Об утверждении Правил проведения пилотного проекта по горизонтальному мониторингу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Басқа 1. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 Бұйрығымен бекітілген Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда: деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) қолданылатын салық төлеушілердің санаты; Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқықтары мен міндеттері; Пилоттық жобаның іске асырылуын жүзеге асыру (енгізу) аумағы (учаскесі) және (немесе) өңірі; Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілердің іс-қимылдарының дәйектілігін қамтитын Пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) қағидалары; Пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) мерзімі айқындалады.
Тармақ 3
3. Пилоттық жоба деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін жетілдіру және жаңғырту, оның ішінде өзара іс-қимыл жасау үшін ішкі бақылау жүйесіне (бұдан әрі – ІБЖ) және салық төлеушінің ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында іске асырылады.
Тармақ 4
4. Пилоттық жобаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жоба алдындағы жұмыс;
Тармақша 2
2) деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу. Жоба алдындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Өзара іс-қимыл туралы келісімнің (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл туралы келісім) және осы Қағидалардың ережелері шеңберінде реттеледі. Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім (бұдан әрі – Пилоттық жоба туралы келісім) және осы Қағидалардың ережелері шеңберінде реттеледі. Егер осы Қағидалардың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушілер Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылған күннен бастап Пилоттық жобаның қатысушысы (бұдан әрі – Пилоттық жобаның қатысушысы) болады. Ірі салық төлеушілер тізбесіндегі салық төлеушілер Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап ірі салық төлеушілердің мониторингіне жатпайды, бұл ретте мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тасталмайды, уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітілетін.
Тармақ 5
5. Пилоттық жобада мемлекеттік кірістер органы мен салық төлеушінің өзара іс-қимылы көзделеді және мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) ынтымақтастық – мемлекеттік кірістер органы мен Пилоттық жобаға қатысушының теңдігін, келісімнің еркіндігін мойындау және «бір терезе» қағидаты бойынша салықтық тәуекелдерді бірлесіп заңды жолмен реттеу;
Тармақша 2
2) негізделген сенім – сәтті бірлескен жұмысты, сындарлы шешімдерді әзірлеу үшін өзара іс-қимыл жүргізуге ұмтылу;
Тармақша 3
3) адалдық – салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салық төлемдерін азайту мақсатында өзінің заңсыз іс-әрекеттерінен пайда табуға жол бермеу;
Тармақша 4
4) заңдылық – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
Тармақша 5
5) ашықтық – жариялылық, ашықтық және транспаренттілік;
Тармақша 6
6) кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл – Пилоттық жоба қатысушылары мен мемлекеттік кірістер органдарының арасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, оның ішінде ақпарат алмасу және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдайлар жасау үшін ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
Тармақ 5-1
5-1. Деңгейлес мониторингтің оңайлатылған режимі ІБЖ қатысты ережелерді қоспағанда, осы Қағидалардың ережелерін қолдану болып табылады. Көрсетілген режимді SAP (systemanalyse Programmentwicklung) есептік жүйесінен өзгеше бағдарламалық қамтамасыз етуде салықтық есептілік көрсеткіштерін ашуға байланысты бухгалтерлік, салықтық, өндірістік және басқа да есепке алу түрлерін жүргізетін орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері (жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) қолданады.
Тармақ 6
6. Пилоттық жобаны іске асыру 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаты және іске асыруды жүзеге асыру (енгізу) аумағы (учаскесі) және (немесе) өңірі
2-тарау. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаты және іске асыруды жүзеге асыру (енгізу) аумағы (учаскесі) және (немесе) өңірі
Тармақ 7
7. Мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Өзара іс-қимыл туралы келісім жасау туралы өтініш берілген күнге бір мезгілде мынадай: Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілген жылдың алдындағы жыл үшін корпоративтік табыс салығы туралы декларация бойынша салық төлеушінің декларациясына сәйкес салық кезеңінің соңында тіркелген активтердің құндық теңгерімдерінің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін жылдың алдындағы жылдың соңғы жылында қолданыстағы кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын; қосылған құн салығын қайтаруды есепке алмағанда, салық төлеуші төлеген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және оның міндеттемелері бойынша әлеуметтік төлемдердің сомасы Өзара іс-қимыл туралы келісімді жасау туралы өтініш берілетін жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін кемінде 1 (бір) миллиард теңгені құрайтын; салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепті автоматтандыру үшін көзделген бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып жүзеге асырылатын, бухгалтерлік және салық есебін жүргізуі; ол бар болса, аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысымен расталған Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін кезеңнің алдындағы қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің болуы; ішкі бақылау жүйесінің болуы;
Тармақша 2
2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі салық төлеушілер не олармен үлестес заңды тұлғалар, немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар, сондай-ақ акцияларының 50 (елу) және одан көп пайызы аталған заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар. Бұл ретте деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны іске асыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады: телекоммуникация саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2020 жылғы 1 тамыздан бастап; газ тасымалдау саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап; электр энергетикасы саласындағы салық төлеушілер, оның ішінде басқарушы (бас) компаниялар бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап; тау-кен саласының салық төлеушілері бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап; жүк тасымалы, мұнай тасымалдау саласындағы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап; авиация саласындағы төлеушілер бойынша – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органдар мен көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнайгазконденсаты немесе теңіз кен орны, сондай-ақ олардың еншілес немесе байланысты компаниясы қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған өнімдерді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда) көрсетілген сенімді тұлғалар (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);
Тармақша 4
4) инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, орта кәсіпкерлік субъектілері;
Тармақша 6
6) жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Комитет бекітеді және ол бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырады. Тізбеге енгізілген салық төлеушілер осы Қағидалардың 7-тармағы 2) тармақшасында айқындалған күндерге сәйкес Пилоттық жобаның қатысушылары болады және Комитеттің интернет-ресурсында тізбе орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасайды.
