Об утверждении технического регламента о безопасности средств защиты растений (пестицидов) Күшін жойған
Басқа 0
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы
«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасына және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы
1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Басқа 0. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 8 маусымы № 197
бұйрығымен бекітілген
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент
Тарау 1. 1-тарау. Қолданылу аясы
1-тарау. Қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент (бұдан әрі – техникалық регламент) «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өсімдіктерді қорғау туралы заң) 6-бабының 5) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы заң) 8-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығарылатын өсімдіктерді қорғау құралдарына (пестицидтер) (бұдан әрі – пестицидтер), сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне қолданылады.
Тармақ 2
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес техникалық регламенттің қолданылу аясына жататын өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) тізбесі және сыныптауыш бойынша олардың кодтары осы техникалық регламентке
1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 3
3. Осы техникалық регламенттің талаптары пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, қолдануға және зарарсыздандыруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Терминдер мен айқындамалар
2-тарау. Терминдер мен айқындамалар
Тармақ 4
4. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әсер етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге, аса қауіпті зиянды организмге, карантиндік объектіге, бөтентекті түрге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әсер етуіне алып келетін пестицидтiң биологиялық белсенді бөлiгi;
Тармақша 2
2) гербицид – қажетсіз өсімдіктерді жоюға арналған пестицид;
Тармақша 3
3) дайындаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан пестицидтерді өндіруді немесе өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын және олардың осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне жауапты заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;
Тармақша 4
4) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, дайындаушымен жасалған шарт негізінде пестицидтерді сәйкестігін бағалау (растау) және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан іс-қимылды жүзеге асыратын заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;
Тармақша 5
5) импорттаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) пестицидтерді беруге арналған сыртқы сауда шартын жасасқан, осы пестицидтерді айналысқа шығаруды және (немесе) оны Қазақстан Республикасының аумағында өткізуді жүзеге асыратын және оның осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;
Тармақша 6
6) инсектицид – өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғауға арналған пестицид;
Тармақша 7
7) өнімді айналысқа шығару – өтеусіз немесе өтеулі негізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында пестицидтерді жеткізу немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға орналастырмай тиеп-жөнелту);
Тармақша 8
8) пестицидпен фумигациялау – пестицидті бу немесе газ күйінде зиянкес организм мекендейтін ортаға енгізу;
Тармақша 9
9) пестицидтер айналысы – өтеусіз немесе өтеулі негізде коммерциялық қызмет барысында Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында пестицидтерді жеткізгеннен кейін немесе әкелгеннен кейін (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелтілгеннен кейін немесе қоймаға орналастырмай тиеп-жөнелтілгеннен кейін) олардың дайындаушыдан сатып алушыға (тұтынушыға) қозғалу процестері;
Тармақша 10
10) пестицидтердi зарарсыздандыру – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар;
Тармақша 11
11) пестицидтерді қолдану регламентi – пестицидтің шығыс нормасы, дақыл, өңделетін объект, зиянды организм, өңдеу тәсiлi, уақыты, жұмыстық сұйықтықтың шектелуі, шығысы, соңғы өңдеу мерзімі, пестицидпен өңдеудің ең көп еселiгi туралы ақпаратты қамтитын, пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
Тармақша 12
12) пестицидтердiң қалдық мөлшерi – пестицидтердің адам мен жануарларға қауiпсiздiгi бағаланатын, өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi;
Тармақша 13
13) пестицидтердің қауіпсіздік паспорты – пестицидті өндіруші (жеткізуші) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес әзірлеген, пестицидтердің сипаттамалары және оларды қолдану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтерден тұратын құжат;
Тармақша 14
14) пестицидтердің қауіптілік сыныбы – адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсерін тигізетін қасиеттерін анықтау үшін пестицидтерді қауіптілік түрлері және санаттар бойынша бөлу;
Тармақша 15
15) пестицидтердi өндiру (формуляциялау) – бастапқы компоненттер негiзiнде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесi;
Тармақша 16
16) пестицидтерді сәйкестендіру – пестицидтер сипаттамаларының олардың елеулі белгілеріне ұқсастығын белгілеу;
Тармақша 17
17) пестицидті қолдану жөніндегі ұсыным – пестицидтерді қолдану тәртібі және халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны олардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік талаптары туралы ақпарат пен мәліметтер;
Тармақша 18
18) пестицидті мемлекеттік тіркеу – нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;
Тармақша 19
19) пестицидтің препараттық нысаны – пестицидтің физикалық-химиялық қасиеттерiне, уыттылығына, мақсатына және пайдалану тәсiлiне қарай (эмульсия концентраты, суспензиялы концентрат, түйiршiктер, паста, микрокапсулаланған суспензия, дымқылданатын ұнтақ және (немесе) өзге де нысандар) байланысты агрегаттық жай-күйі;
Тармақша 20
20) пестицидтің шекті жол берілетін концентрациясы (бұдан әрі – ШЖБК) – ұзақтығы шектелмеген уақытта күн сайын әсер еткен жағдайда ауру немесе адам денсаулығы жай-күйінің ауытқуын тудырмайтын пестицидтің әсер етуші затының көлем (ауа, су), салмақ (тамақ өнімдері, топырақ) немесе сырт (жұмыскерлердің терісі) бірлігіндегі мөлшері;
Тармақша 21
21) пестицидті таңбалау – пестицидтердің негізгі сипаттамаларын және оларды қолдану шарттарын белгілеу, пестицидтің қауіпті қасиеттері туралы және пестицидтерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты көрсету;
Тармақша 22
22) родентицид – зиянды кеміргіштермен күресуге арналған пестицид;
Тармақша 23
23) талдамалық стандарт – пестицидтің әсер етуші затының химиялық таза үлгісі;
Тармақша 24
24) фунгицид – өсімдіктерді таз ауруларынан және басқа да ауру қоздырғыштардан қорғауға арналған пестицид.
