Об утверждении паспортов бюджетных программ администратора программ - Мангистауское областное финансовое управление Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды -қаулының қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 10.01.2005 № 2/46 хатымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдың) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 Қаулысына және облыстық мәслихат сессиясының "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/233 шешіміне сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бағдарламалар әкімшісі - Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының облыстық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін (1, 2, 3 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.С.Сәрсенқұлов): тоқсан сайын белгіленген мерзіміндегі бюджеттік бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есебін облыстық қаржы басқармасына табыс етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Қасабековке жүктелсін.
Басқа 4
қосымша 1 Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 244 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ПАСПОРТ 2003 жылға жергілікті деңгейдегі әкімшілік шығындар (бюджеттік бағдарламалардың атауы)
Тармақ 1
1. Құны - 23360,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негіздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз; Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы"»N 357-1 (өзгерістерімен) Заңы 1999 жылғы 01 сәуір; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы"»N 362-II Заңы 2002 жылғы 12 желтоқсан; Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" N 453 Заңы 1999 жылғы 23 шілде; "Қазақстан Республикасыныдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»N 148-II Заңы 2001 жылғы 23 қаңтар; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеудегі біртұтас жүйе туралы" N» № 575 Жарлығы 2001 жылғы 25 наурыз; Облыс Мәслихатының«"2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»N 23/233 Шешімі 2002 жылғы 20 желтоқсан.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Өзіне жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін облыстық қаржы басқармасы аппаратының қызметін қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламалардың міндеттері: Қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстық қаржы басқармасының аппаратын ұстау, жоспарланған ағымдағы шығындарды, оның ішінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) сатып алу бойынша уақытылы қаржыландыру.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шараларының жоспары: № Бағдарла малар дың коды Бағдарлама- ның бөлімшесі- нің атауы Бағдарла маның атауы (бағдарла-маның бө- лімшелері) Іске асырылушы бағдарламаның (бағдарлама бөлімшелерінің) іс-шаралары Іске асыру мерзімі Жауапты орында- ушылар 1 2 3 Жергілікті органдар аппараты Олар бағдарлама- лар әкімшісінің, негізгі функция- ларын орындайтын жалпы штат саны 41 адам, соның ішінде 39 мемлекеттік қызметші бар аппаратты ұстау. Кредиторлық берешектің пайда бо-луына жол бермес, басқарма қызметкерлеріне уақытылы жалақы есептеу және төлеу және салықтар аудару. Тауарлар сатып алу және коммуналдық және басқа да қызмет төлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алу үдерісін жүргізу, жабдықтарды қызмет көрсете қамту және ағымдағы жөндеу. 2 бірлік санында автокөлік құралдарын міндетті сақтандыру. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың толық, уақытылы және мақсатты қаржыландырылуына кредиторлық берешекке жол берілмеуіне бақылау жасау. Жыл ішінде ай сайын жыл ішінде наурыз Ұдайы Басқар-масыбастығы Бухгалт. есеп және есептік бөлімі -//- Ұйымдасткадр жұмысы бөлімі Бухгалт. есеп және есептік бөлімі
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан күтілетін нәтижелер: Бағдарламалар әкімшісі - облыстық қаржы басқармасына жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау, ведомстволық нысанына қарамастан облыстағы барлық спорт ұйымдары мен спорттық жабдықтардың жұмыстарын үйлестіру мен ұдайы бақылау шараларын қолдану функциясы. Облыстың кем дегенде 10 спорт мекемесі мен жабдықтарына тексеруді қамтамасыз ету.
Басқа 12
қосымша 2 Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 244 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ПАСПОРТ Қаржы атқарушы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту (бюджеттік бағдарламалардың атауы) 2003 жылға
Тармақ 1
1. Құны - 1500,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негіздері: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 321-II Заңы . Облыс Мәслихатының«"2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»N 23/233 Шешімі 2002 жылғы 20 желтоқсан.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Облыстық қаржы басқармасы аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламалардың міндеттері: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес компьютерлік техника сатып алу.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шараларының жоспары: № Бағдарлама лардың коды Бағдарлама- ның бөлімшесінің атауы Бағдарламаның атауы (бағдарламаның бөлімшелері) Іске асырылушы бағдарламаның (бағдарлама бөлімшелерінің) іс-шаралары Іске асыру мерзімі Жауапты орында- ушылар 1 70 0 Атқарушы органдардың материалдық- техникалық базасын нығайту "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баға ұсыныстары бойынша компьютерлік техниканың 10 /он/ санындағы жинақтамасын сатып алу. II-III тоқсан Бухгалт. есеп және есептік бөлімі мен ұйымдастыру кадржұмысы бөлімі
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан күтілетін нәтижелер: Моральдық жағынан ескірген компьютерлердің жаңартылуы.
Басқа 20
қосымша 3 Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 244 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ПАСПОРТ Облыстық бюджеттен трансферттер (бюджеттік бағдарламалардың атауы) 2003 жылға
Тармақ 1
1. Құны - 10754871,0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негіздері: Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы"»N 357-1(өзгерістерімен) Заңы 1999 жылғы 01 сәуір; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы"»N 362-II Заңы 2002 жылғы 12 желтоқсан; Облыс Мәслихатының«"2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»N 23/233 Шешімі 2002 жылғы 20 желтоқсан.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Облыстық бюджеттен республикалық бюджетке бюджеттік алуларды "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мөлшерде жүзеге асыру. Аудандар атқарушы органдардың мемлекеттік функциясының орындауын қаржылық қамтамасыз ету мақсатымен аудандарға субвенция бөлу.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламалардың міндеттері: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жеткізген пайыз тұрғысынан, облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген облыстық бюджетті қаржыландырудың жинақтық жоспарында, облыстық бюджеттік алуларды айлар бойынша бөлуді көздестіру. Облыстық бюджетті қаржыландырудың жинақтық жоспарында көзделген айлар бойынша бөлу шегіндегі төлемдерді жүргізу үшін аудан бюджетіне күтілген түсімдер көлемінің жеткіліксіздігі жағдайына ауданның бюджеттеріне субвенциялардың уақытылы бөлінуін қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шараларының жоспары: № Бағдарлама лардың коды Бағдарлама- ның бөлімшесінің атауы Бағдарламаның атауы (бағдарламаның бөлімшелері) Іске асырылушы бағдарламаның (бағдарлама бөлімшелерінің) іс-шаралары Іске асыру мерзімі Жауапты орында- ушылар 1 35 27 94 Бюджеттік атаулар Субвенциялар Облыстық бюджетті қаржыландырудың жинақтық жоспарында, оны республикалық бюджетке аудару үшін 10651255 жылдық көлемі шегіндегі бюджеттік алулардың айлар бойынша бөлі- нуін көздестіру. Облыстық бюджетті қаржыландырудың жинақтық жоспарында облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес Маңғыстау ауданының бюджетіне 103616 мың теңге сомасындағы субвенциялардың айлар бойынша бөлінуін көздестіру. Төлемдерді жүргізу үшін аудан бюджетіне күтілген ақша түсірілімінің жеткіліксіздігі жағдайында аудандар- ға субвенцияларды қаржыландыруды айлар бойынша бөлу шегінде жүргізу. қаңтар 1 тоқсан Жыл ішінде Облыстыққаржы басқармасы -//- -//-
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан күтілетін нәтижелер: Облыстық бюджеттен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың толық әрі уақытылы аударылуы. Аудандар атқарушы органдарының мемлекеттік функцияларын орындауын қаржылай қамтамасыз ету.