туралы талап белгіленбейді. Жұмыс тәжірибесі Теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе судья қызметінде кемінде жеті жыл жұмыс өтілі; ғылыми еңбектерінің болуы. Білуі керек Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің, сот жүйесінің жұмыс істеу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу; қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет (ағылшын) тілдерін білу. Іскерлігі Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу, жұмысты жүйелеу және ол бойынша есептер жасай білу. Педагогикалық технологияларды меңгеру, оқытудың түрлі түрлерін, әдістерін, құралдары мен технологияларын тиімді қолдана білу. Оқытудың инновациялық және қашықтықтан әдістерін қолдана білу. Сот төрелігі органдарының қызметі саласында талдау мен зерттеулер жүргізу және болжам жасау; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ұсыну; ғылыми – херттеу жұмысын жүзеге асыру кезінде сапалық және сандық талдау әдістерін қолдану; зерттеу нәтижелерін жалпылау. Компьютерлік техникада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Тұлғалық сипаттамалары Жауапкершілік, стресс тұрақтылығы, бастамашылдық, қызмет тұтынушыларына бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту қабілеті, жұмыстағы жеделдік, әріптестермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау, шешімдер қабылдау, стратегиялық ойлау.
Басқа 3-2. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беруге арналған бюллетень
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидаларына 2 қосымша «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беруге арналған бюллетень 20_____ ж. __________________ отырысы № _______________ хаттамасы лауазым ____________________________________________________________ ғылыми-білім беру орталығы __________________________________________ жарияланған бірліктер саны ____________ № Үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) Дауыс беру нәтижелері 1. келісемін келіспеймін 2. келісемін келіспеймін 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. Ескертпе: 1. Аты-жөндері алфавитті тәртіпте енгізіледі. 2. Кандидатураны «жақтап» дауыс беру нәтижелері «келіспейиін» сөзін сызып тастаумен, ал «қарсы» ж\дауыс берген жағдайда – «келісемін» сөзін сызып тастаумен білдіреді. 3. Комиссия мүшесі «келісемін» деп дауыс берген кандидатура саны жарияланған бірлік санынан аспайды. 4. Аталған талаптарды бұзу арқылы толтырылған бюллетень жарамсыз деп саналады.
Басқа 3-3. БАҒАЛАУ ҚАҒАЗЫ
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидаларына 3 қосымша БАҒАЛАУ ҚАҒАЗЫ 20_____ ж. ________________ отырысы № _______________ хаттамасы лауазым ____________________________________________________________ ғылыми-білім беру орталығы __________________________________________ үміткердің Т.А.Ә. _____________________________________________________ Біліктілік талаптар Бағалау өлшемдері Ескертпе Білімі сәйкес/ сәйкес емес Дәрежесі/атағы сәйкес/ сәйкес емес 5 4 3 2 1 Кәсіби тәжірибесі Кәсіби талаптар (жарияланымдардың, оқу басылымдарының болуы, іргелі және/немесе ғылыми қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы) Тілдерді білу Сұрақтар 5 4 3 2 1 Ескертпе Шешім Негіздеме Ескертпе Бос лауазымға орналасуға ұсынылады Бос лауазымға орналасуға ұсынылмайды __________________________________________________ Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) Қолы __________________ Күні _____________