Тарау 3. 3-тарау. Пестицидтердің Қазақстан Республикасы аумағында айналысы кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3-тарау. Пестицидтердің Қазақстан Республикасы аумағында айналысы кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Пестицидтердің айналысы шарттары
1-параграф. Пестицидтердің айналысы шарттары
Тармақ 5
5. Пестицидтер осы техникалық регламентке сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының нарығына айналысқа шығарылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін пестицидтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға рұқсат етіледі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы оларды пестицидтер тізіміне енгізеді.
Тармақ 7
7. Пестицидтерге арналған орама мен ыдыстар, оларды сақтау, тасымалдау және өнімді өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.
Орама мен ыдыстар үшін адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің қауіпті қасиеттерінен қорғауға арнайы бейімделген материалдар пайдаланылады.
Орама мен ыдыс үшін пестицидтердiң құрамдас заттарының бұзушы немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi және:
Тармақша 1
1) жануды және (немесе) едәуiр жылу мөлшерінің бөлiнуiн;
Тармақша 2
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;
Тармақша 3
3) басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспейтін материалдар пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Пестицидтердің физикалық-химиялық қасиеттері өндірушінің ерекшеліктерінде (импорттық пестицидтерге арналған) және отандық пестицидтерді өндіруге арналған нормативтік және техникалық құжаттамаларда баяндалған қасиеттерге сәйкес келеді.
Пестицидтер қауіпсіздігінің физикалық-химиялық көрсеткіштері осы техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 9
9. Пестицидтерді нарыққа жеткізу кезінде «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы заң) 15-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес химиялық өнім туралы ақпаратты қамтитын қауіпсіздік паспорты олармен қоса жүреді.
Тармақ 10
10. Өсімдікті қорғау туралы заңның 15-2-бабы 4-тармағының
4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, бұрмаланған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілері болған және (немесе) келіп түскен жағдайда, олардың Қазақстан Республикасының аумағында таралуын болдырмау мақсатында өсімдікті қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) аумақтық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, бұрмаланған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін бақылау объектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін пестицидтер айналыстан алынады.
Тармақ 2. 2-параграф. Пестицидтерді таңбалауға
қойылатын талаптар
2-параграф. Пестицидтерді таңбалауға
қойылатын талаптар
Тармақ 11
11. Өлшеп-оралған пестицидтерді таңбалауды дайындаушы немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы оның сақталуын қамтамасыз ететін тәсілмен орамаға бекітілген заттаңба немесе жапсырма түрінде тікелей пестициді бар орамаға түсіреді.
Тармақ 12
12. Тұтыну ыдысындағы бөлшек саудаға арналған пестицидтерді таңбалау және ауыл шаруашылығы ұйымдарына өткізуге арналған пестицидтерді таңбалау мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) телефон, факс, телекс нөмiрлерiн және электрондық мекенжайын қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң (жеткiзушiнiң, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импорттаушының) атауы мен толық мекенжайы;
Тармақша 2
2) пестицидтiң атауы мен оның нысаналы мақсаты;
Тармақша 3
3) пестицидтiң номиналды мөлшерi (салмағы немесе көлемi);
Тармақша 4
4) шығарылым партиясы нөмiрiнiң белгiленуi;
Тармақша 5
5) дайындалған (шығарылған) күнi;
Тармақша 6
6) қауiптiлiк қасиеттерiнiң және адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке әсер ету сыныптарының белгiлерi (пиктограммалары);
Тармақша 7
7) пестицидті қауiпсiз сақтау, тасымалдау, өткiзу, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi ұсынымдар.
Тармақ 13
13. Пестицидтердің Қазақстан Республикасы аумағындағы айналысы кезінде таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіріледі.
Тармақ 14
14. Таңбалау анық және түсінікі, химиялық заттардың, климаттық факторлардың әсеріне төзімді болатындай басылады және қарап-тексеру үшін қолжетімді жерге орналастырылады. Таңбалаудың қолданылатын тәсілі пестицидті сақтаудың кепілдендірілген мерзімі ішінде оның сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Пестицидтерді тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол цистерналарында және автоцистерналарда таңбалау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 13714 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес түсіріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Пестицидтерді әкелу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
4-тарау. Пестицидтерді әкелу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының аумағына пестицидтерді әкелу «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы
1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алынатын пестицидті өткізуге арналған лицензиясы, сондай-ақ, «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне (бұдан әрі – ЕАЭК шешімі) сәйкес және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алынатын өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына арналған лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады
Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пестицидтердің тәжірибелік үлгілерін әкелу тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде ЕАЭК шешіміне сәйкес берілетін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне сәйкес және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Тіркелген пестицидтердің әсер етуші заттарын пестицидтер өндіруге (формуляциялауға) арналған шикізат ретінде пайдалану үшін ғана әкелуге жол беріледі.
Тармақ 18
18. Пестицидтер Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығарылғанға дейін ауыл шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілерінде пестицидтердің қалдық мөлшерінің құрамын кейіннен бақылау ұйымдастыру үшін препараттардың әсер етуші заттарының талдамалық стандарттарын жеткізу қамтамасыз етіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау)
кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5-тарау. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау)
кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 10-бабының 1) тармақшасына, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алынатын пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған лицензия болған жағдайда рұқсат етіледі.
