О некоторых вопросах системы социального страхования и оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 11) тармақшасына, 18-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның банктік шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды төлеушілерге қайтару тәртібі туралы қағидалар;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымы № 224 бұйрығына 1-қосымша Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 3
3) әлеуметтiк аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды төлеушілердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақшасы;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек – әлеуметтiк аударымдардың есептелген және заңнамада белгіленген мерзімде аударылмаған сомалары, сондай-ақ өсімпұлдың төленбеген сомалары;
Тармақша 5
5) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
Тармақша 6
6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар;
Тармақша 7
7) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;
Тармақша 9
9) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
Тармақша 10
10) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
Тармақша 11
11) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 12
12) «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi
2-тарау. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi
Тармақ 3
3. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс. Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.
Тармақ 4
4. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар адамдар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы енгізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ қандастардың әлеуметтік аударымдарын есептеу объектісі болып қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары табылады. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiлерi мыналар болып табылады: өзі үшін – алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы; жалдамалы жұмыскерлер үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері болып табылады. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Тармақ 5
5. Қорға әлеуметтік аударымдар Заңның 15-бабы 6-тармағында белгіленген табыстардан төленбейді.
Тармақ 6
6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн қорға төленуге тиіс әлеуметтік аударымдар Заңның 14-бабында айқындалған мөлшерде белгіленеді. Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар тиындардың сомасына қарамастан 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік аударымдарды төлеу және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері
3-тарау. Әлеуметтік аударымдарды төлеу және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 7
7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып өзiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi. Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, патент немесе арнайы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы, негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Салық кодексінде көзделген мерзімде төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдарды төлеудің ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді. Әлеуметтік аударымдар төлемін төлеушілер олар үшін әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімін қоса бере отырып жүзеге асырады. Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар әлеуметтік төлемдерді Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес төлейді. Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса); туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (ай, жыл) қамтуға тиiс. Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді «Төлемдерді тағайындау» деген бағанда көрсетеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың ЖСН-дары негізінде дербестендірілген есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 электрондық форматтағы төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Бұл ретте жөнелтуші банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қалыптастыратын МТ-102 электрондық форматтағы төлем тапсырмаларында әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұл төленетін кезең тиісті «PERIOD» деген жолда «ААЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Төлеушілер әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешектi төлеуді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 электрондық форматтағы төлем тапсырмаларымен кезең (ай (айлар), жыл (жылдар)) үшін жүргізедi.
Тармақ 12
12. Банктер әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қорға осы сомалар төлеушiнiң банк шоттарынан есептен шығарылған күні аударуға міндетті.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары келіп түскен күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады. Мемлекеттік корпорация:
Тармақша 1
1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын;
Тармақша 3
3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтаруды жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес төлеуші болып табылмайтын жеке тұлғалар төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл қайтаруға жатпайды.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы төлеушіге әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешек сомасы туралы хабарлама жібереді. Хабарлама төлеушінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама төлеушіге мынадай жағдайларда табыс етілді деп есептеледі:
Тармақша 1
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап; Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс. Мемлекеттік кірістер органдары жіберген хабарламаны осы тармақта көзделген пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай хабарлама табыс етілген күн болып табылады.
Тармақша 2
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде: хабарламаны веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап. Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады; «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
Тармақша 3
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – келу тәртібімен оны алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 15
15. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін:
Тармақша 1
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші;
Тармақша 2
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші хабарлама жолдаған мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Тармақ 16
16. Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес төлеушінің ұсынған тізімдері негізінде мемлекеттік кірістер органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын тізімді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агенттің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу төлеушінің ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдері қоса берілген мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі. Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді. Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада қойған инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – осы төлеушінің;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер төменде аталған операциялардан басқа төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті:
Тармақша 1
1) Салық кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
Тармақша 2
2) ақшаны: өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша; еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша; салықтық берешекті, кеден төлемдері бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен салықтар және өсімпұлдар, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша өндіріп алу. Төлеушiнің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкiмi Салық кодексінің 118-бабының 3-тармағына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 18
18. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мына операциялардан басқа кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады: осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны банкке тапсыру операциялары; егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банкке қатысты шығарылған болса, банктің клиенттерінің қолма-қол ақшасын беру операциялары. Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны Қорға аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауына жатады. Төлеушiнің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм төлеушіге берешек сомасы бойынша хабарламаны жөнелту және табыс ету үшін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген әдістермен жіберіледі және табыс етіледі. Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкiмінің күшін әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кірістер органы жояды.