Тармақ 9
9. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Жоба алдындағы жұмыстар
3-тарау. Жоба алдындағы жұмыстар
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 7-тармағы 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілердің жоба алдындағы жұмысқа қатысуға өтініші Комитетке ерікті негізде және еркін нысанда жіберіледі. Өтініш келу тәртібінде беріледі немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Комитет Өтінішті қабылдаған күн оның келіп түскен күні болып табылады. Өтінішті қарау келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Комитет Өтінішті қарау нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) салық төлеушіге Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған 2 (екі) данасымен қоса бере отырып, салық төлеушімен Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға келісетіні туралы жазбаша түрде хабарлайды;
Тармақша 2
2) салық төлеуші осы Қағидалардың 7-тармағы 1, 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде негізделген себептерді көрсете отырып, Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қоюдан жазбаша бас тартуды жібереді.
Тармақ 11
11. Жоба алдындағы жұмыс барысында мыналар: бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін және әрбір салық бойынша салықтық есептілік нысандарын ұсынуға; салық төлеушінің бухгалтерлік есепті, салықтық және басқа да есепке алуды ұйымдастыруы және жүргізуі үшін пайдаланатын ақпараттық жүйелері (бағдарламалары), оларды автоматтандыру және өзара іс-қимыл деңгейі; ІБЖ, оның ішінде автоматтандыру деңгейі зерделенеді.
Тармақ 12
12. Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде жоба алдындағы жұмыстар 12 (он екі) айды құрайды. Жоба алдындағы жұмыстарды жүргізу мерзімі тараптардың келісімі бойынша ұзартылады. Салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері, жоба алдындағы жұмыстардың шеңберінде алынған ақпаратқа қатысты салық құпиясын сақтау және құпиялылық режимін сақтау шарттары да Өзара іс-қимыл туралы келісімде реттеледі. Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде салық төлеуші мен Комитет арасында іс-шараларды, іске асыру мерзімдерін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып жол картасы бекітіледі. Жоба алдындағы жұмыс қашықтықтан да (оның ішінде салық төлеушінің есепке алу деректері мен ішкі бақылау жүйесіне қашықтан қол жеткізуді ұсынуы арқылы), сол сияқты Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне және (немесе) оның негізгі активтері орналасқан жерге барып та (қажет болған жағдайда салық төлеушінің ішкі бақылау жүйесін және оның ақпараттық жүйелерін физикалық тексеру) жүргізіледі. Жоба алдындағы жұмыстардың нәтижелері бойынша Комитет, пилоттық жобаға қатысушымен осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәселелер бойынша жоба алдындағы жұмыстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Тармақ 13
13. Жоба алдындағы жұмыс кезінде салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу
4-тарау. Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу
Тармақ 14
14. Салық төлеуші Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім жасасу туралы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба алдындағы жұмыс аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде Комитетке береді. Өтініш келу тәртібімен ұсынылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Өтінішке салық төлеуші (заңды тұлғаның басшысы) қол қойған Пилоттық жоба туралы келісімнің 2 (екі) данасы қоса беріледі. Комитет Өтінішті қабылдаған күн оның келіп түскен күні оны болып табылады. Өтінішті қарау келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Комитет Өтінішті қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жоба алдындағы жұмыстардың нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) салық төлеушіге Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған Пилоттық жоба туралы келісімнің екі данасын қоса бере отырып, салық төлеушімен Пилоттық жоба туралы келісім жасасуға келісетіні туралы жазбаша хабарлайды;
Тармақша 2
2) бас тарту себептерін көрсете отырып, Пилоттық жоба туралы келісімге қол қоюдан жазбаша бас тартуды жібереді.
Тармақ 15
15. Пилоттық жоба кезеңінде Комитет пилоттық жобаға қатысушылармен бірлесіп: бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін және әрбір салық бойынша салықтық есептілік нысандарын ұсынуға; бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің, салықтық тіркелімдерінің және салықтық есептілік нысандарының арасындағы байланысты орнатуға; ІБЖ қалыптастыруға; деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеуге және енгізуге, осы жүйені Комитетпен интеграциялауға қойылатын талаптарды әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Тармақ 16
16. Комитет 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде: бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін және әр салық бойынша салықтық есептілік нысандарын ұсынуға; бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық тіркелімдері және салықтық есептілік нысандары арасында байланыс орнатуға; ІБЖ қалыптастыруға; деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеуге және енгізуге, осы жүйені Комитетпен интеграциялауға талаптарды әзірлейді. Бұл ретте Пилоттық жобаға қатысушы 2026 жылғы 1 қазанға дейін деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеу және (немесе) енгізу, интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Тармақ 17
17. Пилоттық жоба қашықтықтан да, сол сияқты Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне және (немесе) оның негізгі активтері орналасқан жеріне барып та (салық төлеушінің ішкі бақылау жүйесін және оның ақпараттық жүйелерін физикалық тексеру жүргізу кезінде) жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Комитет Пилоттық жоба қатысушысына жоспарланған күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналасқан жеріне барып Пилоттық жоба жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Тармақ 19
19. Пилоттық жобаны Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне барып жүргізген кезде, Пилоттық жоба қатысушысы Комитеттің бейінді басқармасының Пилоттық жобаны жүргізуге жауапты қызметкерлерінің шығатыны туралы хабарламада көрсетілген күнге компьютерлік техникамен жарақтандырылған жұмыс орнын, сондай-ақ бухгалтерлік және (немесе) салық есептерінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсынады.
