О сроках утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги (товары, работы) субъектов естественной монополии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекiтудiң мерзiмдерi туралы Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңы 16-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 15 қарашасындағы N 1713 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ережесiнiң 11 тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарлар мен жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағалар, алымдар ставкалары) бекiту мерзiмдерi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) жылдың 1 сәуiрi;
Тармақша 2
2) жылдың 1 қазаны.
Тармақ 2
2. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Шабдарбаев А.Т.) табиғи монополия субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдарына осы бұйрықты назарына жеткiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Б.A. Сағынтаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық тіркелген күннен бастап күшіне енеді.