О присоединении Республики Казахстан к Конвенции об унификации некоторых правил относительно ответственности, вытекающей из столкновения судов внутреннего плавания Қолданыста
Басқа 0
Ішкі жүзудегі кемелердің соқтығысуынан туындайтын жауапкершілікке қатысты кейбір ережелерді біріздендіру туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасы Женевада 1960 жылғы 15 наурызда жасалған Ішкі жүзудегі кемелердің соқтығысуынан туындайтын жауапкершілікке қатысты кейбір ережелерді біріздендіру туралы конвенцияға қосылсын.
Бап 2. IШКI ЖҮЗУДЕГI КЕМЕЛЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ЖАУАПКЕРШIЛIККЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБIР ЕРЕЖЕЛЕРДI БIРIЗДЕНДIРУ ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ
2-бап. Қазақстан Республикасы 9-бапқа сәйкес осы Конвенцияның ережелері тек қана мемлекеттік биліктің функцияларын орындауға арналған кемелерге қолданылмайтыны туралы мәлімдейді және осы Конвенцияның ережелері кеме қатынастары Қазақстан Республикасының кемелеріне ғана рұқсат етілетін су жолдарына қолданылмайтынын өз заңдарында көздеу құқығын өзіне қалдырады.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Конвенцияның мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Конвенциясының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Конвенцияларды тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
IШКI ЖҮЗУДЕГI КЕМЕЛЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ЖАУАПКЕРШIЛIККЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБIР ЕРЕЖЕЛЕРДI БIРIЗДЕНДIРУ ТУРАЛЫ
КОНВЕНЦИЯ
(2003 жылғы 12 қазанда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Осы Конвенциямен Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң суларында iшкi жүзудегi кемелер арасындағы соқтығысудан, келтiрiлген зиянды не кемелерге не онда болған адамдарға немесе заттарға өтеу белгiленедi.
Тармақ 2
2. Осы Конвенциямен маневрдi орындау не орындамау салдарынан, не Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң суларында iшкi жүзудегi кеменiң бiрiнiң ережелердi сақтамауы салдарынан не басқа iшкi жүзудегi кемелерiне, тiптi соқтығыс болмаған жағдайда да осындай кемелердiң бортында болған тұлғаларға немесе заттарға келтiрiлген әр тектi шығындарды өтеу белгiленедi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған кемелердiң сол бiр керуенінің құрамына кiру дерегi осы Конвенцияның қолданылуына әсер етпейдi.
Тармақ 4
4. Осы Конвенцияны қолдану кезiнде,
Тармақша а
а) "кеме" терминi шағын кемелердi де бiлдiредi;
Тармақша b
b) гидроглиссерлер, плоттар, паромдар мен понтондық көпiрлердiң жылжымалы бөлiктерi, сондай-ақ жер қазғыштар, көтергiштер, элеваторлар мен барлық жүзетiн құралдар немесе сол тектi тетiктер кемелерге теңестiрiледi.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Зиянды өтеу мiндеттемесi, егер зиян кiнәнiң салдары болып табылған жағдайда ғана болады. Кiнәнiң заңды презумпциясы жоқ.
Тармақ 2
2. Егер зиян жағдайдың салдары болып табылса, егер ол дүлей күш жағдайларынан туындаса, немесе оның себептерiн анықтау мүмкiн болмаса, зиян одан жәбiрленушi тұлғаларға түседi.
Тармақ 3
3. Бiрнеше кемелердi сүйреген жағдайда олардың әрқайсысы ол кiнәлi болған жағдайда жауапты болады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Егер зиян бiр кеменiң кiнәсiнен келтiрiлген болса, оны өтеу осы кемеге түседi.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Егер екi кеме немесе бiрнеше кемелер өз кiнәсiнен зиян келтiруге тең қатысқан жағдайда олар тұлғаларға, сондай-ақ осы кемелердiң бортындағы кiнәсiз кемелер мен заттарға келтiрiлген зиян үшiн ортақ жауап бередi, бiрақ осы кiнәлi кемелердiң бортындағы басқа да кемелермен заттарға келтiрiлген зияндарға ортақ емес.