Тармақ 20
20. Пилоттық жобаны жүргізу барысында Комитеттің бейінді басқармасының қызметкері мыналарды сұратуға құқылы, ал Пилоттық жоба қатысушысы мыналарды:
Тармақша 1
1) есептік құжаттаманы;
Тармақша 2
2) жазбаша түсіндірмелерді;
Тармақша 3
3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де ақпараттар мен құжаттарды;
Тармақша 4
4) Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жері бойынша бухгалтерлік және (немесе) салық есептерінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсынады. Құжаттар мен түсіндірмелерді ұсыну бойынша сұрау салу жазбаша нысанда ресімделеді.
Тармақ 21
21. Пилоттық жоба туралы келісімде және осы Қағидаларда көзделген құжаттарға, оның ішінде сұрау салуларға, хаттар мен ұсынымдарға Комитет басшысы немесе Пилоттық жоба мәселелеріне жетекшілік ететін оның орынбасары қол қояды және Пилоттық жоба туралы келісімде көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен электрондық пошта арқылы, қолма-қол, пошта арқылы не салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсырылады. Бұл ретте Пилоттық жоба қатысушысының ақпараттарды ұсынуы үшін мерзім 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауы және 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы керек.
Тармақ 22
22. Пилоттық жоба туралы келісімде және осы Қағидаларда көзделген сұрау салулар мен хаттарға жауаптарды Пилоттық жоба қатысушысы электрондық пошта арқылы, қолма-қол немесе Пилоттық жоба туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы сұрау салуларда, Пилоттық жоба туралы келісімде және осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде жібереді, және оған Пилоттық жоба қатысушысының басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды. Салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланған мәмілелер бойынша алдын ала түсіндірулер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен ұсынылады. Алдын ала түсіндірулер беру туралы сұрау салуды Пилоттық жоба қатысушысы Комитетке осындай сұрау салуда көрсетілген мәліметті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда береді. Нақтылауды қажет ететін және алдын ала түсіндіруді дайындау үшін маңызы бар мәселелер бойынша алдын ала түсіндіруді дайындау барысында Комитет Пилоттық жобаның қатысушысын қосымша түсіндіруді алу үшін шақырады. Бұл ретте салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланатын мәмілелер бойынша алдын ала түсіндірулер даулы мәселелер туындаған кезде ескерілетін, жобаға қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде ұсынылады.
Тармақ 23
23. Пилоттық жобаны жүргізу барысында Комитеттің бейінді басқармасының Пилоттық жобаны жүргізуге жауапты қызметкерлері өзара іс-қимыл жасау үшін Пилоттық жоба қатысушысының ішкі бақылау жүйесіне және ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында қажетті ақпараттар мен құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді зерделейді. Бұл ретте, Пилоттық жоба қатысушысы Комитеттің бейінді басқармасының Пилоттық жобаны жүргізуге жауапты қызметкеріне қажетті ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге қол жеткізуді ұсынады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша Пилоттық жоба қатысушысында Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде, мұндай бұзушылықтар туралы мәліметтер Комитеттің бейінді басқармасына хабарлама немесе хабарландыру жібермей жолданады. Камералдық бақылау нәтижелері бейінді басқармаға Комитеттің автоматтандырылған камералдық бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінен және қолмен камералдық бақылауды жүзеге асыратын оның аумақтық органдарынан келіп түседі. Осы тармақтың ережелері олар бойынша салықтық бақылау шаралары салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын халықаралық шарт негізінде қосылған құн салығын және бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша Салық кодексінің 189-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген, сондай-ақ құқық қорғау және өзге де органдардың талабына және (немесе) сұрауларына, бюджетке төлемдер бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.
Тармақ 25
25. Комитеттің бейінді басқармасы Пилоттық жобаның қатысушысымен бірлесіп камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды қарайды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар расталмаған кезде бейінді басқарма материалдарды Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне береді. Пилоттық жобаның қатысушысы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтармен келіскен кезде, Пилоттық жобаның қатысушысы Салық кодексінің 10-тарауында белгіленген тәртіппен оларды жою бойынша шаралар қолданады. Бұл ретте Пилоттық жобаның қатысушысы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жойған жағдайда, Салық кодексінің 131-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда, жауапкершілікке тартылмайды.
Тармақ 26
26. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған болса Комитет Пилоттық жобаға қатысушыға салық міндеттемелерін орындау мәселелері жөнінде ұсынымдар жібереді.
Тармақ 27
27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесі туындаған кезде, оларды төлеу салық міндеттемесін орындаудың кешіктірілген әр күні үшін Салық кодексінде көзделген мөлшерде өсімпұлдарды есептей отырып жүргізіледі. Пилоттық жобаны жүргізудің нәтижелері бойынша Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде салық міндеттемесі туындаған кезде, Пилоттық жоба қатысушысына оның өтініші бойынша Салық кодексінің 6-тарауында көзделген тәртіппен 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге бөліп төлеу немесе салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді 3(үш) жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыру беріледі. Бұл ретте, Салық кодексінің 49-бабы 5 және 7-тармақтарының, 50-бабының, 51-бабының 1,2,3 және 4-тармақтарының, 52, 53, 55-баптарының ережелері Пилоттық жоба қатысушыларына қолданылмайды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту немесе одан бас тарту туралы шешімді Комитет қабылдайды.