Тармақ 20
20. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), сақтау және тұқымдарды дәрілеу жөніндегі объектілерді 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 239-бабына сәйкес қабылданған атмосфераға шығарындыларды тазарту, сарқынды суларды жинау және зарарсыздандыру жөніндегі құрылысжайларынсыз (қондырғыларынсыз) іске қосуға және пайдалануға болмайды.
Тармақ 21
21. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын объектілерді пайдалануға беру «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»
2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Бұл ретте аумақтарды аймақтарға бөлу және жел бағытын ескере отырып, өндірістік және қосалқы үй-жайлар орналастыру көзделуі қажет.
Жобаланатын объектінің аумағында ыдыстарды сақтауға арналған үй-жайлар, су өткізбейтін қатты жабыны және қалдықтарды сақтаған кезде қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын жабдығы бар өндіріс қалдықтарын жинақтау орындары (үй-жай, бастырмалар) көзделеді.
Тармақ 22
22. Өнеркәсіптік алаңдар мен жапсарлас аумақтағы жаңбыр немесе қар суы оларды жинау мен тазарту жағдайларына барлық гигиеналық талаптар қолданылатын ластанған өндірістік сарқынды сулар санатына жатады.
Жер бетіндегі су объектілеріне сарқынды суларды жіберу Экологиялық кодекстің 225-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Сарқынды сулар тазартуға және зарарсыздандыруға жатады. Препараттарды дренаж жүйелеріне жіберуге (ағызуға), сондай-ақ зарарсыздандырылмаған (тазартылмаған) сарқынды суларды тұрмыстық кәрізге немесе су айдындарына жіберуге жол берілмейді. Су айдындарының сулары үшін ШЖБК белгіленбеген химиялық заттары бар сарқынды суларды да жіберуге жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Сарқынды суларды бұрып жіберу сарқынды сулардың құрамы, мөлшері және сарқынды суларды жергілікті тазарту схемалары ескеріле отырып, әртүрлі цехтар немесе технологиялық процесс сатылары үшін бөлек-бөлек кәріз жүйелері бойынша жүзеге асырылады. Осы деректер негізінде кәріз жүйелерінің саны мен сипаты анықталады.
Зиянды газдар (күкіртті сутегі, циан қоспалары және басқалары) бөлетін химиялық реакциялар болуы мүмкін сарқынды сулардың біріктірілуіне жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Құрамында ауыр тотығатын немесе биологиялық тотығуға ұшырайтын пестицидтер бар сарқынды сулар жергілікті немесе жалпы өндірістік қондырғыларда пестицидтердің қалдық мөлшерінің құрамы қолданыстағы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі саласындағы заңнамада белгіленген нормаларға қол жеткізгенге дейін физикалық-химиялық, термикалық немесе каталитикалық тотығу әдістерімен алдын ала тазартылуы тиіс.
Тармақ 26
26. Жұмыс аймағының ауасында пестицидтер жол берілген концентрациядан асуы мүмкін өндірістік учаскелер басқа жұмыс орындарынан оқшауланады, оларды қашықтықтан басқару қамтамасыз етіледі. Технологияда қауіптілігі 1-сыныпты заттарды қолданған кезде өндірістің тұйық циклі қамтамасыз етіледі.
Қауіптілігі 1-сыныпты пестицидтерді пайдалану немесе өндіру (формуляциялау) процесінде алу кезінде технологиялық жабдықты ашық алаңдарға орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 27
27. Өндірістік орта жай-күйінің мониторингі жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың концентрациясын бақылауды қамтиды.
Тармақ 28
28. Пестицидтермен жұмыс істеу нақты препараттарға арналған нормативтік немесе техникалық құжаттамада көрсетілген жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Пестицидтерді тиеу, өлшеп-орау, жармалау, себу, өлшеу және буып-түю процестері автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.
Технологиялық жабдық зиянды заттарды тұту жөніндегі кіріктірілген сорғыштармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 30
30. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) кезінде:
Тармақша 1
1) жұмыс орындарындағы жұмыс аймағы ауасының қолданыстағы гигиеналық нормативтерде белгіленген жол берілетін мәндерден (жұмыс аймағы ауасындағы ШЖБК) аспайтындай ластану деңгейі;
Тармақша 2
2) жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар концентрацияларын бақылау көзделеді.
Тармақ 31
31. Пайдалану кезінде жабдықты:
Тармақша 1
1) көзделген зиянды заттарды тұту жөніндегі құрылғыларсыз;
Тармақша 2
2) ағуы, шашырауы мүмкін және жіберуге арналған коллекторы жоқ сұйықтықтармен жұмыс істеу үшін;
Тармақша 3
3) электр энергиясы сөніп қалған жағдайда, көзделген өндірісті авариялық тоқтатусыз қолдануға болмайды.
Тармақ 32
32. Сарқынды суларды зарарсыздандыру, газ шығарындыларын тұту, өндіріс (формуляция) қалдықтарын, пестицидтер салынған ыдыстарды кәдеге жарату, зарарсыздандыру әдістерін пестицидтерді өндіруші әзірлейді және олар нақты бір пестицидті өндіруге (формуляциялауға) арналған техникалық құжаттамаға қосылады.
Тармақ 33
33. Әрбір өндірісте қауіпсіздік паспорттарында жазылған пестицид өндірудің (формуляциялаудың) технологиялық режимдерін, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің көрсеткіштерін, қоршаған ортаға зиянды шығарындылар сипатын құжаттамалық өндірістік бақылау жүйесі енгізіледі.
