Об утверждении Инструкции бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства Акмолинской области из средств областного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық бюджет қаражаттары есебінен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу Нұсқауын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 10.06.2003 № а-6/160 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 «Бюджетті орындау мен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін есептеме формаларын (кезендік және жылдық) жүргізу жөніндегі қаржылық процедуралардың Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес және әділет басқармасында №1453 2002 жылғы 27 желтоқсандағы тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-2 «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет қаражаттары есебінен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеудің тәртібі туралы қоса беріліп отырған Нұсқауы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкімшісі бөлінген бюджеттік қаражаттарды берілген Нұсқауға сәкес уақытында және толық пайдалануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Бюджеттерінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу үшін қаржы көзделген аудандар мен қалалар әкімдері жергілікті бюджеттер қаржысынан бюджеттік кредиттеу Нұсқауларын бекітсін және соған сәйкес кредиттеуді жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Ақмола облысы әкімінің Ақмола облыстық әділет басқармасында 2002 жылдың 15 наурызында № 11005 тіркелген 2002 жылғы 29 қаңтардағы № 4 «Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2002 жылға бюджеттік кредиттеу тәртібі жөніндегі Нұсқау туралы» шешімі күшін жойды деп танылсын.
Келісілген:
Облыстық экономика
және шағын бизнесті дамыту
басқармасының бастығы Г.Құсаиынова
Облыстық қаржы басқармасының
бастығы Д.Савицкий
Басқа 6
Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы
16.01.2003 № а-2/15 қаулысымен
бекітілген «Ақмола облысының
шағын кәсіпкерлік субъектілерін
бюджеттік кредиттеу нұсқауын бекіту
туралы» қаулысымен бекітілген.
Облыстық бюджет қаражаттары есебінен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу Нұсқауы.
Тарау 1. 1. Жалпы шарты
1. Жалпы шарты
Тармақ 1
1. Осы облыстық бюджет қаражаттары есебінен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу Нұсқауы (бұдан былай - Нұсқау) Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметтері туралы», «Бюджеттік жүйе туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту мен дамытуды белсендіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқау анықтайды:
Тармақша 1
1) облыстық бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін (әрі қарай - ШКС) кредиттеу тәртібін, шартын, мерзімін және механизмің;
Тармақша 2
2) кредиттік қаражатты қайтару тәртібі мен механизмін.
Тармақ 3
3. Шағын бизнесті дамытуға бөлінген облыстық бюджет қаражаты Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 3 бап талаптарына сәйкес Ақмола облысының ШКС кредиттеуге арналған.
Тарау 2. 2. Бюджеттік кредиттеу шарттары
2. Бюджеттік кредиттеу шарттары
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің қаулысымен кеңестік-мәжілістік орган - облыс әкімінің жанынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу жөніндегі Комиссия құрылады (бұдан былай - Комиссия).
Тармақ 5
5. Несие беру немесе оны бермеу туралы, сондай-ақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
Тармақ 6
6. Кредиттеу облыстық қаржы басқармасы (бұдан былай Кредитор деп аталады), облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы (бұдан былай - бағдарлама әкімшісі) және банк-кредит беруші (бұдан былай - банк) арасында жасалатын келісім-шартқа сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Нақты жағдайға қарап (экономикалық ахуалы, инфляцияның қарқыны, банкте қалыптасқан пайыздық ставка) Комиссия бір ШКС несиелеу лимитін белгілеуге хұқылы.
Тармақ 8
8. Кредиттер ұлттық валютамен (теңге) жеделдік, төлемдік, қайтарылымдық шартта беріледі.
Тармақ 9
9. Беру мерзіміне байланысты бюджеттік несие болады:
Тармақша 1
1) қысқа мерзімді - 1 жылға дейінгі мерзім;
Тармақша 2
2) орта мерзімді - 1 жылдан астам, бірақ 3 жылдан аспауы керек.
Тармақ 10
10. Жеке жағдайларда орта мерзімді несиелеуде борыштың негізгі сомасын жабу және сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезең берілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Берілген бюджеттік несиенің қажет тиімділігіне қол жеткізу және оны уақытында қайтару мақсатында бюджеттік кредиттер шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бойынша қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу жөнінде конкурс қорытындысы бойынша белгіленген ставкамен банктердің 100% бірлесіп қаржыландыру жағдайында беріледі.
