О некоторых вопросах оказания государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атққарушы 2020 жылғы 15 маусымы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығына 1- қосымша «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы мен 10-бабының 1) тармақшасына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 29-8-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) рұқсаттық бақылау – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;
Тармақша 6
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті алушы фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін осы Қағидалардың 2, 3, 5, 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) жібереді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті беруші порталда құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және (немесе) мәліметтер толық болмау фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 7
7. Өтінішті одан әрі қараудан дәлілді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 8
8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - жауапты қызметкер 12 (он екі) жұмыс күні ішінде өтінішті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10600 болып тіркелген) бекітілген фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін қарайды (бұдан әрі – біліктілік талаптары), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабы 3-тармағының он бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсат беру бақылауын жүргізеді. Оң шешім болған жағдайда лицензияны ресімдейді және береді немесе теріс шешім болған кезде осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды жібереді. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі өтініщті тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 10
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
Тармақша 2
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
Тармақша 3
3) заңды тұлға-лицензиат осы Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
Тармақша 4
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
Тармақша 5
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген; Лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды - Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдемеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 11
11. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – жауапты қызметкер өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының деректерін порталға енгізеді.
Тармақ 12
12. Заңды тұлға – лицензиат бөлініп шығу және (немесе) бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Ереженің 8-10 - тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі өтінішті порталда тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 13
13. Егер лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар қағаз нысанда берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес өтініш бойынша оларды электрондық форматқа ауыстырады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Тармақша 1
1) Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Басқа 1.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 1-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ден­са­улық сақ­тау Ми­ни­стр­лі­гі­ні Та­у­ар­лар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сы мен қа­уіп­сіз­ді­гін ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі веб-пор­тал ар­қы­лы «элек­трон­дық үкі­мет»: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру ке­зін­де – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні; ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні; ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­ла­рын бе­ру ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ке ли­цен­зия бе­ру, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны: элек­трон­дық. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 554-ба­бы­на сәй­кес оның ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым тө­лей­ді: 1) фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті (бұ­дан әрі – АЕК) құ­рай­ды; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10 %-ын құ­рай­ды, бі­рақ 4 АЕК-дан ар­тық емес; 3) ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 100 %-ын құ­рай­ды. Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­лай және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу пор­тал ар­қы­лы бе­рі­л­ген жағ­дай­да, тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) неме­се екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 7 Жұ­мыс кесте­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18-00-ге дей­ін. Пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін жү­гін­ген кез­де, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1) ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны элек­трон­дық түр­де алу үшін же­ке және заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші; «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі); фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны (бұ­дан әрі-мә­лі­мет­тер ны­са­ны). 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны элек­трон­дық түр­де қай­та ре­сім­деу үшін же­ке және заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші; ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ақ­па­ра­ты бар құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі. 3) ли­цен­зи­ат­ты бө­лу және бө­лу жо­лы­мен қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны элек­трон­дық түр­де қай­та ре­сім­деу үшін же­ке және заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші; ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де ақ­па­ра­ты бар құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі; Мә­лі­мет­тер ны­са­ны. 4) Бұ­рын қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­рі­л­ген ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша жо­ғал­ған, бү­лін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ұсы­на оты­рып, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ніш; ЭҮТШ ар­қы­лы тө­ле­уді қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы, ли­цен­зия ту­ра­лы, алым со­ма­сын бюд­жет­ке тө­леу ту­ра­лы анық­та­ма­ны (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Ше­тел­дік заң­ды тұл­ға, ше­тел­дік неме­се аза­мат­тығы жоқ тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы заң­ды тұл­ға – заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма неме­се же­ке тұл­ға үшін – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін) бол­ма­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ту­ра­лы ұқсас мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын бас­қа да құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу кү­нін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе көр­се­ті­ле­ді. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер: 1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны ал­ған кез­де: же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су; ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­нан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы жа­у­ап ал­ды; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се оған тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар; сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот бо­рыш­кер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­ла­ды; өті­ніш бе­ру­ші ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­са, ли­цен­зия бе­ру­ден бас тар­ты­ла­ды. 2) қай­та ре­сім­деу ке­зін­де ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның ұсын­бау неме­се құ­жат­тар­дың ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­уі; 3) заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лі­ну ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да: ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­ды ұсын­ба­уы неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­уі; өті­ніш бе­ру­ші­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі; егер бұ­рын ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша заң­ды тұ­лға­лар-ли­цен­зи­ат­тар­дың бө­лі­ну нәти­же­сін­де жа­ңа­дан пай­да болған қа­та­ры­нан бас­қа заң­ды тұл­ға­ға қай­та ре­сім­дел­се. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mz.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің үй-жай­ла­рын­да мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға (пан­дустар мен лиф­ті­лер) қыз­мет көр­се­ту үшін жағ­дай­лар көз­дел­ген. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен ста­тус ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 74-31-16. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414. 11 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және (неме­се) олар­дың ла­у­а­зым­ды тұ­лға­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ше­шім­де­ріне, әре­кет­те­ріне (әре­кет­сіз­ді­гіне) ша­ғым­да­ну тәр­ті­бі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі қыз­мет­кер­ле­рі­нің ше­ші­міне, әре­ке­тіне (әре­кет­сіз­ді­гіне) ша­ғым көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның аты­на және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­рі­луі мүм­кін. 1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ме­кен­жай­ы­на ке­ліп түс­кен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ша­ғы­мы Заң­ның 25-ба­бы 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес тір­кел­ген кү­ні­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де қа­ра­лу­ға жа­та­ды. 2) Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын ба­ға­лау және ба­қы­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның аты­на ке­ліп түс­кен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ша­ғы­мы тір­кел­ген кү­ні­нен ба­стап 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де қа­ра­лу­ға жа­та­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ше­ші­мі­нің нәти­же­ле­рі­мен кел­іс­пе­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы нәти­же­лер­ге сот тәр­ті­бі­мен ша­ғым­да­на ала­ды.
Басқа 1.2
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 2-қосымша 1-2 нысан ________________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________________________ (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) _________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта_________________________________________________________________________ Телефондары ______________________________________________________________________________ Факс ______________________________________________________________________________________ Банк шоты__________________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; Басшы ______________ _____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__»_________________
Басқа 1.3
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 3-қосымша 1-3 нысаны _________________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) _________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________________________________ (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта ________________________________________________________________________ Телефондары ______________________________________________________________________________ Факс _____________________________________________________________________________________ Банк шоты________________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді. Жеке тұлға __________ __________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________
Басқа 1.4
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 4-қосымша 1-4 формасы Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:
Тармақ 1
1. Меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар: Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) Кадастрлық нөмірі ___________________________________________________________
Тармақша 2
2) Орналасқан жері ____________________________________________________________
Тармақша 3
3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні ______________________________________
Тармақша 4
4) Жалға беруші ______________________________________________________________
Тармақша 5
5) Жалға берудің аяқталу мерзімі ________________________________________________
Тармақша 6
6) Үй-жайдың (ғимараттың) мекенжайы __________________________________________
Тармақша 7
7) Жалға алынатын шаршы көлемі _______________________________________________
Тармақ 2
2. Нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, интернет желісіне қосылған компьютер техникасы, инвентарьдың, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлігі: Жабдықтардың, аппаратураның, аспаптардың, интернет желісіне қосылған компьютер техникасы жиһаздың, инвентарьдың, көлік және басқа да құралдардың тізімі Ме­ди­ци­на­лық және (неме­се) ар­найы жаб­дық­тың, ап­па­ра­ту­ра­мен құ­рал-сай­ман­ның, ас­пап­тар­дың, жи­һаз­дың, мүк­әм­мал­дың, кө­лік және бас­қа құ­рал­дар­дың ата­уы (пас­порт бой­ын­ша) Өн­ді­ру­ші ел Өл­шем бір­лі­гі Шық­қан жы­лы Жағ­дайы (жұ­мысқа жа­рам­ды/жа­рам­сыз)
Тармақ 3
3. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәліметтер: Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының тізімі ТАӘ Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы Бі­лі­мі, ма­манды­ғы Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі Соң­ғы 5 жыл­да бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат
Тармақ 4
4. Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша еңбек өтілі: Фармацевтикалық білімі туралы мәліметтер
Тармақша 1
1) Мамандығы және біліктілігі ___________________________________________________
Тармақша 2
2) Фармацевтикалық қызметтің кіші түріне сәйкес жоғарғы немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның нөмірі ___________________________________________________
Тармақша 3