Кәсіпорында жоғарыда көрсетілген бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген өндірістік зертхана болмаған жағдайда, зерттеулер «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заң) сәйкес аккредиттелген зертханалар мен сынақ орталықтарында шарт негізінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Пестицидтерді өткізу кезінде олардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6-тарау. Пестицидтерді өткізу кезінде олардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 34
34. Тіркелген пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тек пестицидтерді өткізуге арналған лицензия алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 35
35. Пестицидтерді ауыл, орман және коммуналдық шаруашылықта қолдану үшін өткізу халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға жауап беретін өндіруші кәсіпорынның қоймасынан немесе пестицидтерді сақтауға және босатуға арналған арнайы қоймалардан жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Баулар мен бақшаларға арналған, ауыл шаруашылығы зиянкестеріне, аурулар мен арамшөптерге қарсы пестицидтерді, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтар жағдайларында қолдануға арналған үй кеміргіштерімен күресуге арналған құралдарды өткізу азық-түліктік емес мамандандырылған бөлшек сауда дүкендері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Жеке қосалқы шаруашылықтар жағдайларында пайдалануға арналған, препараттың дәл мөлшерін өлшеуге мүмкіндік бермейтін орамадағы пестицидтерді өткізуге 0,1 (нөл бүтін оннан бір) гектарды өңдеуге арналған шығыс нормасынан аспайтындай орамаларда ғана рұқсат етіледі. Мөлшер жөніндегі талап өлшеу айлабұйымдары (өлшеу ыдысы, шығыс шәкілі) бар орамадағы пестицидтерге және препаратты көп рет саңылаусыздандыруға жарамды зауыт орамасына қолданылмайды.
Тармақ 38
38. Пестицидтермен көтерме және бөлшек сауда жасайтын жеткізушілерге (импорттаушыларға, сатушыларға) мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді ғана сатып алуға және өткізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 39
39. Пестицидтерді тұтынушыларға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдысын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдысын зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) туралы мәліметтерді қоса алғанда, қауіпсіз пайдалану шаралары туралы тиісті ақпарат болған жағдайда, өндірушінің ыдысымен ғана жіберуге рұқсат етіледі.
Тармақ 40
40. Ыдыстың тұтастығы бұзылған жағдайларда, пестицидтер қайта буып-түйіледі және өнім берушіге (импорттаушыға, сатушыға) қайтарылады.
Пестицидті шашылған немесе төгілген күйде қалдыруға жол берілмейді. Ластанған үй-жайларда жинау ыдыстық заттаңбада (пестицидті қолдану жөніндегі ұсынымдарда) көрсетілген зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) жөніндегі ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7-тарау. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
7-тарау. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 41
41. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтерді қолдану жөніндегі ұсынымдарға, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі және Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес экологиялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 42
42. Пестицидтерді сақтау және қолдану халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 43
43. Пестицидтерді сақтау халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі және Экологиялық кодекстің 239-бабына сәйкес экологиялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген құрылыс нормалары талаптарына жауап беретін, арнайы осыған арналған қойма үй-жайларында жүзеге асырылады.
Пайдаланылатын немесе жабық қоймалық үй-жайлардың жұмыс істеуінің гигиеналық қауіпсіздігі өлшемшарттары жұмыс аймағының ауасындағы, атмосфералық ауадағы, ашықсу айдындарының суындағы және топырақтағы химиялық заттардың шекті жол берілетін концентрациялары, сондай-ақ физикалық факторлардың шекті жол берілетін деңгейлері болып табылады.
Пестицидтерді сақтау өзінің физикалық-химиялық қасиеттері (ұшуы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, сақтаудың температуралық режимі бойынша үйлеспейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдай жасауды қоса алғанда, Өсімдіктерді қорғау туралы заңның 19-9-бабына сәйкес белгіленген, сондай-ақ ыдыстық заттаңбада, нақты бір пестицидтерді қолдану жөніндегі ұсынымдарда, олардың сыныптау шифрларында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 44
44. Пестицидтерді үйіп сақтау үшін қойма еденінде табандықтар мен стеллаждар пайдаланылады.
Тармақ 45
45. Төгілген жағдайда, пестицидтерді бейтараптандыру үшін қоймалық үй-жайлар сақтаулы пестицидтердің ыдыс затбелгілерінде көрсетілген қатерсіздендіргіш құралдармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Бұдан басқа, қоймалық үй-жайлар ағындық және сорғыш желдетумен жабдықталады. Сорғыш желдету құрғақ сүзгіш элементтермен жабдықталады.
Тармақ 46
46. Пестицидтерді сақтау жөніндегі жұмыс арнайы киіммен және персоналдың жеке қорғаныс құралдарымен жүргізіледі.
Тармақ 47
47. Қоймада сақталатын пестицидтер тігілген және нөмірленген пестицидтерді есепке алудың кіріс-шығыс журналында тіркеледі, онда міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) пестицидтің атауы;
Тармақша 2
2) әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер сыныптамасына сәйкес пестицидтің қауіптілігі;
Тармақша 3
3) препараттық нысаны;
Тармақша 4
4) пестицидтің мөлшері (нетто салмағы немесе көлемі);
Тармақша 5
5) жазылған күні;
Тармақша 6
6) құжаттың нөмірі (кіріс, тауар-көлік жүкқұжаты);
Тармақша 7
7) кіріс (пестицид қайдан келіп түсті);
Тармақша 8
8) шығыс (қайда жіберілді);
Тармақша 9
9) қалдық;
Тармақша 10
10) бақылау (қолы, күні).