Тармақ 2
2. Егер ортақ жауапкершiлiк болмаған жағдайда зиян келтiруге өз кінәсiмен қатысқан кемелер жәбiрленушiлердiң алдында олардың әрқайсысының кiнәсiнiң мағынасына қарай жауап бередi; алайда егер жағдайға қарай ара қатынас белгіленуi мүмкiн болмаса немесе жасалған қатерлiктер тең дәрежеде болса, олар тең шамада жауапты болады.
Тармақ 3
3. Ортақ жауапкершiлiк болған кезде, әрбiр жауапты тұлға осы баптың 2-тармағында анықталғанға тең өзiне кредитор төлемінiң бiр бөлiгiн алады. Өз үлесiнен артық төлейтiн кеме өз үлесiнен кем төлеген борыштастарға осы артыққа қатысты талап-арыз бepугe құқылы. Борыштастардың бiрiнiң төлем қабілетсiздiгiне байланысты туындаған шығын осы баптың 2-тармағында белгiленген ара қатынастың негiзінде басқа борыштастардың арасында бөлiнедi.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Алдыңғы баптармен белгiленген жауапкершiлiк, егер соқтығыс, тiптi лоцмандық өткiзбе мiндеттi болғанда да, лоцманның кiнәсiнен болған жағдайда да күшiнде қалады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Зиянды өтеу туралы талап-арызды ұсыну үшiн қандай да бiр аддын-ала арнайы нысаншылықтарды орындау талап етілмейдi.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Зиянды өтеу туралы талап-арыз бойынша оқиға болған күннен бастап есептегенде заңды мерзiм екi жылға белгiленедi.
Тармақ 2
2. Керi кету талап-арызын ұсыну үшiн мерзiм бiр жылға белгіленедi. Ескiру ағымы ортақ жауапкершілiк сомасын белгiлейтiн соңғы сот шешiмiн енгiзген күннен, не осындай шешiм болмағандықтан керi кету талап-арызын ұсынуға себеп болатын төлем күнiнен бастап басталады. Дегенмен төлеуге қабылетсiз борыштастың бөлiгiн бөлуге катысы бар талап-арыз беруге қатысы көне мерзiмi талап етуге құқығы бар тұлға борыштастың төлемге қабiлетсiздiгі туралы хабардар болған сәттен басталуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Аталған көне мерзiмдер ағынының үзілісi және уақытша тоқтатылуы iстi қараушы соттың заңымен белгіленедi.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Осы Конвенцияның ережелерi кеме иеленушiлердiң, кеме иелерінiң, кеме иелерiнiң және тасымалдаушылардың жауапкершiлiгiне қатысты, кеменiң тоннаж негiзiндегi шектеулер, оның машиналарының немесе оның құндылықтарының қуаты немесе кемеден бас тарту мүмкiндiктерiнен туындайтын шектеулер сияқтыларғы халықаралық конвенциялар мен мемлекетiшiлiк заңдарда белгiленетiн жалпы сипаттағы шектеулерге әсер етпейдi. Олар, сондай-ақ тасымалдар шартынан немесе өзге де әртүрлi шарттардан туындайтын мiндеттемелердiң мағынасын түсiрмейдi.
