Об утверждении Методики организации и проведения выборочного обследования домашних хозяйств по уровню жизни Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесін бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12871 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 қаңтарда жарияланған);
Тармақша 2
2) «Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша сұхбат жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 179 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12412 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
төрағасының 2020 жылғы 2 шілдесі № 31 Бұйрықпен бекітілді Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Тармақ 2
2. Осы Әдістеме мемлекеттік статистика органдарының халықтың тұрмыс деңгейі туралы алғашқы статистикалық деректерді алу мақсатымен тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеуді (бұдан әрі – Зерттеу) ұйымдастыру және өткізу рәсімдері алгоритмдерінің жиынтығын айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің аумақтық органдары тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізу кезінде қолданады.
Тармақ 4
4. Зерттеу барлық облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізіледі және іріктеп алынған үй шаруашылықтарының ерікті түрде қатысу қағидасы бойынша құрылады.
Тармақ 5
5. Алғашқы статистикалық деректерді жинауды автоматтандыру мақсатында зерттеуде жеке сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі (бұдан әрі – ЖСКЖ) қолданылады.
Тармақ 6
6. Зерттеу ЖСКЖ-ны пайдалана отырып, үй шаруашылықтарына сауал салу және мәліметтерді электронды түрде портативті есептеу құрылғысына (бұдан әрі –ПЕҚ) енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Тұрғындарға сауал салу арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен және респонденттердің статистикалық нысандарды өз бетінше толтыруымен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Зерттеуді ұйымдастыру құрылымы
2. Зерттеуді ұйымдастыру құрылымы
Тармақ 8
8. Бір интервьюерге түсетін жүктеме 30 үй шаруашылығын құрайды.
Тармақ 9
9. Интервьюер жұмысты Интервьюер жұмысының графигіне Әдістеменің 1-қосымшасына (бұдан әрі – График) сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Тармақ 10
10. График алғашқы статистикалық деректерді жинау мерзімдерін, белгіленген күндері келу мүмкіндігі туралы үй шаруашылығының өзімен уағдаластықты ескере отырып құрастырылады және орындау үшін интервьюерге беріледі.
Тармақ 11
11. Супервайзер Графиктің орындалуына үнемі бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Бір супервайзер төрт интервьюердің жұмысын бақылайды.
Тармақ 13
13. Интервьюер зерттеуді жүргізу шеңберінде:
Тармақша 1
1) арнайы нұсқамадан өтеді, зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің барлық сұрақтары бойынша ақпаратты зерттейді;
Тармақша 2
2) супервайзер дайындаған тізімге сәйкес үй шаруашылықтарының мекенжайларын сәйкестендіреді (анықтайды);
Тармақша 3
3) респонденттер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 4
4) белгіленген күндерге баратын күндерін белгілейді және Графикке енгізу үшін супервайзерге хабарлайды;
Тармақша 5
5) респонденттерге статистикалық құралды толтыру бойынша, соның ішінде телефон соғу немесе қосымша бару арқылы консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 6
6) респонденттерден алынған ақпаратқа арифметикалық-логикалық бақылау жүргізеді, деректердің кодтауын жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) супервайзерді үй шаруашылықтарына сауал салудың нәтижелері туралы хабардар етеді;
Тармақша 8
8) респонденттердің зерттеуден бас тарту оқиғалары туралы тез арада хабарлайды;
Тармақша 9
9) дөрекі қателіктер табылған жағдайда интервьюер қажетті деректерді нақтылау үшін үй шаруашылығына қосымша қайта барады және бару нәтижелері туралы супервайзерге хабарлайды.
Тармақ 14
14. Супервайзер зерттеуді жүргізу шеңберінде:
Тармақша 1
1) алғашқы статистикалық деректерді жинау бойынша жұмысты ұйымдастыруға тікелей жауап береді;
Тармақша 2
2) іріктемеге түскен үй шаруашылықтарының мекенжайларын интервьюермен бірге сол жерлерде сәйкестендіреді (анықтайды);
Тармақша 3
3) интервьюерлер арасында зерттеу құралдарын бөліп береді;
Тармақша 4
4) толтырылған статистикалық нысандарды қабылдайды және тексереді;
Тармақша 5
5) деректерді кодтау дұрыстығын тексереді;
Тармақша 6
6) деректер арасындағы логикалық байланысты тексереді;
Тармақша 7
7) интервьюерлермен бірге деректерді толтыру, кодтау және жинақтау қателерін анықтайды;
Тармақша 8
8) әрбір интервьюер бойынша жеке-жеке зерттеу нәтижелерін талдайды;
Тармақша 9
9) интервьюерлерге оқыту жүргізеді, бақылау сұхбатын жүргізу үшін жергілікті жерлерге барады.
