Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 427 шешіміне сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 155 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3544 санымен тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Сейтқалиевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Басқа 5. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 138 қаулысына қосымша Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары және аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Тармақша 4
4) мейіргер;
Тармақша 5
5) логопед;
Тармақша 6
6) психолог;
Тармақша 7
7) әдіскер;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
Тармақша 9
9) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
Тармақша 10
10) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
Тармақша 11
11) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 12
12) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 13
13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
Тармақша 14
14) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;
Тармақша 15
15) ассистент.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 4
4) аккомпаниатор;
Тармақша 5
5) аккомпаниатор-концертмейстр;
Тармақша 6
6) барлық атаудағы әртістері;
Тармақша 7
7) библиограф;
Тармақша 8
8) кітапханашы;
Тармақша 9
9) дирижер;
Тармақша 10
10) дыбыс режиссері;
Тармақша 11
11) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 12
12) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 13
13) музыкалық жетекші;
Тармақша 14
14) продюсер;
Тармақша 15
15) редактор (негізгі қызметтер);
Тармақша 16
16) режиссер;
Тармақша 17
17) қоюшы режиссер;
Тармақша 18
18) вокал бойынша үйретуші;
Тармақша 19
19) хореограф;
Тармақша 20
20) хормейстер;
Тармақша 21
21) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).