Тармақ 2
2. Осы Конвенцияның ережелерi радиоактивтiк заттардың немесе бiр уақытта радиоактивтiк және улы заттардың, сондай-ақ жарылғыш немесе өзгеше мағынада ядролық отынның қауiптi заттары немесе радиоактивтi өнiмдер мен қалдықтардың тiкелей немесе жанама нәтижелерi болып табылатын шығындардың орнын толтыруға қолданылмайды.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияға қол қою немесе бекiту немесе оған қосылу кезiнде:
Тармақша а
а) ол өзiнің заңнамасында немесе халықаралық шарттарында, осы Конвенцияның ережелерi тек мемлекеттiк өкiметтiң функцияларын орындау үшiн арналған кемелерге қолданылмайтынын көздеу құқығын өзiне қалдыратынын;
Тармақша b
b) өзiнiң заңнамасында осы Конвенцияның ережелерiн кеме қатынасы тек осы елдiң кемелерiне рұқсат етiлетiн су жолдарында қолданылмайтынын көздеу құқығын өзiне қалдыратынын жариялай алады.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тармақ 1
1. Осы Конвенция қол қою үшiн немесе Еуропалық Экономикалық Комиссиясының мүше-елдерi үшiн осы Комиссия жүргiзу өрiсi 8-тармаққа сәйкес кеңесушілік дауыс құқығымен рұқсат етілген елдердiң оған қосылуы үшiн ашық.
Тармақ 2
2. Оның жүргiзу өрiсi туралы ереженiң 11-бабына сәйкес Еуропалық Экономикалық Комиссиясының кейбiр жұмыстарына қатыса алатындар осы Конвенцияға, оның күшiне енуi бойынша қосылу арқылы Уағдаласушы Тараптары бола алады.
Тармақ 3
3. Конвенция 1960 жылдың 15 маусымына дейiн қол қою үшiн ашық болады. Осы күннен кейiн оған қосылу үшiн ашық болады.
Тармақ 4
4. Осы Конвенция бекiтуге жатады.
Тармақ 5
5. Бекiту немесе қосылу актiлерi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға берiледi.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Осы Конвенция 10-баптың 1-тармағында көрсетiлген 5 ел өздерiнiң бекiту немесе қосылу актілерiн бергеннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Конвенцияны бекiтетiн немесе оған қосылатын әрбiр елге қатысты бес ел өздерiнiң бекiту немесе қосылу туралы актiлерiн берiсiмен, осы Конвенция осы ел бекiту немесе қосылу туралы грамотасын бергеннен кейiн тоқсаныншы күнi күшіне енедi.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тармақ 1
1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданған нотификация арқылы кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның күшiн жоя алады.
Тармақ 2
2. Күшiн жою Бас Хатшы жоғарыда аталған нотификацияны алғаннан кейiн он екi айлық мерзiм өтiсiмен күшiне енедi.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Егер осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн Уағдаласушы Тараптардың саны күшiн жою салдарынан бестен кем болса, осы Конвенция күшiн жоюдың соңғысы жарамды болған күннен бастап күшiн жоғалтады.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Екi немесе бiрнеше Уағдаласушы Тараптардың арасындағы келiссөздер немесе басқа да тәсiлдермен шеше алмайтын осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты әртүрлi даулар мүдделi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң өтiніші бойынша Халықаралық Сотқа олар шешуi үшiн берiледi.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Тармақ 1
1. Әрбiр ел осы Конвенцияға қол қою немесе бекiту грамотасын немесе қосылу актiсiн беру кезiнде дауларды Халықаралық Сотқа беруге қатысты Конвенцияның 14-бабымен өзiн байланыстымын деп санамайтынын жариялауы мүмкiн. Басқа Уағдаласушы Тараптар осындай ескертпе жасайтын барлық Уағдаласушы Тараптарға қатысты 14-баппен байланысты болмайды.
Тармақ 2
2. 1-тармаққа сәйкес ескертпе жасаған әрбiр Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданған нотификация арқылы оны кез келген сәттен керi қайтарып ала алады.
Бап 16. 16-бап
16-бап
Осы Конвенцияның 9-бабының "а" және "b" тармақтарында және 15-бабында көзделген ескертпелердi қоспағанда осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге рұқсат етiлмейдi.