Тармақ 19
19. Төлеушi қорға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн «төлем мақсаты» деген жолда – «кезең (ай (айлар), жыл (жылдар)) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшін өсiмпұл» деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Тармақ 20
20. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларының тiзiлiмдерiн ұсынады.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi. Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде қорға әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi.
Тармақ 23
23. Қорға әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеушінің Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады.
Тармақ 24
24. Төлеуші әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары туралы ақпарат алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны төлеушіге береді.
Басқа 1.1. Aртық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларына 1-қосымша Нысан Aртық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның № Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның кү­ні Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның со­ма­сы Тө­лем­ді та­ғай­ын­дау ко­ды Тө­лем ре­фе­рен­сі Тө­ле­у­ші­нің же­ке неме­се биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­ме­рі Тө­ле­у­ші­нің ата­уы 1 2 3 4 5 6 7 Қолдары: Басшы ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бас бухгалтер _____________________________тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)       Мөр орны (бар болса) Өтінім тіркелген күн: 20 ___ жылғы «___» ___________ ________________________________________________________________ өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы
Басқа 1.2. Төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары туралы ақпарат
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларына 2-қосымша Нысан Берілген күні, шығ. № Төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомалары туралы ақпарат Тө­лем тап­сыр­ма­сың № Тө­лем тап­сыр­ма­сың кү­ні Тө­лем тап­сыр­ма­сың со­ма­сы Тө­лем­ді та­ғай­ын­дау ко­ды Банк опе­ра­ци­я­сы­ның ре­фе­рен­сі Тө­ле­у­ші­нің же­ке неме­се биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­ме­рі Тө­ле­у­ші­нің ата­уы Файл ата­уы (Dbf) 1 2 3 4 5 6 7 8 Қолдары: Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ___________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Көрсетілетін қызметті берушінің маманы ___________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны (бар болса)
Басқа 2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару қағидалары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымы № 224 бұйрығына 2-қосымша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың артық (қате) төлеген төлемдерін қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды төлеушілердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақшасы;
Тармақша 3
3) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Заңда белгіленген мерзімде әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар;
Тармақша 4
4) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;
Тармақша 6
6) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және Қазақстан Республикасы Заңнамасында көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтік аударымдарды (немесе) уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару тәртiбi
2-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтік аударымдарды (немесе) уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару тәртiбi
Тармақ 5
5. Төлеушiнің қорға артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің және банк операцияларының жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) кiнәсiнен артық (банктік шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлеуші банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.
Тармақ 6
6. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомалары: әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге әлеуметтік аударымдар есептелсе; төлеушінің өтінішінде көрсетілген қайтару себебі расталмаса, қайтаруға жатпайды.
Тармақ 7
7. Төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қорға аударылған сомаларын қайтаруды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) төлеушi (банк, төлеушілер) Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi; Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi. Дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қате төлеген жағдайда төлеуші жеке басты басты куәландыратын құжатын сәйкестендіру үшін ұсынады.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып өтінішті қорға жiбередi; Мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттармен төлеушіге келесі жағдайлардың бірінде қайтарады: егер артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды есептеу фактісi расталмаса; төлеушінің өтініші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанға сай келмесе; төлеушінің өтінішінде дұрыс емес себеп көрсетілсе (бір себептен артық таңдалса);
Тармақша 3
3) қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен ақшаны төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде оны мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады; Мемлекеттік корпорация қайтаруға жататын әлеуметтік аударымдар сомалары бойынша есептелген қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің тағайындалу фактісін анықтаған жағдайда Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдар сомалары келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күн ішінде оларды қордың шотына қайтарады;
Тармақша 4
4) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қайтаруға жатпайтын сомалары бойынша қор бас тарту себептері туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға кейіннен төлеушіні хабардар ету үшін жібереді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомасын қор қаражаты келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей төлеушiге аударады;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік корпорация операциялық бір күн ішінде қорды артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген үшін өсімпұлдың қайтарылған сомаларын аудару туралы электрондық нысанда хабардар етеді;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік корпорация мен қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың аударылуын, әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.
Тармақ 8
8. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық форматтағы төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жіберген жағдайда банк жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 9
9. Қор қайтарылған артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген үшін өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларының тiзiлiмдерiн ұсынады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi. Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде қорға әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi.