Тарау 3. 3. Дайындық кезеңі
3. Дайындық кезеңі
Тармақ 15
15. Интервьюер бірінші келгенде респонденттерге өкілеттіктерін көрсетумен, интервьюер куәлігін көрсетеді және зерттеу жүргізетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органының (бұдан әрі –Комитеттің аумақтық органы) атынан өзін таныстырады.
Тармақ 16
16. Интервьюер зерттеуге қатысу туралы ақпараттық парақты респондентке ұсынады (зерттеудің мақсаттары мен міндеттері туралы түсіндіру).
Тармақ 17
17. Интервьюер респондентке алынған ақпараттың құпиялылығына Комитеттің аумақтық органы кепілдік беретінін және статистикалық мақсатта агрегатталған (жиынтық) түрінде пайдаланылатынын хабарлайды.
Тармақ 18
18. Интервьюер үй шаруашылығынан: осы мекенжай бойынша үй шаруашылығы мүшелері бірге тұрақты тұра ма, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіре ме және тауарлар мен көрсетілген қызметтерді бірлесіп тұтына ма сол жөнінде сұрайды. Алынған жауап біртұтас үй шаруашылығын құрайтын тұлғаларды анықтау үшін пайдаланылады.
Тармақ 19
19. Егер бірінші келгенде үй шаруашылығында ешкім болмаса, интервьюер басқа уақытта сол мекенжайға қайта барады.
Тармақ 20
20. Супервайзер іріктелген үй шаруашылықтарының мекенжайларын интервьюерге ұсынады. Іріктелген мекенжай бойынша тұратын, соның ішінде тұратын үйдің меншік иесі болып табылмайтын үй шаруашылықтары сауал салуға жатады.
Тарау 4. 4. Деректерді жинау және өңдеу
4. Деректерді жинау және өңдеу
Тармақ 21
21. Алғашқы статистикалық деректерді жинауды интервьюерлер Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу графигіне сәйкес осы Әдістемеге 2-қосымшаға (бұдан әрі – График) сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Тармақ 22
22. Жыл бойы тұрғын үй-жайлардың мекенжайларын ауыстыру үй шаруашылықтарының мүшелері болмаған немесе зерттеуге қатысудан бас тартқан жағдайда жүргізілмейді.
Тармақ 23
23. Деректерді өңдеу рәсімдеріне деректерді редакциялау, импутациялау және агрегаттау кіреді.
Тармақ 24
24. Өңдеудің бірінші кезеңінде деректер базасын редакциялау және оны жұмыс қалпына келтіру жүзеге асырылады. Ол үшін бақылаудың мынадай түрлері жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Артатын мәндерді айқындау үшін бақылау. Көрсеткіштердің артатын мәндері аясының шекарасы орташа квадратты ауытқу мөлшеріне көрсеткіштердің орташа мәнінің ауытқуымен анықталатын интервалдан тыс орналасқан;
Тармақша 2
2) сандық көрсеткіштердің ең жоғарғы және ең төменгі мәндері талданады;
Тармақша 3
3) енгізу қателерін, сондай-ақ үй шаруашылықтары тарапынан болатын тіркеу қателерін жоюға мүмкіндік беретін логикалық бақылау арқылы респонденттерден келіп түскен ақпараттың сапасын бағалау;
Тармақша 4
4) әртүрлі статистикалық нысандардан алынған ақпараттың логикалық байланысына негізделген бақылау. Екі жақты сұраулардың көмегімен олардың арасындағы өзара байланыс тексеріледі, нысандарды толтырудың толықтығы бақыланады.
Тармақ 25
25. Деректерді өңдеудің екінші кезеңі импутация – жетіспейтін жауаптарға шамаларды меншіктеу болып табылады. Зерттеуде зерттеудің статистикалық нысандары, сондай-ақ олардың жекелеген сұрақтары бойынша бас тартқандардың белгілі бір пайызы бар. Жауаптардың жоқтығынан туындайтын қателіктерді болдырмау мақсатында өңдеу кезінде жетіспейтін ақпараттың орнын толтыру жүргізіледі. Үй шаруашылықтарының шығыстардың әртүрлі түрлері бойынша жетіспейтін жауаптарын импутациялау өңірлік деңгейде жүргізіледі. Егер статистикалық нысандар толтырылмаған жағдайда деректерді импутациялау және өндеу жүргізілмейді, үй шаруашылығы зерттеуден шығарылады. Жекелеген көрсеткіштер бойынша жетіспейтін деректерді импутациялау мынандай үлгіде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) егер сатып алу саны белгілі, ал сатып алудың бағасы көрсетілмесе, онда сол тауарға облыс бойынша сатып алудың орташа бағасы шартты түрде қойылады;
Тармақша 2
2) егер сатып алу бағасы белгілі, ал саны белгісіз болса, онда облыс бойынша осы тауардың сатып алынған орташа бағасына көрсетілген құнның қатынасы тең саны импутацияланады.