Бап 17. 17-бап
17-бап
Тармақ 1
1. Осы Конвенцияның үш жылдың қолданысынан кейiн кез келген Уағдаласушы Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жолданған нотификация арқылы осы Конвенцияны қайта қарау мақсатымен кеңес шақыру туралы өтiнiш ұсына алады. Бас Хатшы барлық Уағдаласушы Тараптарға осы өтiнiш туралы хабарлайды және егер оның хабарлағанынан кейiн төрт айлық мерзiм iшiнде кемiнде Уағдаласушы Тараптардың төрттен бiрi оны осындай кеңестi шақыруға өзiнiң келiсiмi туралы хабардар етсе, Конвенцияны қайта қарау үшiн кеңес шақырады.
Тармақ 2
2. Егер кеңес алдыңғы тармаққа сәйкес шақырылса Бас Хатшы оларды кеңесте қарау қажет деп санайтын ұсыныстарды үш айлық мерзiмде хабарлауларын өтiнiп бұл туралы барлық Уағдаласушы Тараптарды хабардар етедi. Аз дегенде кеңестiң ашылуына үш ай қалғанда Бас Хатшы барлық Уағдаласушы Тараптарға кеңестiң күн тәртiбiн, сондай-ақ осы ұсыныстардың мәтiнiн хабарлайды.
Тармақ 3
3. Бас хатшы осы бапқа сәйкес шақырылған кез келген кеңеске 10-баптың 1-тармағында көрсетiлген барлық елдердi, сондай-ақ 10-баптың 2-тармағының негiзiнде Уағдаласушы тарап болған елдердi шақырады.
Бап 18. 18-бап
18-бап
17-бапта көзделген нотификациялардан басқа Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы 10-баптың 1-тармағында көрсетiлген елдерге, сондай-ақ 10-баптың 2-тармағының негiзiнде Уағдаласушы Тарап болған елдерге мыналар туралы хабарлайды:
Тармақша а
а) 9-баптың "а" және "b" тармақтарына сәйкес жасалған өтiнiштер туралы;
Тармақша b
b) 10-бапқа сәйкес бекiту және Конвенцияға қосылу туралы;
Тармақша с
с) 11-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiне ену күнi туралы;
Тармақша d
d) 12-баптың күшiне күшiн жою туралы;
Тармақша e
e) 13-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшiн жоғалту туралы;
Тармақша f
f) 15-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес алынған өтiнiштер мен нотификациялар туралы.
Бап 19. 19-бап
19-бап
Осы Конвенция бiр дана болып орыс және француз тiлдерiнде жасалды. Оған немiс және ағылшын тiлдерiндегi мәтiн де қоса берiледi. Осы Конвенцияға қол қою немесе бекiту грамотасын немесе қосылу туралы актiнi беру сәтiнде кез келген тарап не француз немесе орыс мәтiндерiн, не болмаса ағылшын немесе немiс мәтiндерiн қабылдайтынын жариялай алады. Осындай жағдайда аталған мәтiн сол құқықты пайдаланған және сол мәтiндi қабылдаған Уағдаласушы Тараптардың арасындағы қарым-қатынастарда да қолданымды болады. Барлық басқа да жағдайларда француз және орыс мәтiндерi бiрдей болып табылады.
Бап 20. 20-бап
20-бап
1960 жылдың 15 маусымынан кейiн осы Конвенцияның түпнұсқасы, оған ағылшын және немiс тiлдерiнде қоса берiлген мәтiндер сияқты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады, ол тиiстi түрде осы түпнұсқаның және 10-баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген елдердiң әрқайсысының осы ағылшын және немiс тiлдерiндегi расталған көшiрмелерiн жолдайды.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ YШIН соған тиiстi түрде уәкiлеттi болған төменде қол қоюшылар Женевада бiр мың тоғыз жүз алпысыншы жылғы он бесiншi наурызда осы Конвенцияға қол қойды.