Тармақ 48
48. Халықтың тұрмыс жағдайына қолайсыз әсердің алдын алу және болдырмау мақсатында қоймалық үй-жайлардың аумағында және санитариялық-қорғаныс аймақтары шегінде талдамалық және құралдық бақылау әдістері пайдаланыла отырып, тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
Тармақ 49
49. Пестицидтерді тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11779 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі – Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары) талаптарына және Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен тасымалдауға жіберілетін қауіпті жүктердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. Пестицидтерді тасымалдау кезінде қауіптілік туралы ақпарат жүйесінің «Абайла – пестицидтер» авариялық карточкаларының болуын қоса алғанда, әртүрлі көлік түрлерінде қолданылатын Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес өндірушінің саңылаусыз ыдысында, арнайы жабдықталған және тиісті таңбасы бар көлік құралдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 51
51. Пестицидтерді тасымалдау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын сақтай отырып, тек көлік құралдарымен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Тамақ өнімдерін, жемшөп пен ауызсуды пестицидтермен және дәріленген тұқымдармен бірге немесе бұрын пестицидтерді тасымалдау үшін пайдаланылған көлік құралдарымен тасымалдауға болмайды.
Тармақ 53
53. Пестицидтерді тасымалдау үшін пайдаланылған көлік алдын ала тазартылмай және зарарсыздандырылмай, онымен басқа азық-түліктік емес жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 54
54. Физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалығы, тотығуы және басқа да қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша үйлеспейтін пестицидтерді бірге тасымалдауға болмайды.
Тармақ 55
55. Тасымалдау кезінде көлік құралдарында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
Тармақ 56
56. Көлік құралдары тасымалдау жұмыстары аяқталған және пестицидтерден босаған соң жуып тазартылады және тасымалданатын препараттарға арналған ыдыс затбелгілерінде және ілеспе құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес зарарсыздандырылады.
Тармақ 57
57. Пестицидтерді тасуға арналған әрбір көлік құралы пестицидтерді бейтараптандыру құралдарымен, тиісті өртсөндіргіштермен, құм қорымен және жеке қорғаныс құралдарымен жиынтықталды.
Тармақ 58
58. Дәріленген тұқымдарды сақтау мен тасымалдау мықты, пестицидтерді өткізбейтін материалдардан жасалған, буып-түйілгеннен кейін тығыз жабылатын арнайы ыдыста жүргізіледі. Ыдысқа «Дәріленген» деген таңба басылады.
Тармақ 59
59. Жеке және заңды тұлғаларға пестицидтерді қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру осы техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 60
60. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне қосылған пестицидтер ғана қолданылуы тиіс.
Тармақ 61
61. Пестицидтерді қолдану пестицидтердің тәжірибелік үлгілерін тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қолдану жағдайларын қоспағанда мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне қосылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 62
62. Пестицидтермен істелетін барлық жұмыстар тігілген және нөмірленген, осы техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді есепке алу журналында тіркеледі.
Тармақ 63
63. Пестицидтермен жұмыс істелетін орындар пестицидтерді қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекі құралдармен, нұсқаулықтармен, жадынамалармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 64
64. Пестицидтерді қолдану пайдалану (қолдану) регламенттеріне (шығыс нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, шектеулер, күту мерзімдері, ұсынылатын жеке қорғаныс құралдарын қолдану) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. Пестицидтермен жұмыс істеген кезде жұмыс орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, тамақ ішуге жол берілмейді.
Тармақ 66
66. Өсімдіктерге пестицидтерді тозаңдату мен бүркуді ерте таңғы және кешкі сағаттарда жерүсті аппаратурасын қолданған кезде секундына үш метрден аспайтын және авиацияны қолданған кезде секундына екі метрден аспайтын жел жылдамдығымен жүргізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 67
67. Қала саябақтарын, гүлбақтарды, бульварларды, көшелер мен даңғылдарды, оның ішінде трамвай жолдары мен жолөтпелерді пестицидтермен ошақты өңдеу өте кешкі, түнгі және ерте таңғы сағаттарда, пестицидтердің ең төмен шығыс нормасымен, штангалық жерүсті аппаратурасын пайдалана отырып және тұрғын үйлерге дейінгі кемінде елу метр санитариялық алшақтықтарды сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 68
68. Пестицидтерді шаруашылық-ауызсу су құбырлары көздерінің қатаң режимі аймағында қолдануға жол берілмейді. Шектеу аймағында қауіптілігі
1 және 2-сыныпты пестицидтерді пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 69
69. Пестицидтерді балалар, спорттық-сауықтыру, медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін сататын кәсіпорындар аумағында қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 70
70. Пестицидтерді қолданған кезде барлық орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері (құдықтар, ұңғымалар) берік жабылады.
Тармақ 71
71. Балдырларды, арамшөптерді, масалардың дернәсілдерін, құнсыз балықтарды жою мақсатында су айдындарын пестицидтермен өңдеу жүргізіледі.
Тармақ 72
72. Пайдаланылмаған пестицидтерді уақытша сақтауға арналған арнайы орындардан басқа, жұмыс орындарында қалдыруға жол берілмейді.
Тармақ 73
73. Пестицидтерді қолдану кезінде бұзушылықтар болған жағдайда, пестицидтердің қалдық мөлшерінің болуына талдамалық зерттеулер жүргізілгенге дейін ауыл шаруашылығы өнімін өткізу тоқтатыла тұрады.
Пестицидтердің құрамы белгіленген ең көп жол берілетін деңгейден жоғары өнімді халыққа өткізуге жол берілмейді.
Тармақ 74
74. Азық-түлік запастары немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған азықтар толтырылған сақтау орындарында кеміргіштермен күресу кезінде сусымалы (оның ішінде дәндік) уланған тұзақ жемді ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері мен азықтардың қасына қоюға жол берілмейді.
