Об объявлении на территории города Аягоз, села Мамырсу, населенного пункта Старый Майлин Аягозского района чрезвычайной ситуаций местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз ауданының Аягөз қаласының, Мамырсу ауылының, Ескі Майлин елді мекенінің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 1 бабы 62 тармақшасы және 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы» қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 4 хаттамасы негізінде, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданының Аягөз қаласының, Мамырсу ауылының, Ескі Майлин елді мекенінің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А. Акышовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.