О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в Тупкараганском районе Күшін жойған
Басқа 0
Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы(Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №10-15-194 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарлатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Нәдірқожақызы Ә) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия
төрағасы К.Озгамбаев) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Күші жойылды деп танылған Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
Түпқараған аудандық мәслихатының
2020 жылғы 26 маусымдағы
№45/336 шешіміне қосымша
Күші жойылды деп танылған Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/235 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2874 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/235 «Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 ақпандағы №38/261 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2978 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы №34/235 «Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы №18/157 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3569 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).