Дератизациялық құралдарды кеміргіштер оңай бүлдіретін ыдыстарға (картон қораптар, қағаз қалталар, қаптар және т.б.) буып-түйілген тамақ өнімдерінің арасына орналастыру жағдайында, кеміргіштердің тұзақ жемді тасуын және улы заттардың абайсызда тамаққа түсуін болдырмайтын арнайы қорғаныш контейнерлерге салынған дератизациялық блоктар (парафиндік, балауыздық) қолданылады.
Тармақ 75
75. Жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 10-бабының 1) тармақшасына, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 12-бабы 1-тармағының
4) тармақшасына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алынатын лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. Пестицидтерді зарарсыздандыру кезінде олардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
8-тарау. Пестицидтерді зарарсыздандыру кезінде олардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 76
76. Одан әрі мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз (бұдан әрі – жарамсыз) пестицидтер зарарсыздандырылуы тиіс. Оларға адамдардың, жануарлардың саулығына және/немесе өсімдіктерге теріс әсерінің анықталуына, физикалық-химиялық және тұтыну қасиеттерінің өзгеруіне байланысты қолдануға тыйым салынған, сәйкестендірілмеген қоспалар түрінде сақталатын пестицидтер жатады.
Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді зарарсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы заңның 20-бабы 1-тармағының
5) тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді зарарсыздандыру Өсімдіктерді қорғау туралы заңның 20-бабы
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 77
77. Жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) әдістері мен технологияларын пестицидтерді өндірушілер әзірлейді, олар санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамадан өтеді және препараттарға арналған нормативтік немесе техникалық құжаттамаға, қауіпсіздік паспортына, сондай-ақ ыдыс затбелгісіне және тұтынушыларға пестицидтерді жеткізушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) ұсынатын қолдану жөніндегі ұсынымдарға енгізіледі.
Тармақ 78
78. Одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын көмуге жол берілмейді.
Тармақ 79
79. Пестицидтерді және олардың ыдыстарын, пестицидтерден ыдыраған өнімдерді зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) процестері қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі тиіс.
Тармақ 80
80. Қағаз немесе ағаш ыдысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген орындарда өртеу жолымен жояды.
Өртеу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптары сақтала отырып, жағылатын қосындылардың уытты емес (қауіпті емес) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралы қондырғыларда жүзеге асырылады. Бұл ретте кәсіпорын газтәріздес ластағыштар мен күлдің шығарындыларына үнемі бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 81
81. Жеткізушімен шарт болған жағдайда, метал ыдыс немесе полимер материалдан жасалған арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) зарарсыздандырылмаған, бірақ сырты таза және тығыз жабылған күйде қайтарылады. Олай болмаған жағдайда, кәдеге жарату немесе жою алдында ол нақты пестицидтерді зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) жөніндегі ұсынымдарда баяндалған талаптарға сәйкес зарарсыздандырылады.
Тармақ 82
82. Құрамында сынап, көгертетін қышқыл бар пестицидтер және күшәла құрамдас пестицидтер олар сақталатын жерлерде зарарсыздандырылмауы (кәдеге жаратылмауы, жойылмауы) тиіс және оларды кәдеге жарату (өңдеу) үшін мамандандырылған ұйымдарға немесе жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) тапсырылады.
Тармақ 83
83. Қауіптілігі 1-сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтер саңылаусыздықты қамтамасыз ететін және пестицидтерді сақтау және кейіннен зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) орындарына тасу кезінде қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын ыдыстарда сақталуы тиіс.
2-сыныпты препараттар полимер материалдардан жасалған, арнайы ішпектері бар көп қабатты ыдысқа (пестицидтің ерекшелігіне қарай) буып-түйіледі.
Тармақ 84
84. Жарамсыз пестицидтерді тиеумен, тасумен және түсірумен байланысты барлық жұмыстар механикалық түрде жүзеге асырылады. Пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын тасыған кезде жүргізуші мен жүкті апарушы персоналдан басқа бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.
Тармақ 85
85. Зарарсыздандырылуы (кәдеге жаратылуы, жойылуы) тиіс пестицидтерді тиісінше сақтау жағдайлары болмаған кезде, қызметтің аталған түріне шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсетілген құралдарды орталықтандырылған жинауды және олардың сақтау үшін тиісті жағдайы бар қоймаларға орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Көрсетілген қоймаларға бөтен адамдардың кіруіне жол берілмейді.
Тармақ 86
86. Бүтіндігі бұзылған орамадағы пестицидтер нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ыдысқа қайта буып-түйілуі тиіс.
Тармақ 87
87. Одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтерді зарарсыздандырған (кәдеге жаратқан, жойған) кезде олар сақталатын ауданда препараттардың иелері зарарсыздандыруға (кәдеге жаратуға, жоюға) қатысатын жауапты жұмыскерлерді бөледі.
Бұл ретте ұйымның атауы, зарарсыздандырылған пестицидтің аты, оның саны, зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) орны мен тәсілі, жұмыстарды жүргізуге жауапты адамның тегі көрсетілетін акт ресімделеді.
Тармақ 88
88. Пестицидтерді өнеркәсіптік өңдеу жолымен зарарсыздандыру (кәдеге жарату, жою) нақты бір пестицидке сәйкестігін растау жөніндегі органдар берген арналған ілеспе құжаттамада көрсетілген технологияларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 89
89. Айналыстан алынған пестицидтер және оларды пайдалана отырып өндірілген, халықтың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін өнім Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12564 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларына, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстау шарттарына сәйкес зарарсыздандырылуы (кәдеге жаратылуы, жойылуы) тиіс.
