О переименовании и изменении транскрипции наименования некоторых населенных пунктов Актюбинской области Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 шілдедегі, 2019 жылғы 26 қыркүйектегі, 2019 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындылары, Әйтеке би, Қобда аудандары әкімдіктерінің және мәслихаттарының ұсыныстары негізінде, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысының кейбір ауылдық округтері және жекелеген аудандарының:
Тармақша 1
1) Әйтеке би ауданы бойынша:
Комсомол ауылдық округін «Темірбек Жүргенов» ауылдық округі;
Комсомол ауылдық округі Комсомол ауылы «Темірбек Жүргенов» ауылы;
Тармақша 2
2) Қобда ауданы бойынша:
Бегалы ауылдық округінің Калиновка ауылы Бесқұдық ауылы деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округі «Тымабұлақ» ауыл атауының транскрипциясы «Тұмабұлақ» ауылы деп өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. З. Шермағанбетке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.