Тармақ 28
28. Пилоттық жоба барысында туындайтын мәселелер Пилоттық жоба мәселелері бойынша Келісім комиссиясында қаралады, оны ұйымдастыру мен қызметінің тәртібін Комитет бекітеді.
Тармақ 29
29. Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу кезінде Пилоттық жобаға қатысушылардың салық міндеттемелерін орындауына қатысты барлық белгісіздіктер мен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 30
Тарау 5. 5-тарау. Салықтық бақылау
5-тарау. Салықтық бақылау
Тармақ 31
Тармақ 32
32. Салық кезеңдері үшін деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігі, салық тіркелімдері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері және бастапқы құжаттар орналастырылған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 6 тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ фиктивтілік белгілері, жалған құжаттар жасау және (немесе) деңгейлес мониторинг үшін пайдаланылатын бухгалтерлік және салықтық ақпараттық жүйелердегі деректерді бұрмалау белгілері болған қаржы-шаруашылық операцияларын белгілеу кезінде жүргізіледі. Бұл ретте Салық кодексінің 145-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексерулер жылына 1 (бір) реттен артық жүргізілмейді. Салықтық бақылау Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күнге дейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Пилотық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап: деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігі, салық тіркелімдері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері және бастапқы құжаттар орналастырылған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын; деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігі, салық тіркелімдері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері және бастапқы құжаттар орналастырылмаған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде жүргізілетін салықтық бақылау (сұрау салулар, талаптар, мәліметтер) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде жоба алдындағы жұмыстар және пилоттық іске асыру кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушының анық емес мәліметтерді ұсынғаны анықталған кезде, құжаттарды қолдан жасау, жалған белгілері бар қаржылық-шаруашылық операциялар және (немесе) бухгалтерлік, салықтық және есепке алудың өзге де түрлерінің деректері, оның ішінде деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесінде бұрмалау анықталған кезде, Пилоттық жобаның осындай қатысушысымен жасалған Өзара іс-қимыл туралы келісім және (немесе) Пилоттық жоба туралы келісімді Комитет тиісті хабарламамен біржақты тәртіпте бұзады.
Тармақ 32-1
32-1. Осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген және пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде пилоттық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын пилоттық жобаға қатысушылар бойынша: пилоттық жобаға қатысушының аумағында салық кодексінің 172 бабының 16 тармағына сәйкес акциздік бекеттер белгіленбейді; пилоттық жобаға қатысушының акцизді төлеуі Салық кодексінің 475-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Пилоттық жоба қатысушыларына халықаралық шарт негізінде қосымша құн салығын және бюджеттен табыс салығын қайтару Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Мұндай қайтарулар туралы мәліметтерді Комитеттің құрылымдық бөлімшелері Комитеттің бейінді басқармасына жібереді.
Тармақ 34
34. Ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйелері жұмысының дұрыстығы мәселелері жөніндегі бақылау іс-шараларын Пилоттық жоба қатысушысымен өзге кезеңділікті келісу жағдайларын қоспағанда, Комитет Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне барып жылына 1 (бір) реттен артық жүргізбейді.
Тарау 6. 6-тарау. Салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
6-тарау. Салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 35
35. Салық төлеуші:
Тармақша 1
1) Пилоттық жобаны жүргізу барысында сұрау салулар жолдауға және түсіндірулер алуға;
Тармақша 2
2) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметшілерінен қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;
Тармақша 3
3) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметшілерінен Пилоттық жоба қатысушысының құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Пилоттық жоба барысында туындайтын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
Тармақша 5
5) Салық кодексіне сәйкес 80% мөлшерінде асып кеткен қосымша құн салығын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға;
Тармақша 6
6) Пилоттық жобаны өткізетін Комитеттің пофилді басқармасының қызметкерлерінен салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар алуға;
Тармақша 7
7) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 36
36. Салық төлеуші:
Тармақша 1
1) Пилоттық жоба кезеңіндеұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттармен тіркеуді қамтамасыз ететін операциялар мен оқиғалардың көрінуінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) есеп жүйесінде барлық қаржы-шаруашылық операциялардың толық және дұрыс деректерін көрсетуге, сканерленген және электрондық құжаттарды қоса алғанда, деректерді ақпараттық жүйелерге уақтылы енгізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің ұсынымы бойынша Комитет белгілеген мерзімде ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Комитеттің ұсынымы бойынша есеп жүйесіндегі бұзушылықтарды жоюды, оның ішінде деректердің толық көрсетілуі бойынша және сканерленген құжаттарды қоса беруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) ол бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы кезеңде осы қызметтерді ұсыну бойынша қажетті тәжірибесі бар аудиторлық (немесе консалтингтік) компания дайындаған салықтық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ішкі бақылау жүйесінің аудиті туралы есепті ұсынуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасы қызметшілеріне және осындай Пилоттық жобаны жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар қызметшілеріне Пилоттық жоба қатысушысының аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;
Тармақша 8
8) ол бар болса, Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасы қызметкерлерінің өтініші бойынша аудиторлық келісімшартты, аудиторлық есепті және (немесе) аудит туралы аудиторлық есепті ұсынуға;
Тармақша 9
9) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін,тарихи деректерді қоса қарауға рұқсат беруге;
Тармақша 10
10) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден, тарихи деректерді қоса мәліметтер беруге;
Тармақша 11
11) есепке алу және салықтық есепке алу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарлау;
Тармақша 12
12) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тармақ 37
37. Комитет:
Тармақша 1
1) қағаз және электрондық тасығыштарда есепке алу құжаттамасын сұратуға және алуға, сондай-ақ Пилоттық жобаның мәніне қатысты мәселелер бойынша автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
Тармақша 2
2) Пилоттық жоба нысанасына қатысты мәселелер бойынша Пилоттық жоба қатысушысынан жазбаша түсіндірулер сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, тарихи деректерді қоса қарауға рұқсат сұрауға және алуға;
Тармақша 4
4) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден, тарихи деректерді қоса мәліметтер сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің есепке алу жүйесінде сәйкессіздіктер анықталған, оның ішінде деректер толық көрсетілмеген және сканерленген құжаттар болмаған жағдайда салық төлеушінің атына ұсыным хат жолдауға;
Тармақша 6
6) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, Пилоттық жоба қатысушысының мүлкіне, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
Тармақша 7
7) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және Пилоттық жоба шеңберінде консультациялар алу үшін арнайы білімі мен дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 8
8) Пилоттық жобаны жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
Тармақша 9
9) Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде жоба алдындағы жұмыстар және пилоттық іске асыру кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушының анық емес мәліметтерді ұсынғаны анықталған кезде, құжаттарды қолдан жасау, жалған белгілері бар бар қаржылық-шаруашылық операциялар және (немесе) бухгалтерлік, салықтық және есепке алудың өзге де түрлерінің деректері, оның ішінде деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесінде бұрмалау анықталған кезде, Пилоттық жобаның осындай қатысушысымен жасалған Өзара іс-қимыл туралы келісім және (немесе) Пилоттық жоба туралы келісімді Комитет тиісті хабарламамен біржақты тәртіпте бұзуға;
Тармақша 10
10) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 38
38. Комитет:
Тармақша 1
1) Пилоттық жоба шеңберіндеПилоттық жобаға қатысушыға салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланған мәмілелер бойынша алдын-ала түсіндірулер беруге. Сонымен бірге, салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша жоғарыда көрсетілген түсіндірулерПилоттық жобаға қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде беріледі, олар даулы мәселелер туындаған кезде ескеріледі;
Тармақша 2
2) Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жері бойынша Пилоттық жобаны өткізу кезеңінде жұмыс режимін сақтауға;
Тармақша 3
3) Пилоттық жобаны жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың мазмұнын жария етпеуге;
Тармақша 4
4) қызметтік этиканы сақтауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;
Тармақша 6
6) Пилоттық жобаның қатысушысына салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстарды жібереді;
Тармақша 7
7) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тармақ 39
39. Өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ ұйымдар:
Тармақша 1
1) Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаны жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік, коммерциялық, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынады;
Тармақша 2
2) арнайы білімі мен дағдысы бар маманның, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерінің тиісті мәселелерді зерттеу үшін қатысуын және пилоттық жобаны жүргізу шеңберінде кеңестер беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Пилоттық жоба барысында туындаған мәселелер бойынша Комитеттің сұрау салуларына жауап береді;
Тармақша 4
4) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдаланады және өзге де міндеттерді атқарады.
Басқа 1.1. Өзара іс-қимыл туралы келісім
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларына 1-қосымша нысан Өзара іс-қимыл туралы келісім Астана қаласы 20__жылғы «___»________ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі _____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) тұлғасында _____________________________________________________________________ (құжаттың атауы) негізінде әрекет ететін бір тараптан одан әрі «Комитет» деп аталатын, _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (атауы) екінші тараптан одан әрі «Қатысушы» деп аталатын, _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) тұлғасында_______________________________________________________ негізінде әрекет ететін______________________________________________ (құжаттың атауы) одан әрі «Тараптар» деп аталып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 73-бабының ережелерін назарға ала отырып, салық төлеушіге деңгейлес мониторингке қатысу мүмкіндігі үшін ақпараттық жүйесін, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және Салық кодексінде көзделген өзге де жағдайлар бойынша көмек көрсету мақсатында төмендегілер туралы осы Өзара іс-қимыл туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады:
Тарау 1. 1-тарау. Келісімнің мәні
1-тарау. Келісімнің мәні
Тармақ 1
1. Тараптар Комитет пен Қатысушы арасында бизнес-процестерді, ақпараттық жүйелерді және Қатысушының ішкі бақылау жүйесіне диагностика жүргізу жөніндегі өзара іс-қимылы туралы уағдаласады (бұдан әрі – Жоба алдындағы жұмыстар). Бұл ретте ішкі бақылау жүйесін зерделеу және диагностика, ақпараттық жүйелерді зерделеу және диагностика, салық төлеуші мен Комитет арасында одан әрі ақпаратпен алмасу үшін іс-шараларды, іске асыру мерзімін және жауапты тұлғаны көрсете отырып жол картасы бекітіледі.
Тармақ 2
2. Келісімнің және(немесе) оған қосымшаның басқа ережелеріне қарамастан, жоба алдындағы жұмыстарға байланысты Тараптар арасындағы кез келген ынтымақтастық Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа ұсынған кез келген ақпаратқа қатысты салықтық құпия және құпиялылық режим сақталған кезде ғана мүмкін болады.
Тармақ 3
3. Тараптардың әрқайсысы ынтымақтастық мақсаттары үшін байланысатын адамды айқындайды.