Тармақша 3
3) егер сатып алудың саны да, бағасы да белгісіз болса, бірақ атауы бар болған жағдайда, онда осы тауарды сатып алудың және оның бағасының орташа саны импутацияланады.
Тармақ 26
26. Деректерді өңдеудің үшінші кезеңі деректерді топтастыру және оларды жинақтау - агрегаттау болып табылады. Агрегаттау деректер базасымен алдағы уақытта барлық жұмыстарды жасаудың негізі болып табылады. Оның процесінде зерттеу деректері үй шаруашылығының сәйкестендіру коды бойынша ретке келтіріледі және табыстардың, шығыстардың негізгі баптары және тамақ өнімдерінің негізгі топтары бойынша топтастырылады.
Тармақ 27
27. Азық-түлік тауарларына шығыстарды үй шаруашылықтары екі апта ішінде толтырады. Шығыстар бойынша деректер тоқсанға жете есептеу коэффициентіне көбейту жолымен таратылады, формула бойынша: мұндағы, N – тоқсандағы апталардың саны (13); n – күнделікті толтыру апталарының саны. Зерттеуде k = 6,5. Азық-түлік тауарлары үшін тамақ өнімдерін көп мөлшерде (қаптармен, жәшіктермен) сатып алу есепке алынбайды. Мұндай шығыстар жете есептеу коэффициентінсіз өңдеуге қабылданады.
Тармақ 28
28. Бас жиынтыққа таратылған деректерді алу мақсатында зерттеу қорытындыларына статистикалық салмақтау жүргізіледі. Іске асыру іріктемеге түскен, ұсынатын бөлігіне үй шаруашылықтарының жалпы санын сипаттайтын әрбір зерттелген үй шаруашылығына статистикалық салмақ беру арқылы жүзеге асырылады. Салмақтар халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштері үшін тоқсан сайын есептеледі.
Тармақ 29
29. Салмақтарды есептеу үшін өңірлік бөліністегі қалалық және ауылдық халық бойынша бөлек зерттелетін үй шаруашылықтарына бөлу туралы деректер пайдаланылады.
Тармақ 30
30. Стратаның hi (h) алғашқы іріктемелі бірліктердегі (АІБ) (hi) үй шаруашылықтарының ықтималдық салмағы (whij) оның іріктеп алу ықтималдылығының кері мәнін phij ұсынады және мынадай формула бойынша айқындалады: мұндағы, Whij – үй шаруашылығының салмағы; Phij – іріктеп алу ықтималдылығының кері мәні; Nh – Тұрғын үй қоры тіркелімінің деректері бойынша стратадағы үй шаруашылықтарының жалпы саны; n’hi – АІБ-дегі қолайлы тұрғынжайлардың жалпы саны; nhi – Тұрғын үй қоры тіркелімінің деректері бойынша АІБ-дағы үй шаруашылықтарының саны; Sh – h стратада таңдап алынған АІБ саны; mhi – АІБ-дегі қажетті тұрғынжайлар саны hi (әрқашан 30 нормативті).
Тармақ 31
31. «Базалық» салмақтың сомасы осы өңірдің және тұтас елдің барлық үй шаруашылықтарының санын бағалауды қамтамасыз етеді. Оларды пайдалану іріктемелі жиынтықты іріктемені қалыптастырудың бастапқы қағидаттарына сәйкес сақтап қалуға мүмкіндік береді. Тұрғылықты жерді ауыстыру және зерттеуге қатысудан бас тарту осы сәйкестікті бұзады.
Тармақ 32
32. Деректерді ала алмау оқиғаларының орнын толтыру үшін сол елді мекендегі жауап берген барлық үй шаруашылықтары үшін салмақтарды көтеру жолымен салмақтарды түзетудің қарапайым сызбасы қолданылады. Сол елді мекендегі сұрақтарға жауап берген барлық үй шаруашылықтарының салмағы бірдей коэффициентке көбейтіледі. Түзету коэффициенті мынадай формуламен анықталады: мұндағы, Кw – салмақтарды түзету коэффициенті; Nh – іріктемедегі үй шаруашылықтарының саны (12000); nh – есеп берген үй шаруашылықтарының саны.
Тармақ 33
33. Түзету базалық салмақтауды әр страта бойынша түзету коэффициентіне көбейту жолымен, белгілі бір өңірдегі қала (ауыл) бойынша жүзеге асырылады. Зерттеу деректерін демографиялық статистиканың деректері бойынша ағымдағы халықтың санына сәйкес келтіру үшін түзету коэффициенттері пайдаланылады. Түзету коэффициенті тоқсан сайын мынадай формуламен есептеледі: мұндағы, Кj – j-стратасы үшін түзету коэффициенті; Ndj – j-стратасының демографиялық статистиканың деректері бойынша халықтың саны; Nhj – j-стратасының зерттеу бойынша халықтың жалпы саны.
