О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Балхаш Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын: Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы №3/31 «Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3879 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде №72-73 (12466) «Балқаш өңірі», 2016 жылғы 1 шілдеде №54-55 (1519) «Северное Прибалхашье» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 шілдеде жарияланған) шешімі.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.