Тармақ 4
4. Тараптардың өзара іс-қимылы:
Тармақша 1
1) ынтымақтастық – тараптардың теңдігін, Келісімнің еркіндігін мойындау;
Тармақша 2
2) негізделген сенім – бірлескен сәтті жұмыс жүргізуге, сындарлы шешімдер әзірлеу үшін өзара іс-қимыл жасауға ұмтылу;
Тармақша 3
3) адалдық – салықтық пайда алу (салықтық үнемдеу) және салық төлемдерін азайту мақсатында өз іс-әрекеттерінен пайда алуға жол бермеу;
Тармақша 4
4) заңдылық – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
Тармақша 5
5) айқындылық – жариялылық, ашықтық және транспаренттілік;
Тармақша 6
6) кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл – Пилоттық жобаға қатысушы мен мемлекеттік кірістер органдары арасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру үшін ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, оның ішінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес ақпаратпен алмасу және ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдай жасау қағидаттарына негізделеді.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Қатысушы:
Тармақша 1
1) жоба алдындағы жұмыстарды (Қатысушының бизнес-процестерінің, ақпараттық жүйелерінің және ішкі бақылау жүйесінің диагностикасын) жүргізуге байланысты мәселелер бойынша сұрау салулар жолдауға және түсіндірулер алуға;
Тармақша 2
2) Комитеттің профилді басқармасының қызметшілерінен қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;
Тармақша 3
3) Қатысушының құқықтары мен міндеттемелері туралы ақпаратты талап етуге;
Тармақша 4
4) Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен, жоба алдындағы жұмыстар барысында туындайтын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
Тармақша 5
5) Салық кодексіне сәйкес 80% мөлшерінде қосымша құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға;
Тармақша 6
6) Комитеттен салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар алуға;
Тармақша 7
7) салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 6
6. Қатысушы:
Тармақша 1
1) жоба алдындағы жұмыстар кезеңінде ұсынылатын деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) есеп жүйелерге рұқсат беру шеңберінде, барлық қаржы-шаруашылық қызметі операциялар мен оқиғалардың толық және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Комитеттің ұсынымы бойынша Пилоттық жобаға қатысушымен келісілген Комитет белгілеген мерзімде ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін келтіруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің ұсынымы бойынша есепке алу жүйесіндегі және басқа да ақпараттар жүйесіндегі бұзушылықтарды жоюды, қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) егер бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы кезеңде осы қызметтерді ұсыну бойынша қажетті тәжірибесі бар аудиторлық (немесе консалтингтік) компания дайындаған салықтық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ішкі бақылау жүйесінің аудиті туралы есепті ұсынуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) Комитеттің профилді басқармасы қызметшілерінің Пилоттық жобаға қатысушының аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;
Тармақша 7
7) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, оның ішінде тарихи деректерді қарауға рұқсат беруге;
Тармақша 8
8) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтерді, оның ішінде тарихи деректерді беруге;
Тармақша 9
9) салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тармақ 7
7. Комитет:
Тармақша 1
1) Қатысушының сыртқы және ішкі аудит, оның ішінде ақпараттық жүйесінің аудит және ішкі бақылау жүйесінің аудит нәтижелеріне қатысты ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) қағаз және электрондық тасымалдағыштарда есепке алу құжаттамасын, сондай-ақ жоба алдындағы жұмыстардың мәніне қатысты мәселелер бойынша автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуді сұратуға және (немесе) алуға;
Тармақша 3
3) Қатысушыдан жоба алдындағы жұмыстардың мәніне қатысты мәселелер бойынша жазбаша түсіндірулер сұратуға және (немесе) алуға;
Тармақша 4
4) бухгалтерлік есепті және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің деректерін қарауға және алуға рұқсат алу, тарихи деректерді қоса алғанда;
Тармақша 5
5) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтер сұратуға және алуға, тарихи деректерді қоса;
Тармақша 6
6) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, Қатысушының мүлкіне, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
Тармақша 7
7) Пилоттық жобаны жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
Тармақша 8
8) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 8
8. Комитет:
Тармақша 1
1) жоба алдындағы жұмыстар шеңберінде Қатысушыға Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген тәртіппен салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер беруге міндетті.
Тармақша 2
2) Қатысушының орналасқан жері бойынша жоба алдындағы жұмыстар жасау кезеңінде оның жұмыс режимін сақтауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоба алдындағы жұмыстар жасау кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын жария етпеуге;
Тармақша 4
4) қызметтік этиканы сақтауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;
Тармақша 6
6) Пилоттық жобаның қатысушысына салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдарды жіберуге;
Тармақша 7
7) заңнамада көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. Өзара іс-қимылды іске асыру
3-тарау. Өзара іс-қимылды іске асыру
Тармақ 9
9. Өзара іс-қимыл шеңберінде Комитет: Қатысушымен бірлесіп іс-шаралар, орындалу мерзімі және жауапты тұлғалар көрсетілген жол картасын бекітеді; Қатысушының бизнес-процестерін, ақпараттық жүйелерін және ішкі бақылау жүйесін зерделейді және диагностика жүргізеді; Қатысушы қызметінің бизнес-процестері мен технологиялық схемаларын зерделейді; Қатысушының құрылымын, филиалдар мен өкілдіктердің бар-жоғын зерделейді; Қатысушының есепке алу саясатын зерделейді; бухгалтерлік есепке алудың ақпараттық бағдарламаларына пайдаланылатын бухгалтерлік есепке алудың, салықтық есепке алудың деректеріне және басқа да пайдаланылатын ақпараттық жүйелерге рұқсат алады, есепке алу саясатына сәйкестігіне талдау жүргізеді; тауар-материалдық құндылықтарды кіріске алудан бастап дайын өнімді өткізуге дейін жылжыту және есепке алу процесін зерделейді; дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру процесін зерделейді; Қатысушы алатын кіріс түрлерін, олардың жиынтық кірістің жалпы сомасындағы үлес салмағын зерделейді; Қатысушының активтері мен міндеттемелерін зерделейді; Қатысушы мен оның сатып алушылары мен өнім берушілер арасында шарттар жасау ерекшеліктерін зерделейді; ақша қаражатының қозғалыс процесін зерделейді; Қатысушының электрондық шот-фактуралар жүйесін, виртуалды қойманы, салық есептілігін өңдеудің ақпараттық жүйесін (СЕӨАЖ) (салық есептілігін ұсыну), салық төлеуші кабинетін қолдануын зерделейді; салық тіркелімдерін қалыптастыру процесін зерделейді; Қатысушымен бірге салық декларацияларын жасау алгоритмін зерделейді; ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды одан әрі қалыптастыру үшін ішкі бақылауды жүргізу алгоритмін зерделейді; салық есептілігін бухгалтерлік есепке алу және салық тіркелімдерінің деректеріне сәйкестігін, оның ішінде Комитеттің тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып зерделейді; Қатысушымен ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша тапсырмаларды әзірлейді.