Тарау 5. 5. Интервьюерлерді оқыту және олардың жұмысының сапасын бақылау
5. Интервьюерлерді оқыту және олардың жұмысының сапасын бақылау
Тармақ 34
34. Интервьюерлерді даярлау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды: зерттеудің негізгі тұжырымдамалық және әдістемелік қағидаттарына оқыту; зерттеу құралдарын зерделеу; зерттеудің барлық нысандарын толтыру жөнінде нұсқама беру. үй шаруашылығымен бірінші байланысу кезінде және үй шаруашылықтарында тікелей сауал салу жүргізу барысында интервьюер мінез-құлқының негізгі қағидаларына, сұхбат алу техникасына оқыту; интервьюерлерді ПЕҚ қолдана отырып зерттеу жүргізуге оқыту.
Тармақ 35
35. Интервьюерлер жұмысының сапасын бақылау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: сұралған үй шаруашылықтарының кодтарын іріктемелі жиынтықтың кодтарымен салыстырып тексеру; интервьюердің үй шаруашылықтарына бару графигімен белгіленген мерзімдерін сақтау.
Тармақ 36
36. Интервьюер жұмысының сапасын тексеруді Комитеттің аумақтық органдары кемінде тоқсанына бір рет жүргізеді.
Басқа 1
Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне 1-қосымша Нысан 1 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _________________________ 2 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _________________________ 3 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _________________________ 4 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _________________________ 5 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _________________________ 6 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № __________________________ ү/ш№ Ай Өткен айға D 0031 нысанының 2-бөлігін жинау жоспар нақты D 0042 нысаны бойынша сауал салу жоспар нақты Ағымдағы айға D 0031 нысанының 1- бөлігін жинау жоспар нақты Жаңа желіге D 0084 нысанын толтыру (нақтылау) / D 0063 нысаны бойынша сауал салу/ Келесі айға D 0031 нысанын тарату жоспар нақты Ескертпе: 1 осында және бұдан әрі D 003 – «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі» (индексі D 003, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны; 2 осында және бұдан әрі D 004 - «Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы» (индекс D 004, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны; 3 осында және бұдан әрі D 006 - «Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама» (индексі D 006, кезеңділігі жылдық) статистикалық нысаны; 4 осында және бұдан әрі D 008 – «Үй шаруашылығы құрамының карточкасы» (индексі D 008, кезеңділігі жылдық (тоқсан сайынғы нақтыланумен) статистикалық нысаны. Ай Өткен айға D 0031 статистикалық нысанының 2-бөлігін жинау жоспар нақты Ағымдағы айға D 0031 статистикалық нысанының 1-бөлігін жинау жоспар нақты Келесі айға D 0031 статистикалық нысанын тарату жоспар нақты кестенің жалғасы Ай Өткен айға D 0031 статистикалық нысанының 2-бөлігін жинау жоспар нақты Ағымдағы айға D 0031 статистикалық нысанының 1-бөлігін жинау жоспар нақты Келесі тоқсанға D 0042 статистикалық нысанын және келесі айға D 0031 статистикалық нысанын тарату жоспар нақты Бір жолғы зерттеуді өткізу жоспар нақты
Басқа 2
Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне 2-қосымша Нысан Ескертпе: 1 апт - апта; 2 ү/ш – үй шаруашылығы; 3 Н – нақтылау; 4 D 003 – «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі» (индексі D 003, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны; 5 D 008 – «Үй шаруашылығы құрамының карточкасы» (индексі D 008, кезеңділігі жылдық (тоқсан сайынғы нақтыланумен) статистикалық нысаны; 6 D 006 - «Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама» (индексі D 006, кезеңділігі жылдық) статистикалық нысаны; 7 D 004 - «Үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы» (индекс D 004, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысаны; 8 D 007 - «Ересек халыққа темекі тұтынуы туралы сауал салу» (индексі D 007, кезеңділігі жылына бір рет) статистикалық нысаны 1 нен 10 мамыр аралығындағы кезеңде Статистикалық жұмыстар жоспары бойынша жүргізіледі; 9 D 002 -«Халықтың тұрмыс сапасы» (индексі D 002, кезеңділігі жылына бір рет) статистикалық нысаны 1 нен 11 наурыз аралығында Статистикалық жұмыстар жоспары бойынша жүргізіледі; 10 D 001 - «Уақытты пайдалану күнделігі» (индексі D 001, кезеңділігі 5 жылда 1 рет) статистикалық нысаны.