Об утверждении Правил осуществления государственных закупок медицинских услуг по фиксированным тарифам Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Белгiленген тарифтер бойынша медициналық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы Ескерту ҚР Үкіметінің 2005.06.01. N 547 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Белгiленген тарифтер бойынша медициналық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен және басқа да мүдделi органдармен бiрлесiп, әртүрлi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерi арасында тегiн медициналық көмектiң кепілдiк берілген көлемiн көрсету шығындарын өтеу бойынша өзара есеп айырысу мәселелерiн реттеу жөнiндегi жұмыс тобын құрсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Белгiленген тарифтер бойынша медициналық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 ақпандағы N 138 қаулысымен бекiтiлген Белгiленген тарифтер бойынша медициналық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардан (бұдан әрi - Берушi) белгiленген тарифтер бойынша тегiн медициналық көмектiң кепілдiк берiлген көлемiн сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi шарттары мен тәртiбiн айқындайды. Бұл ереже мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Медициналық қызмет көрсетулердi сатып алу мемлекеттiк деңгейде - республикалық бюджет қаражаты есебiнен, жергiлiктi деңгейде - облыстық, Астана, Алматы қалалары бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2. Медициналық қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi
2. Медициналық қызмет көрсетулердi сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 3
3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi Берушiлермен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған шарттар (бұдан әрi - Шарт) жасасу үшiн мыналарды қамтитын құжаттаманы әзiрлейдi және бекiтедi:
Тармақша 1
1) медициналық көмек түрлерiнiң тiзбесi;
Тармақша 2
2) медициналық көмек түрлерiне арналған белгiленген тарифтер;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ықтимал берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
Тармақша 4
4) Берушiлермен жасалатын Шарттың үлгілік нысаны;
Тармақша 5
5) Шарт жасасуға арналған өтiнiм нысаны;
Тармақша 6
6) Берушiлер өтiнiмдер беретiн орын және оның соңғы мерзiмi;
Тармақша 7
7) Шарттар жасалатын орын және уақыт.
Тармақ 4
4. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi Берушiлердi Шарттар жасалатыны туралы өтiнiмдер қабылдау мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын хабардар етедi. Хабарландыру аптасына кемiнде үш рет шығатын және кемiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады және мыналарды қамтуы тиiс:
Тармақша 1
1) көрсетiлуiне Шарт жасалатын медициналық көмектер түрлерiнің тiзбесiн;
Тармақша 2
2) Шарт жасасу үшiн құжаттамаларды алатын орынды және оның тәсілдерiн;
Тармақша 3
3) құжаттар ұсынылатын орынды және өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмін.
Тармақ 5
5. Шарт жасасу үшiн Берушi мынадай құжаттар ұсынуы қажет:
Тармақша 1
1) медициналық көмектің көлемi көрсетiле отырып, олардың белгiлi бiр түрлерiн көрсетуге арналған өтiнiм;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ықтимал берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттар; Беруші осы тармақта көрсетiлмеген ақпаратты бермеуге құқылы.
Тармақ 6
6. Азаматтар меншiк түрiне және тұратын орнына қарамастан, кез келген медицина ұйымынан медициналық көмек сұрай алады, бiрақ тәртiп бойынша тегiн медициналық көмектің кепілдiк берiлген көлемiн көрсету аумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Бұл орайда тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындардың орнын толтыру белгiленген тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын медициналық көмектi сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілеттi орталық органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi 5-тармақта көрсетiлген құжаттарды ұсынған Берушiлермен ғана Шарт жасасады. Шарт жасасқан Берушілердің тiзбесi медициналық көмек түрлерi көрсетiле отырып, мiндеттi түрде аптасына кемiнде үш рет шығатын және кемiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Берушiлермен шарттар Бюджеттiк бағдарлама әкімшiсiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінің міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат шегiнде жасалады.