Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Алтай Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,197 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган - «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау Алтай ауданының ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшесі арқылы ұсынылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау ұсынудан бас тартуға негіздер:
Тармақша 1
1) Алтай ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;
Тармақша 2
2) жргілікті атқарушы органмен бекітілетін, әлеуметтік қолдауды алуға құқығы бар лауазымдар тізіміне сәйкес келмесе;
Тармақша 3
3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінуі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. Алтай ауданының мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдерінің тізімі
Алтай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымы № 67/3-VI шешіміне қосымша Алтай ауданының мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдерінің тізімі
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы 38/3-VI «Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-12-172 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 11 желтоқсанда жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 47/15- VI «Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы 38/3-VI «Зырян ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5884 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 3 мамырда жарияланған) шешімі;
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 62/3-VI «Алтай ауданының мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 38/3-VI «Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімнің қолданылуын тоқта тұру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6760 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 19 наурызда жарияланған) шешімі.