Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңа, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаратөбе ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 103 «Қаратөбе ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5784 тіркелген, 2019 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.