Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Каркаралинского района Қолданыста
Басқа 0
Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық
қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы «Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы» № VI-28/251 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4785 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 06 маусымда, 2018 жылғы 16 маусымдағы № 24 (11668) «Қарқаралы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және мөлшері
Қарқаралы аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 18
маусымы
№
VI-57/487
шешіміне қосымша
Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және мөлшері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді және Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібін және мөлшерін анықтайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті органмен – «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдауды алу үшін кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарының тізімін, келесі құжаттарымен ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) жұмыс орнынан анықтама;
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:
Тармақша 1
1) 3 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
Тармақша 2
2) мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандары бірнеше қызметтерді қатар атқарған жағдайда, атқаратын бір лауазымы бойынша әлеуметтік қолдау алуға құқылы.
Тармақ 6
6. Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері уәкілетті органға құжаттарды тапсырған уақыттан бастап әлеуметтік қолдау көрсетуге құжаттарды өңдеу мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
Уәкілетті орган ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды жүргізеді.
Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізілетін төлем.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету мөлшерін белгілеу
3-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету мөлшерін белгілеу
Тармақ 7
7. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.