3) Фармацевтикалық қызметтің кіші түріне сәйкес жоғарғы немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның берілген күні ______________________________________________
Тармақша 4
4) Оқу орнының атауы _________________________________________________________
Тармақша 5
5) Жұмыс орны ________________________________________________________________
Тармақша 6
6) Лауазымы __________________________________________________________________
Тармақша 7
7) Еңбек өтілі _________________________________________________________________
Тармақша 8
8) Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің нөмірі мен күні______________
Тармақша 9
9) Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні ______________________________________
Тармақ 5
5. Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылдағы мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілікті арттырудың басқа түрлері: Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер
Тармақша 1
1) Қайта даярлаудан өткен мамандығы ____________________________________________
Тармақша 2
2) Оқытушы ұйымның атауы ____________________________________________________
Тармақша 3
3) Куәліктің нөмірі _____________________________________________________________
Тармақша 4
4) Кім берді __________________________________________________________________
Тармақша 5
5) Циклдің атауы ______________________________________________________________
Тармақша 6
6) Сағат саны ________________________________________________________________
Басқа 1.5
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 5-қосымша 1-5 формасы _______________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) _______________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________________________________ (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) _______________________________________________________________________________________ _____________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта_______________________________________________________________________ Телефондары ____________________________________________________________________________ Факс ____________________________________________________________________________________ Банк шоты_______________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; Басшы ______________ _____________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__»_________________
Басқа 1.6
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 6-қосымша 1-6 формасы _______________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) _______________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________________________________ (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта ______________________________________________________________________ Телефондары ____________________________________________________________________________ Факс ____________________________________________________________________________________ Банк шоты_______________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді. Жеке тұлға __________ __________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________
Басқа 1.7
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 7-қосымша
Басқа 2. «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атққарушы 2020 жылғы 15 маусымы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығына 2- қосымша «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия бер» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы мен 10-бабының 1) тармақшасына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 29-8-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті алушы денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде – 10 (он) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні. Өтініш беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Электрондық сұрау салуды жіберу порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» бөлімінде жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті беруші порталда құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың сәйкестігін/сәйкес еместігін тексеруді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі. Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10293 тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін қарайды. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағы он бір бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсат беру бақылауы көзделген (бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен тексеру, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады). Оң қорытынды болған жағдайда лицензияны ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден дәлелді бас тартуды жібереді. лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын тексереді және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдемеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дәлелді бас тартуды дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды. лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – жауапты орындаушы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының деректерін порталға енгізеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» бөліміне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ауыстырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Тармақша 1
1) Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақша 2
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
Басқа 2.1
«Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 1-қосымша Нысаны __________________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) __________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________________________________________________ (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) __________________________________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, __________________________________________________________________________________________ ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта ________________________________________________________________________ Телефондары ______________________________________________________________________________ Факс _____________________________________________________________________________________ Банк шоты ________________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, __________________________________________________________________________________________ көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ________ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді. Басшы___________________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Толтыру күні: 20__ жылғы «__»__________
Басқа 2.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру»
«Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 2-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ден­са­улық сақ­тау Ми­ни­стр­лі­гі­ні Та­у­ар­лар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сы мен қа­уіп­сіз­ді­гін ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі веб-пор­тал ар­қы­лы «элек­трон­дық үкі­мет» (бұ­дан әрі – пор­тал): www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі: ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бер­ген кез­де – 10 (он) жұ­мыс кү­ні; ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні; ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­ла­рын бе­ру ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да есiрт­кi құ­рал­да­ры­ның, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­дың ай­на­лы­мы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет­тер­ге ли­цен­зия бе­ру, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны: элек­трон­дық. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 554-ба­бы­на сәй­кес оның ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым тө­лей­ді: 1) фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті (бұ­дан әрі – АЕК) құ­рай­ды; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10 %-ын құ­рай­ды, бі­рақ 4 АЕК-дан ар­тық емес; 3) ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 100 %-ын құ­рай­ды. Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­лай және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу пор­тал ар­қы­лы бе­рі­л­ген жағ­дай­да, тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) неме­се екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 7 Жұ­мыс кесте­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18-00-ге дей­ін. Пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін жү­гін­ген кез­де, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі ли­цен­зия алу үшін: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі); 3) бел­гі­ле­рі бар қыз­мет­кер­лер ті­зі­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі: іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рін ти­іс­ті тек­се­ру ту­ра­лы; мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған нар­ко­ло­ги­я­лық және пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер­дің қыз­мет­кер­ле­рі ара­сын­да на­ша­қор­лық­пен, уыт­құ­мар­лық­пен, со­зыл­ма­лы ал­ко­го­лизммен ауы­ра­тын адам­дар­дың жоқ­тығы ту­ра­лы анық­та­ма (нар­ко­ло­ги­я­лық және/неме­се пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар­да есеп­те тұр­ға­ны/жағ­дайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.»); 4) же­ке кү­зет ұй­ым­да­ры­ның есірт­кі құ­рал­да­рын, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­ды кү­зе­ту шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша алу үшін: 1) за­яв­ле­ние по фор­ме со­глас­но при­ло­же­нию 2 к на­сто­я­щим Пра­ви­лам в ви­де элек­трон­но­го до­ку­мен­та, удо­сто­ве­рен­но­го ЭЦП услу­го­по­лу­ча­те­ля; 2) бел­гі­ле­рі бар қыз­мет­кер­лер ті­зі­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі: іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рін ти­іс­ті тек­се­ру ту­ра­лы; нар­ко­ло­ги­я­лық және пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер­дің қыз­мет­кер­лер ара­сын­да на­ша­қор­лық­пен, уыт­құ­мар­лық­пен, со­зыл­ма­лы ал­ко­го­лизммен ауы­ра­тын адам­дар­дың жоқ­тығы ту­ра­лы; 3) же­ке кү­зет ұй­ым­да­ры­ның есірт­кі құ­рал­да­рын, пси­хо­троп­тық заттар мен пре­кур­сор­лар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­ды кү­зе­ту шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның: 1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ніш; 2) ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Бұ­рын қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­рі­л­ген ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша жо­ғал­ған, бү­лін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ұсы­на оты­рып, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды: 1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ніш; 2) ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. Егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған, за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­ді. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су; ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­нан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы жа­у­ап ал­ды; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се оған тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар; сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот бо­рыш­кер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­ла­ды; өті­ніш бе­ру­ші ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­са, ли­цен­зия бе­ру­ден бас тар­ты­ла­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mz.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен ста­тус ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8-800-080-77778. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414.
Басқа 2.3
«Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 3-қосымша
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атққарушы 2020 жылғы 15 маусымы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығына 3- қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 342 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13823 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 шілдеде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақ 3
3. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 533 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15692 тіркелген, 2017 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде жарияланды);
Тармақ 4
4. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-68 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18646 тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 20 мамырында жарияланды );
Тармақ 5
5. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 62 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13372 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 173 (29154) жарияланды);
Тармақ 6
6. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11484 тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланды);
Тармақ 7
7. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 835 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14402 тіркелген, 2016 жылғы 28 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланды);
Тармақ 8
8. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 5 желтоқсандағы 2018 жылғы № ҚР ДСМ-34 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17868 тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 11 желтоқсанында жарияланды);
Тармақ 9
9. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығына бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 20 мамырдағы 2019 жылғы № ҚР ДСМ-83 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18707 тіркелген, ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 24 мамырында жарияланды).