Тармақ 10
10. Комитет Қатысушының ішкі бақылау жүйесіне (оның ішінде талдамалық есептердің қажетті нысандарын қоса алғанда) және ақпараттық жүйелерге (талдамалық есептердің қажетті нысандарын қоса алғанда) тиісті талаптарды әзірлейді.
Тармақ 11
11. Комитет Қатысушы ішкі бақылау жүйелері мен ақпараттық жүйелерді белгіленген талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін тестілеуді өткізеді. Бұл ретте, тестілеуді Комитет дербес не қажетті консультанттарды тарта отырып жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Құпиялылық
4-тарау. Құпиялылық
Тармақ 12
12. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.
Тармақ 13
13. Үшінші тұлға тарапынан ұрлау, тонау, қарақшылық, қолды болу, ақпараттық деректер базасына кибер-шабуыл жасау түрінде көрініс тапқан, құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан алынған мәліметтердің қасақана емес жария болуы, құпиялылық туралы талаптарды бұзу болып табылмайды
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Осы Келісім Қатысушының салықтық міндеттемелері бойынша Комитеттің салықтық әкімшілендіруін жүзеге асыруына кедергі келтірмейді.
Тармақ 15
15. Осы Келісім қандай да бір жеңілдіктер мен преференциялар беруді көздемейді, ал Қатысушының өз салық міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Осы Келісім оған екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді, _______________ дейін қолданыста болады және Тараптардың келісімі бойынша ұзартылады не бұзылады.
Тармақ 17
17. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті адамдарының қол қоюымен жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 18
18. Осы Келісімге 4 (төрт) түпнұсқалық данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, тең заңды күші бар әрбір Тарап үшін 2 (екі) данадан қол қойылды.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
6-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті: ______________________________ (лауазымы) ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) ____________________________ (қолы) Қатысушы: ______________________________ (лауазымы) ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) ____________________________ (қолы)
Басқа 1.2. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларына 2-қосымша Нысан Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім Астана қаласы 20__жылғы «___»________ ____________________________________________________________________ ________________________________________________________, бір тараптан, (атауы) бұдан әрі «Пилоттық жобаның қатысушысы» деп аталатын, ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) тұлғасында, ____________________________________ негізінде әрекет ететін, (құжаттың атауы) және екінші тараптан «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Комитет» деп аталатын, ____________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) тұлғасында,______________________________________негізінде әрекет ететін, (құжаттың атауы) бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының ережелерін назарға ала отырып, осы Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады.
Тарау 1. 1-тарау. Келісімнің мәні
1-тарау. Келісімнің мәні
Тармақ 1
1. Тараптар Комитеттің Пилоттық жобаға қатысушыға қатысты деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаласады.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2
2. Комитет:
Тармақша 1
1) қағаз және электрондық тасығыштарда есепке алу құжаттамасын сұратуға және алуға, сондай-ақ Пилоттық жобаның мәніне қатысты мәселелер бойынша автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
Тармақша 2
2) Пилоттық жоба мәніне қатысты мәселелер бойынша Пилоттық жобаға қатысушыдан жазбаша түсіндірулер сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, оның ішінде тарихи деректерді қарауға рұқсат сұрауға және алуға;
Тармақша 4
4) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтерді, оның ішінде тарихи деректерді сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің есепке алу жүйесінде сәйкессіздіктер анықталған, оның ішінде деректер толық көрсетілмеген және электрондық құжаттар болмаған кезде Пилоттық жобаға қатысушысының атына ұсыным жолдауға;
Тармақша 6
6) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, Пилоттық жоба қатысушысының мүлкіне, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
Тармақша 7
7) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және Пилоттық жоба шеңберінде консультациялар алу үшін арнайы білімі мен дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 8
8) Пилоттық жобаны жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
Тармақша 9
9) пилоттық енгізу шеңберінде ұсынымдарды орындауды талап етуге;
Тармақша 10
10) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 3
3. Комитет:
Тармақша 1
1) Пилоттық жоба шеңберінде салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланған мәмілелер бойынша алдын-ала түсіндірулер беруге. Бұл ретте, салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша жоғарыда көрсетілген түсіндірулер Пилоттық жобаға қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде беріледі;
Тармақша 2
2) Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жері бойынша Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде жұмыс режимін сақтауға;
Тармақша 3
3) Пилоттық жобаны жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың мазмұнын жария етпеуге;
Тармақша 4
4) қызметтік этиканы сақтауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;
Тармақша 6
6) Пилоттық жобаның қатысушысына салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдарды жіберуге;
Тармақша 7
7) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тармақ 4
4. Салық төлеуші:
Тармақша 1
1) Пилоттық жобаны жүргізу барысында сұрау салулар жолдауға және түсіндірулер алуға;
Тармақша 2
2) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметкерлерінен қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;
Тармақша 3
3) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметкерлерінен Пилоттық жоба қатысушысының құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты талап етуге;
Тармақша 4
4) Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен Пилоттық жоба барысында туындайтын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
