Об утверждении Положения о комиссии по предоставлению права недропользования по углеводородам Күшін жойған
Басқа 0
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 98-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 0. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 2 шілдесі
№ 247 Бұйрығымен
бекітілген
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 98-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) міндеттерін және функцияларын, сондай-ақ жұмысының регламентін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы қалыптастыратын электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімдері негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде пайдаланылатын терминдер Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның міндеттері мен функциялары
2-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеті электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімі негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аукцион жеңімпазын электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімі негізінде таниды;
Тармақша 2
2) Кодекстің 99-бабында белгіленген негіздер бойынша аукционды өткізбейді;
Тармақша 3
3) Кодекстің 101-бабында белгіленген негіздер бойынша аукционды өтпеді деп таниды.
Тарау 3. 3-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия жұмысының регламенті
3-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия жұмысының регламенті
Тармақ 6
6. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның отырыстары, егер оларға комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Комиссия қызметін ұйымдастыру құзыретті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысты аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген аукционды өткізу күні өткізеді.
Тармақ 10
10. Аукционның нәтижелері аукцион өткізілген күні жарияланады және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оны сауда жүйесінің веб-порталында Комиссияның барлық мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.
Тармақ 11
11. Аукционды өткізбеу туралы шешім қабылданған жағдайда, Комиссия осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізбеу туралы хаттамаға қол қояды, оны сауда жүйесінің веб-порталында Комиссияның барлық мүшелері ЭЦҚ-мен куәландырады.
Тармақ 12
12. Аукционды өтпеді деп тану осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өтпеді деп тану туралы хаттамамен ресімделеді, оны сауда жүйесінің веб-порталында Комиссияның барлық мүшелері ЭЦҚ-мен куәландырады.
Тармақ 13
13. Аукцион нәтижелері оны өткізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Аукционды өтпеді деп тану туралы хабарландыру хаттама ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Басқа 1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционның нәтижелері туралы хаттама
Көмірсутектер бойынша
жер қойнауын пайдалану
құқығын беру жөніндегі
комиссия туралы ережеге
1-қосымша
Нысан
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционның нәтижелері туралы хаттама
Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы «___»________
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрамында:
төраға (төрағаның орынбасары) ____________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
_______________________________________________________________
(отырысқа қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
сауда жүйесінің веб-порталымен қалыптасқан ___________ бойынша электрондық аукцион
қорытындыларының тізілімін қарау нәтижелері бойынша ШЕШІМ қабылдады:
____________________________________________________________________
(аукционға қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
____________________________________________________________ бойынша
____________________________________________________________________
(атауы (Т.А.Ә), Жеке сәйкестендіру номері, Бизнес-сәйкестендіру номері, жеңімпаздың
аукциондық номері)
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион жеңімпазы болып анықталсын.
2. Құзыретті орган аукцион нәтижелерін оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және
орыс тілдерінде интернет-ресурсында жарияласын.
3. Құзыретті орган аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасасын.
Басқа 2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізбеу туралы хаттама
Көмірсутектер бойынша
жер қойнауын пайдалану
құқығын беру жөніндегі
комиссия туралы ережеге
2-қосымша
Нысан
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізбеу туралы хаттама
Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы «___»________
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрамында:
төраға (төрағаның орынбасары) ___________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
_______________________________________________________________
(отырысқа қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
қарау нәтижелері бойынша ШЕШІМ қабылдады:
_______________________________________________________________
(аукционға қойылған жер қойнауы учаскесінің (блоктың) атауы)
бойынша __________________ белгіленген аукцион өткізілмесін
(күні, уақыты)
_______________________________________________________________
(аукционды өткізбеудің негіздемесі).
2. Құзыретті орган аукцион нәтижелерін оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде
қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурсында жарияласын.
Басқа 3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өтпеді деп тану туралы хаттама
Көмірсутектер бойынша
жер қойнауын пайдалану
құқығын беру жөніндегі
комиссия туралы ережеге
3-қосымша
Нысан
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өтпеді деп тану туралы хаттама
Нұр-Сұлтан қ. _______ жылғы «___» ___________
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрамында:
төраға (төрағаның орынбасары) ___________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
_______________________________________________________________
(отырысқа қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
сауда жүйесінің веб-порталымен қалыптасқан ___________ бойынша электрондық аукцион
қорытындыларының тізілімін қарау нәтижелері бойынша ШЕШІМ қабылдады:
__________________________________________________________ бойынша
(аукционға қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
______________________________________________________________
(аукцион өтпеді деп тану негіздері)
аукцион өтпеді деп танылсын.
2. Құзыретті орган аукцион нәтижелерін оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде
қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурсында жарияласын.
Ескертпе: * «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 101-бабының 1-тармағында көзделген негіз бойынша аукцион өтпеді деп таныған жағдайда толтырылады.