Тарау 9. 9-тарау. Өзара байланысты стандарттар тізбесі
9-тарау. Өзара байланысты стандарттар тізбесі
Тармақ 90
90. Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі, сондай-ақ техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі тиісінше осы техникалық регламентке 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген.
Тарау 9. 9-тарау. Пестицидтердің сәйкестігін бағалау
9-тарау. Пестицидтердің сәйкестігін бағалау
Тармақ 91
91. Пестицидтердің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау:
Тармақша 1
1) пестицидті мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 2
2) сәйкестікті міндетті растау нысандарында жүзеге асырылады.
Тармақ 92
92. Техникалық реттеу туралы заңның 27-бабына сәйкес пестицидтердің сәйкестігін растау міндетті сертификаттау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 93
93. Пестицидтерді сертификаттауды Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңға сәйкес аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 94
94. Пестицидтерді міндетті сертификаттау кезінде дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы өтініш беруші болады.
Басқа 1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің
бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес техникалық регламенттің
қолданылу аясына жататын өсімдіктерді қорғау құралдарының
(пестицидтердің) тізбесі және сыныптауыш бойынша олардың кодтары
Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентке
1-қосымша
Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің
бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес техникалық регламенттің
қолданылу аясына жататын өсімдіктерді қорғау құралдарының
(пестицидтердің) тізбесі және сыныптауыш бойынша олардың кодтары
Р/с №
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды
Позиция атауы
1
2
3
1
3808
Инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер,
гербицидтер, өскінге қарсы құралдар мен
өсімдіктердің өсуін реттеуіштер, бөлшек саудаға
салу үшін қалыптарға немесе орамдарға салынған
немесе дайын препараттар немесе бұйымдар
ретінде берілген дезинфекциялайтын және соларға ұқсас құралдар (мысалы, күкіртпен өңделген баулар, білтелер мен шырақтар, шыбынға қарсы жабысқақ қағаз):
2
3808 50 000
–*аталған топқа субпозицияға ескертпеде көрсетілген тауарлар
3
3808 50 000 1
– – тек қана әсер етуші зат ретінде құрамында болатын 4,6-динитро-о-крезол (ДНОК (ISO)) немесе оның тұздары, тек қана трибутилқалайы қосылыстары немесе көрсетілген заттардың қоспасы
4
3808 50 000 9
– – басқалары
– басқалары:
5
3808 91
– – инсектицидтер:
6
3808 91 100 0
– – – пиретроидтар негізіндегі
7
3808 91 200 0
– – – хлорланған көмірсутегілер негізіндегі
8
3808 91 300 0
– – – карбаматтар негізіндегі
9
3808 91 400 0
– – – фосфорорганикалық қосылыстар негізіндегі
10
3808 91 900 0
– – – басқалары
11
3808 92
– – фунгицидтер:
– – – бейорганикалық:
12
3808 92 100 0
– – – – мыс қосылыстары негізіндегі препараттар
13
3808 92 200 0
– – – – басқалары
14
3808 92 300 0
– – – – дитиокарбаматтар негізіндегі
15
3808 92 400 0
– – – – бензимидазолдар негізіндегі
16
3808 92 500 0
– – – – диазолдар немесе триазолдар негізіндегі
17
3808 92 600 0
– – – – диазиндер немесе морфолиндер негізіндегі
18
3808 92 800 0
– – – – басқалары
19
3808 93
– – гербицидтер, өскінге қарсы құралдар және
Өсімдіктердің өсуін реттеуіштер:
– – – гербицидтер:
20
3808 93 110 0
– – – – феноксифитогормондар негізіндегі
21
3808 93 130 0
– – – – триазиндер негізіндегі
22
3808 93 150 0
– – – – амидтер негізіндегі
23
3808 93 170 0
– – – – карбомадтар негізіндегі
24
3808 93 210 0
– – – – динитроанилиндер туындылары негізіндегі
25
3808 93 230 0
– – – – карбамид, урацил немесе сульфонилкарбамид туындылары негізіндегі
26
3808 93 270 0
– – – – басқалары
27
3808 93 300 0
– – – өскінге қарсы құралдар
28
3808 93 900 0
– – – өсімдіктердің өсуін реттеуіштер
29
3808 94**
– – дезинфекциялайтын құралдар:
30
3808 94 100 0
– – – ширек аммоний тұздары негізіндегі
31
3808 94 200 0
– – – галогенденген қосылыстары негізіндегі
32
3808 94 900 0
– – – басқалары
33
3808 99
– – басқалары:
34
3808 99 100 0
– – – родентицидтер
35
3808 99 900 0
– – – басқалары
*Ескертпе: 3808 50 субпозициясына құрамына мына заттардың біреуінен немесе бірнешеуінен тұратын: альдрин (ISO); бинапакрил (ISO); камфехлор (ISO) (токсафен); каптафол (ISO); хлордан (ISO); хлордимеформ (ISO); хлорбензилат (ISO); ДДТ (ISO) (клофенотан (INN), 1,1,1-трихлор-2,2-бис(п-хлорфенилэтан); диэлдрин (ISO, INN); 4,6-динитро-o-крезол (ДНОК (ISO)) немесе оның тұздары; диносеб (ISO), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; этилендибромид (ISO) (1,2-дибромэтан); этилендихлорид (ISO) (1,2-дихлорэтан); фторацетамид (ISO); гептахлор (ISO); гексахлорбензол (ISO); линданды (ISO, INN) қоса алғанда, 1,2,3,4,5,6-гексахлорциклогексан (ГХГ (ISO)); сынап қосылыстары; метамидофос (ISO); монокротофос (ISO); оксиран (этиленоксид); паратион (ISO); паратионметил (ISO) (метилпаратион); пентахлорфенол (ISO), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; фосфамидон (ISO); 2,4,5-Т (ISO) (2,4,5-трихлорфеноксисірке қышқылы), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; трибутилқалайы қосылыстары бар 3808 тауарлық позициясының тауарлары ғана кіреді.
