Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Әкімдіктің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 639 (2015 жылғы 12 маусымда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Әкімдіктің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 639 «Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 18 қарашадағы № 1480 (2017 жылғы 10 қаңтарда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6757 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
Әкімдіктің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 520 қаулысына қосымша Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар № р/с Өлшемшарттардың атауы Иеліктен айыру түрлері 1. Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы; заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі; ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі; мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде оларды сату Сауданы аукцион нысанында өткізу 2. Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі; сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі уақыт кезеңіне жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі; ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі; сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі уақыт кезеңіне жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған кезде мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату Сауданы тендер нысанында өткізу 3. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқарудың сенімгерлік басқарушымен, жалдаушымен (жалға алушымен) мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі уақыт кезеңіне сақтау қажеттілігі Тікелей атаулы сату