Тармақ 12
12. Сыйақы ставкасы берілген кредиттер бойынша бөлінеді, конкурс қорытындысы бойынша белгіленген ставкадан 0,5% облыстық бюджет кірісіне, қалған пайызы банк кірісіне түседі.
Тармақ 13
13. ШКС-не қойылатын негізгі талаптар:
Тармақша 1
1) бюджеттік несиелерді мерзімінде қайтару бойынша кепіл мүмкінің болуы;
Тармақша 2
2) бұрынғы алынған кредиттер бойынша қарыздың болмауы;
Тармақша 3
3) берілген несиені мақсаттылықпен пайдалану.
Тармақ 14
14. Кредит алушыға берілетін бюджеттік қаражатты олар жабдық сатып алуға, сондай-ақ айналымдағы қаражатты толықтыруға пайдалана алады.
Тармақ 15
15. ШКС кредиттеуге берілетін бюджеттік қаражат еңбек ақы бойынша борышты жабуға, бюджетке төлемақы беруге пайдаланылмайды.
Тармақ 16
16. ШКС құжаттарына қойылатын талапты банктің өзі қояды, бірақ ол Кредитор мен бағдарлама әкімшісі және Банк жасаған келісім шартына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 3. 3. Бюджеттік кредиттеу механизмі.
3. Бюджеттік кредиттеу механизмі.
Тармақ 17
17. Кредит алушы облыстың аудан, қала әкімдіктеріне кредиттік өтініш пен бизнес-жобасын тапсырады.
Тармақ 18
18. Комиссиялар отырыстарында кредиттік өтініштер мен бизнес-жобалар 3 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Тармақ 19
19. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу туралы шешім қабылданған жағдайда несиелік өтініштер мен бизнес-жобалар кепілдік қамсыздандыруды растайтын құжаттармен бірге бағдарлама әкімшісіне жіберіледі. Несие берілмейтін жағдайда несие сұраушыға себебі көрсетіліп жазбаша жауап берілуге тиіс.
Тармақ 20
20. Бағдарлама әкімшісі тапсырылған бизнес-жобаларды 5 күнтізбелік күн ішінде қарайды және алынған құжаттар топтамасын банктің несие бөліміне қарау және кепілдік мүлікті 15 күн ішінде бағалау үшін жібереді.
Тармақ 21
21. Банктің оң тұжырымдамасын алған жобалар бағдарлама әкімшісіне жіберіледі. Оң тұжырымға ие болмаған жобалар кредит сұраушыға қайтарылады.
Тармақ 22
22. Банктің оң тұжырымын алған жобаларды бағдарлама әкімшісі 3 күнтізбелік күн ішінде қарау үшін комиссия отырысына тапсырады
Тармақ 23
23. Комиссия хұқылы болып есептеледі, егер оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады және қабылданды деп есептеледі, егер ол үшін комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия шешіміне комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 24
24. Комиссия қолдаған және бекіткен жобалар комиссия отырысының хаттамасымен банк берушіге жіберіледі, ол ШКС-не бюджеттік кредит беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 25
25. Комиссия отырысының көшірмесі кредиторға жіберіледі, ол банк-берушіге ақша аудару үшін бағдарлама әкімшісіне қаражат бөлуге негіз болып табылады.
Тарау 4. 4. Қаражатты қайтару механизмі
4. Қаражатты қайтару механизмі
Тармақ 26
26. Берілген несиелерді қайтаруды несие алушы несиені нақты қайтарған күннен бастап үш банктік күн ішінде облыстық бюджет шотына төлемдік тапсырма арқылы банк-беруші жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Бағдарлама әкімшісі берген қаражат бойынша қарызды ШКС қайтармаған жағдайда банк-беруші кепілдікке қойылған затты өндіріп алуды қолдану арқылы несиені мәжбүрлікпен қайтаруға шаралар қолданады.
Тармақ 28
28. Несие алушы қарызды нақты өтегеннен кейін банк-беруші қаражатты облыстық бюджет шотына мерзімінде қайтармаса әр созылған күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бейқаржыландыру ставкасының мөлшерінде өсім есептеледі.
Тармақ 29
29. Егер Банк орындаған процедуралық нормалар кредитінің борышын 180 күнтізбелік күннің ішінде қайтармаса, Банк бюджетке ақшаны өзінің қаражаты есебінен қайтарады.