Басқа 2.1. «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының басшысына _____________________________ Өтініш
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару қағидаларына 1-қосымша «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының басшысына _____________________________ Өтініш кімнен ____________________________________________________ (әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) _______________ №___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомасын: Р/с № ЖСН Т.А.Ә. (бар болса) Кезең Төленген сома Қайтарылатын сома қайтаруды жүргізуді сұраймын, референс, төлемнің жалпы сомасы ________, қайтарылатын жалпы сома ________, себебі (керегін белгілеу қажет): ☐ төлеушi немесе банк бiр төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған; ☐ алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген; ☐ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген; ☐ төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген; ☐ төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген; ☐ төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген; ☐ төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген; дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған. Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз: Төлеушінің атауы:____________ Төлеушінің ЖСН/БСН:_______________ ЖСК:_______________________________ Банк төлеушінің БСК:____________________ Төлеушінің банкі:____________________ Қосымшалар: Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі, төлеушінің БСН немесе банктік шоты өзгерген жағдайда растайтын құжаттың көшірмесі. Қолдары: Басшы ______________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) Бас бухгалтер _________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) Заңды мекенжайы: ___________________, Төлеушінің байланыс телефондары: Телефон: +7 (____)_________________, E-mail__________________________. Толтырылған күні 20 ____жылғы «___» ___________ Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді). Мөр орны (бар болса)
Басқа 2.2. Анықтама-pacтама
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген үшін өсімпұлды қайтару қағидаларына 2-қосымша Анықтама-pacтама рас­тай­ды, (әле­умет­тік ауда­рым­дар тө­ле­ушiнiң ата­уы) Мем­ле­кет­тiк әле­умет­тiк сақ­тан­ды­ру қо­ры­на ар­тық (қа­те) тө­лен­ген әле­умет­тік ауда­рым­дар­ды және (неме­се) әле­умет­тік ауда­рым­дар­ды уақ­ты­лы және (неме­се) то­лық тө­ле­ме­ген үшін өсім­пұл­дар­ды тө­ле­ген кез­де, мы­на­дай тө­лем тап­сыр­ма­ла­ры­на, олар үшін әле­умет­тік ауда­рым­дар жүр­гі­зі­л­ген мiн­дет­тi әле­умет­тiк сақ­тан­ды­ру жүй­есiне қа­ты­су­шы­лар ті­зім­де­рін­де қа­те­лік­тер жi­бе­рі­л­генiн рас­тай­ды: № Р/с № Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның № Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның кү­ні Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның жал­пы со­ма­сы Ре­фе­ренс ЖСН Т.А.Ә. Қа­те ауда­ры­л­ған (тең­ге) Ауда­ры­лу­ға ти­іс­ті (тең­ге) Ке­зең (АА­Ж­Ж­ЖЖ) Со­ма­сы (тең­ге) Ке­зең (АА­Ж­Ж­ЖЖ) Со­ма­сы (тең­ге) Бі­рін­ші бас­шы (Т.А.Ә.) (әке­сі­нің аты бар бол­са) (қо­лы) Бас бух­гал­тер (Т.А.Ә.) (әке­сі­нің аты бар бол­са) (қо­лы) Мөр орны (бар болса)
Басқа 3. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымы № 224 бұйрығына 3-қосымша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 3
3) әлеуметтiк аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды төлеушілердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақшасы;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Тармақша 6
6) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
Тармақша 7
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 10
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Тарау 2. 2-тарау. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
2-тарау. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпаратты беруді Мемлекеттік корпорация мен қор филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басты куәландыратын құжатпен (жеке басын сәйкестендіру үшін) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе портал арқылы сұрау салу жіберу жолымен жүгінеді. Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекешеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы үшін үшінші тұлғалардың өтініш беруі нотариат туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған сенімхат бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 7
7. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті ақпараттық жүйеге көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуына сұрау салуды қалыптастырады және өтінішті тіркейді. Сұрау салуды өңдеу тиісті ақпараттық жүйеде 10 минут ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына сай беріледі.
Тармақ 9
9. Портал арқылы әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
Тармақша 1
1) ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы порталда авторизациялануды жүргізеді;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне сұрау салуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландырады (оған қол қояды). Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу уақыты мен күнін көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 10
10. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы куәландырылған, электрондық құжат нысанында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына сай беріледі.