Тармақша 5
5) Салық кодексіне сәйкес 80% мөлшерінде қосымша құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға;
Тармақша 6
6) Комитеттен салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар алуға;
Тармақша 7
7) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 5
5. Салық төлеуші:
Тармақша 1
1) Пилоттық жоба кезеңінде ұсынылатын деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттармен тіркеуді, операциялар мен оқиғалардың толық мен дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) есепке алу жүйесінде барлық қаржы-шаруашылық операциялардың толық және дұрыс деректерін көрсетуге, электрондық құжаттарды қоса алғанда, деректерді ақпараттық жүйелерге уақтылы енгізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің ұсынымы бойынша Пилоттық жобаға қатысушымен келісілген Комитет белгілеген мерзімде ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін сәйкес келтіруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Комитеттің ұсынымы бойынша есепке алу жүйесіндегі бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) егер бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы кезеңде осы қызметтерді ұсыну бойынша қажетті тәжірибесі бар аудиторлық (немесе консалтингтік) компания дайындаған салықтық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ішкі бақылау жүйесінің аудиті туралы есепті ұсынуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасы қызметкерлеріне және осындай Пилоттық жобаны жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне Пилоттық жоба қатысушысының аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;
Тармақша 8
8) егер бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша аудит жүргізуге аудиторлық келісімшартты, аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындысын ұсынуға;
Тармақша 9
9) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, оның ішінде тарихи деректерді қарауға рұқсат беруге;
Тармақша 10
10) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтерді, оның ішінде тарихи деректерді беруге;
Тармақша 11
11) пилоттық жобада болған кезеңде, оның ішінде талап ету кезеңінің ескіруі кезеңінде, егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар салық міндеттемелеріне әсер етсе, бухгалтерлік және салықтық есепке алу жөніндегі есепке алу құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға;
Тармақша 12
12) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тармақ 6
6. Тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7
7. Осы Келісімнен туындайтын кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Құпиялылық
4-тарау. Құпиялылық
Тармақ 8
8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Тиісті органдар растаған ұрлық, тонау, қарақшылық, ұрлау, ақпараттық дерекқорлардың кибер-шабуылдары түрінде көрінген үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан алынған мәліметтерді абайсыздан тарату құпиялылық туралы талаптарды бұзу болып табылмайды.
Тарау 5. 5-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі
5-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі
Тармақ 10
10. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Келісім деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жоба аяқталғанға дейін қолданылады және Пилоттық жоба қатысушысына қатысты оңалту немесе банкроттық, бірігу, қосылу, бөліну және бөлініп шығу жолымен тарату, қайта ұйымдастыру рәсімдері жүргізілген жағдайларда, сондай-ақ Тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылады. Бұл ретте Келісім Пилоттық жобаға қатысушы Келісімді бұзу туралы хатты алған күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 12
12. Комитетті қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру осы Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және барлық құқықтар мен міндеттер құқықтық мирасқорларға ауысады.
Тармақ 13
13. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде ұсынылатын ақпарат алмасу, құжаттарды, оның ішінде хабарламаларды, сұрау салуларды, ұсынымдар мен хаттарды жолдау мынадай электрондық пошта мекенжайларын пайдалана отырып жүзеге асырылады: Крмитет тарапынан _____________________________________________; Пилоттық жобаға қатысушы тарапынан____________________________.
Тармақ 14
14. Осы Келісімге 4 (төрт) түпнұсқалық данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, тең заңды күші бар әрбір Тарап үшін 2 (екі) данадан қол қойылды.
Тарау 7. 7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті: ________________________________ (лауазымы) ___________________________________ ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) ____________________________ (қолы) Пилоттық жобаның қатысушысы: _________________________________ (лауазымы) ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) __________________________________ (қолы)
Басқа 1.3. Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жоба жөнінде келісім жасау туралы өтініш
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларына 3-қосымша нысан Шығыс №________ (ол болған кезде) Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жоба жөнінде келісім жасау туралы өтініш ____________________________________________________________________ (салық төлеушінің толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) тұлғасында,_________________________ негізінде әрекет ететін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес__________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (салық төлеушінің толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі) Пилоттық жоба шеңберінде ___________ жылғы 1 қаңтардан бастап деңгейлес мониторинг жүргізу туралы мәселесін қарастыруды сұраймын. Осы өтінішпен мыналарды растаймын: Кәсіпорындағы бухгалтерлік және салықтық есепке алу _______________________________________________________жүргізіледі; (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып; кәсіпорында ішкі бақылау жүйесі енгізілген және пайдаланылады. Қол қойылған деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісімнің 4 (төрт) данасы қоса беріледі. Қосымша ___ парақта. _____________________________________________ 20__жылғы «___»_______ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))