Сондай-ақ, 3808 50 субпозициясына беномил (ISO), карбофуран (ISO) және тирам (ISO) қоспасы бар тозаңданатын ұнтақ құрамдары кіреді.
** «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес 3808-ден (3808 94-ті қоспағанда).
Басқа 2. Пестицидтер қауіпсіздігінің физикалық-химиялық көрсеткіштері
Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентіне
2-қосымша
Пестицидтер қауіпсіздігінің физикалық-химиялық көрсеткіштері
Р/с
№
Көрсеткіш атауы
Мәні
1
2
3
1
Су эмульсиясының тұрақтылығы:
1-4 сағат бойы тұндырғаннан кейін
эмульсиядан бөлінуі тиіс: сантиметр, артық
емес:
«кілегей» немесе
тұндырғышты аударып-төңкергенде
ерітіндіге айналмайтын «майлар» немесе
тұнба:
әсер етуші заттың массалық үлесі кемінде
10 пайыз (бұдан әрі – %) пестицидке
арналған
әсер етуші заттың массалық үлесі
10 %-дан 20 %-ға дейінгі пестицидке
арналған
әсер етуші заттың массалық үлесі 20 %-дан
астам пестицидке арналған
2,0
0,2
0,4
1,0
2
Су суспензиясының тұрақтылығы, %
кем емес:
суланатын ұнтақ, таблетка, паста
суспензиялық концентрат
60,0
80,0
3
Судың массалық үлесі, %, артық емес:
эмульсия концентраты, майлы негіздегі
паста
1,0
4
Суланатын ұнтақ,
пленка түзетін препарат, дуст, таблетка
түйіршіктер
3,0
5,0
5
Дисперстілігі:
ұнтақтар үшін № 0045 немесе № 0071
немесе 009 % торлы елеуіштегі
қалдығының массалық үлесі,
артық емес
түйіршіктер үшін берілген диаметрдегі
бөлшектердің массалық үлесі (нысаналы
фракция), %,
кем емес
2,0
90,0
Басқа 3. Пестицидтерді есепке алу журналы
Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентіне
3-қосымша
Нысан
Пестицидтерді есепке алу журналы
Р/с №
Пестицидтің атауы
Әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер сыныптамасына сәйкес пестицидтің қауіптілігі
Зиянды организмнің атауы
Шығыс нормасы
Жұмыс ерітіндісінің көлемі
Жұмыс ерітіндісінің дайындалған күні
Пестицидтің жалпы шығысы
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Өңдеу түрі (жерүсті, авиациялық, аэрозольдік)
Өңдеу орны мен алаңы
Өңделген дақыл түрі
Өңделген күні
Бүріккіш техниканың атауы (маркасы, саны)
9
10
11
12
13
Басқа 4. Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің
талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі
Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентіне
4-қосымша
Қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің
талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі
Р/с №
Техникалық регламенттің элементтері
Стандарттың
белгіленуі
Стандарттың
атауы
Ескертпе
1
2
3
4
5
1
3-тараудың
18-тармағы,
4-тараудың
19-тармағы
МЕМСТ 30333-2007
«Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Жалпы талаптар»
2
5-тараудың
29-тармағының
1 және
2-абзацтары,
33-тармағы
МЕМСТ 12.1.007-76
«Зиянды заттар. Сыныптамасы және жалпы қауіпсіздік талаптары»
3
1 және
2-тараулар
ҚР СТ ИСО
1750-2008
«Пестицидтер және басқа да агрохимикаттар. Жалпы атаулары»
4
7-тараудың
48, 49,
57-тармақтары
МЕМСТ 12.3.041-86
«Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесі.
Өсімдіктерді қорғауға арналған пестицидтерді қолдану. Қауіпсіздік талаптары»
5
3-тараудың
12-тармағы
МЕМСТ 31340-2013
«Химиялық өнімдердің ескертпелік таңбаланымы. Жалпы талаптар»
6
1 және
2-тараулар
ҚР СТ МЕМСТ Р 51247-2008
«Пестицидтер. Жалпы техникалық талаптар»
Басқа 5. Техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің
сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу
(сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді
іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі
Өсімдіктерді қорғау
құралдарының (пестицидтердің)
қауіпсіздігі туралы
техникалық регламентіне
5-қосымша
Техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің
сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу
(сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді
іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі
Р/с №
Техникалық регламенттің элементтері
Стандарттың
белгіленуі
Стандарттың
атауы
Ескертпе
1
2
3
4
5
1
3-тараудың
14-тармағы,
7-тараудың
57-тармағы
МЕМСТ 14189-81
«Пестицидтер. Қабылдап алу қағидалары, сынамаларды іріктеу әдістері, буып-түю, таңбалау және сақтау»
2
Эмульсия су тұрақтылығы
МЕМСТ 16291-79
«Пестицидтер. Эмульсияның тұрақтылығын анықтау әдісі»
3
Судың салмақтық үлесі
МЕМСТ 23266-78
«Пестицидтер. Суды анықтау әдістері»
4
Дисперстілігі
МЕМСТ 30439-96
«Пестицидтер.
Електік талдау»
5
Су суспензиясының тұрақтылығы
МЕМСТ 16484-79
«Пестицидтер. Ылғалданушы ұнтақтардың су суспензияларының тұрақтылығын анықтау әдісі»
6
Судың салмақтық үлесі
МЕМСТ 14870-77
«Химиялық өнімдер. Суды анықтау әдістері»