Об утверждении дополнительного перечня видов заболеваний, препаратов и увеличении норм отпуска лекарственных средств отдельным категориям населения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Препараттардың, ауру түрлерінің қосымша тізбесін бекіту және тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босату нормаларын ұлғайту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 02.02.2005 № 4 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 «Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 қаулысында көрсетілмеген науқастардың, препараттар түрлерінің қосымша тізбесі және халықтың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босатудың нормасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 48 "Препараттардың, ауру түрлерінің қосымша тізбесін бекіту және тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босату нормаларын ұлғайту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін («Қостанай таңы» газетінде 2001 жылы 19 маусымда № 683 тіркеліп жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 қаулысында көрсетілмеген науқастардың, препараттар түрлерінің қосымша тізбесі және халықтың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босатудың нормасына қосымша тізбе
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 7 қаңтардағы № 1 шешіміне қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 қаулысында көрсетілмеген науқастардың, препараттар түрлерінің қосымша тізбесі және халықтың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектер босатудың нормасына қосымша тізбе