Тармақ 11
11. Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі ақпараттық жүйелердің олардың тағайындалуына сәйкес үздіксіз қызмет етуін және өзектендірілуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі берілетін деректердің толықтығын, дәйектілігін, өзектілігін және уақтылылығын қамтамасыз етеді. Ақпараттық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай тасымалдау ортасы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы берген ЭЦҚ қолдана отырып жүзеге асырылады. Ақпараттық алмасу кезіндегі ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған тасымалдау ортасы есебінен де, техникалық және ұйымдастыру сипатындағы шаралар есебінен де қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған режимде енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметті рұқсаттамалар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсеткен кезде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті берушінің басшысының атына шағым беру арқылы жүзеге асырылады; Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, тіркеу кірісі нөмірі мен күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады). Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қордың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не Мемлекеттік корпорация және (немесе) қордың кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Тармақ 14
14. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 3.1. Өтініш Азаматтан (азаматшадан)
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан Өтініш Азаматтан (азаматшадан) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Туған күні «___» ____________ _____ жылы, мекенжайы бойынша тұратын: ____________________________________________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________ Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарының жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін. Қолы_____________ Толтырылған күні «__» ____________ _________жыл
Басқа 3.2
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша «Мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру жүй­е­сіне қа­ты­су­шы­ға әле­умет­тік ауда­рым­дар­дың жағ­дайы және қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы 1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция); 2) «Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры» АҚ-ның (бұ­дан әрі - қор) фи­ли­ал­да­ры. 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сі­лі 1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция; 2) қор; 3) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал). 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға, қор­ға неме­се пор­тал­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап - 10 ми­нут. Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін ең ұзақ кү­ту­дің рұқ­сат еті­ле­тін уа­қы­ты жү­гін­ген кү­ні ор­нын­да - 15 ми­нут. Ең ұзақ қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты - 20 ми­нут. 4 Көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Әле­умет­тік ауда­рым­дар­дың жай-күйі және қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ақ­па­рат. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ту көр­се­ту нәти­же­сі­нің ны­са­ны - элек­трон­дық/қа­ғаз тү­рін­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­ле­ма­қы­ның мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сі­лі Же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі ас­қа үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Қа­был­дау көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша, «элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бін­де», же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды. 2) қор­дың - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі ас­қа үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Қа­был­дау қор­ға же­ке жү­гі­ну тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3) пор­тал­да: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге өті­ніш­тер мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Құ­жат­тар тіз­бе­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі: өзі жү­гін­ген кез­де: 1) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін қа­жет). се­нім біл­ді­рі­л­ген адам жү­гін­ген кез­де: 1) кө­сре­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін қа­жет); 2) но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мүд­де­сін үшін­ші тұл­ға біл­дір­ген кез­де. пор­тал­ға: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы ар­қы­лы қол қой­ы­л­ған неме­се пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рі қо­сы­л­ған және тір­кел­ген жағ­дай­да, бір­рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ніш. Құ­жат­тар­ды мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден, оның ішін­де цифр­лық құ­жат­тар­дың сер­ви­сі­нен алу мүм­кін­ді­гі болған кез­де олар­ды ұсы­ну та­лап етіл­мей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­дың сер­ви­сі­нен цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де бір­рет­тік құ­пи­я­сө­зді жі­бе­ру жо­лы­мен неме­се қы­сқа мәт­ін­ді ха­бар жі­бе­ру жо­лы­мен «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі жағ­дай­ын­да іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ме­рі­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның, қор­дың қыз­мет­ке­рі ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган бе­кіт­кен ны­сан бой­ын­ша құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де көр­се­ті­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал неме­се пор­тал­дың есеп жа­з­ба­сы­на ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рін тір­ке­ген және қо­с­қан жағ­дай­да бір­рет­тік па­роль­мен сұ­рау са­лу ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы «1414», 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де; 2) қор­дың www.​gfss.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Бай­ла­ныс» бө­лі­мін­де; 3) пор­тал: www.​egov.​kz-те ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​gov4c.​kz, www.​gfss.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да көр­се­ті­л­ген. Цифр­лық құ­жат­тар­дың сер­ви­сі элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір­жол­ғы құ­пи­я­сө­зді пай­да­ла­на оты­рып, «Egov mobile» мо­биль­ді қо­сым­ша­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді бо­ла­ды.
Басқа 3.3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы №____ҚОЛХАТ
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы) ________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы №____ҚОЛХАТ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын және 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып ____________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ____________________________________________________________________ (қолхатты кім бергенін көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Құжаттардың атауы: 1)___________________________________; 2)___________________________________. Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. ____________________________________________________________________ (Жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Орындаушы:________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Телефон__________________ Алды: _______________________________________________________________ көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы 20__жылғы «____» _______.
Басқа 3.4. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат Те­гі, аты, әке­сі­нің аты: Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі: Қа­был­дау кү­ні Жет­кі­зу кү­ні № Құ­жат­тың кү­ні ТТК Жі­бе­ру­ші БСН Алушы Тө­лем со­ма­сы Со­ма Мәр­те­бе Ке­зең М.О Басшының Т.А.Ә. Қолы күні «___»_______20__жыл